Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИШ - SARCOMASTIGOPHORA



Pdf көрінісі
бет14/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИШ - SARCOMASTIGOPHORA
Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік 
ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе 
талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойдтарының 
құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: 
саркодиналар - Sarcodina және талшықтылар -Mastigpphora.
САРКОДИНАЛАР КЛАСЫ - SARCODINA
Саркодиналардың 10 000-нан аса түрлері белгілі, теңіздерде, 
тұщы суларда, ылғалды топырақтарда жиі кездеседі.
Адамның және жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік 
ететін түрлері де бар. Барлық өкілдері жалған аяқтары, яғни псевдо­
подиялары арқылы қозғалады.
27


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Саркодиналар үш класс тармағына бөлінеді: тамыраяқтылар - 
Rhizopoda, сәулетәрізділер 
Radiolaria, күнтәрізділер 
Heliozoa.
ТАМЫРАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - RHIZOPODA
Тамыраяқты класс тармағы 
Rhizopoda үш отрядқа бөлінеді: 
амебалар -Amoebina, қабыршақты амебалар 
Testacea және 
фораминифералар Foraminifera.
Амебалар отряды 
Amoebina
Амебалардың негізгі белгілері: денесінің тұрақты пішіні, қалың 
қабыршағы, қаңқасының болмайтындығы. Денесінің кез келген 
жерінен уақытша цитоплазма өсінділерін 
жалған аяқтарын 
шығаратын қасиеттері болады, өкілдерінің жалған аяқтары 
(псевдоподиялаоы) әр түрлі пішінді болып келеді: саусақтәрізді, 
мысалы, Amoeba DroteuS жебе тәрізді ■
A. cristalica және басқалары.
Амебалардың мөлшері әр түрлі 
10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін. 
Ядролары біреу немесе көп болуы мұмкін. Мысал ретінде кәдімгі 
амеба Amoeba proteus-тың құрылысымен танысамыз.
A. proteus 
тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, 
топырақтарда көп тараған. Клеткасының көлемі 
0,5 мм. Денесі 
сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталынған. Цитоплазма екі 
қабат түзейді, ашық түсті, мөлдір сыртқы 
эктоплазма, және 
коңырқай келетін, түйіршікті ішкі - эндоплазма Ц2-сурет). 
Цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органойдтар 
орналасқан.
Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялары арқылы 
қозғалады. Бұлар денесінің сыртында өсінділер ретінде пайда болып, 
сол өсінділердің бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, 
жуан, жіңішке немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда 
болады, сондықтан амебаның тұрақты пішіні де болмайды.
Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ 
қарапайымдылармен фагоцитоз жолымен қоректенеді. Қорек зат- 
тарын жалған аяқтарымен орап алып, цитоплазманың ішіне тартады, 
содан кейін ас қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер 
арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына 
өтеді де, қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. 
Амебалар қорек заттарын денесінің кез келген жерінен ұстап


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет