ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
НЕМЕРТИНДЕР КЛАСЫ - NEMERTINI
Қ ұры лы сы мен физиологиясы. Денесі созылыңқы, ұзарып
қысқаруға қабілетті, ұзындығы 1-2 см-ден 2 м-ге дейін, кейде тіпті
30 м-ге де жететін түрлері кездеседі (Lineus longissimus). Көпшілігінің
түсі қаралау, сонымен қатар жасыл, ала, алқызыл, ашық қызыл,
сұрғылт түсті де болады.
Денесін турбелляриялардай сияқты цилиндр тәрізді клеткалардан
тұратын бір қабатты кірпікшелі эпителий жауып жатады. Мұнда
көптеген кілегейлі без клеткалары орналасқан.
Эпителидің астыңғы жағында денеге белгілі тірек болатын және
бұлшықеттерді бекітетін жұқа базальды мембранасы және бұлшықет
талшықтарынан құралған тері-бұлшықет қапшығы орналасқан.
Бұлшықеттерінің орналасуы маңызды жүйелік белгісі. Қапшықтың
ең жоғарғы беттерінде сақина тәрізді, одан ішкері ұзына бойы
созылған бұлшықеттер орналасқан. Кейбір немертиндерде сыртқы
эпителий мен сақина тәрізді бұлшықет қабатының арасында тағы
бір ұзына бойы созылған, сонымен қатар арқа-құрсақ (дорзо-вен-
тральды) бұлшықеттер түйіні болады. Ішкі мүшелер араларын парен
хима толтырып жатады.
Ac қоры ту жүйесі. Немертиндердің ішегі ауыз тесігінен
басталып аналь тесігіне дейін ұзына бойы созылып жатады. Ауызынан
кейін қысқа эктодермальды алдыңғы ішек өтіп, ол ұзын энтодер-
мальды ортаңғы ішекке жалғасады. Оның екі жағында метамерлы
қайталанып тұратын жұп қалташа тәрізді өсінділері болады. Ортаңғы
ішек эктодермальды артқы ішекке айналып, ол аналь тесігімен
аяқталады (72-сурет). Ac ішектің қуысында және клетка ішіңде
қорытылады. Артқы ішектің және аналь тесігінің пайда болуы
немертиндердің ерекше белгісі.
Немертиндер жыртқыш жануарлар. ¥ сақ құрттармен, шаян-
тәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Өз қорегін тұмсығы
арқылы ұстап, оларды тұмсығының эпителий бездерінен бөлінетін
улы сөлдерімен жансыздандырады немесе үшкір ине тәрізді
стилеттері арқылы өлтіреді. Тұмсығы сонымен қатар қорғаныш
қызметін де атқарады. Ол денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық
қынабы
ринхоцелом деп аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді
оралып жатады. Қуыстың бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсығы теріс
аударылған қолғап саусағы тәрізді сыртқа созылып шығады. Созыл-
ған күйінде ұзын түтікшеге ұқсас. Тұмсық ринхоцелом қуысына
ретрактор деп аталатын бұлшықеттің көмегімен қайта тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: