ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
корацидий, кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, дене
қуысына түседі де, процеркоид личинкасына айналады. Балықтар
(тұқы тәрізділер) процеркоиды бар циклоптарды жұтқан кезде
олардың ішегінде процеркоидтар босап, ішегін тесіп балықтың ішкі
қуысына түсіп плероцеркоид личинкасына айналады. Плероцер-
коидтың ұзындығы 60-80 см-ге дейін жетеді. Балықтар лигулез
ауруымен ауырады. Қүстар плероцеркоиды бар балықтарды жұт-
қанда өзіне жұқтырады. Олардың ішегінде плероцеркоид ересек
құртқа айналып, зақымдай бастайды.
К а р и о ф и л и д е а о т р я д ы - C a r y o p h y l l i d e a
Бұл отрядтың негізгі өкілі Caryophyllaeus laticeps қалампыршы.
Денесі буындалмаған, бір ғана жыныс жүйесі болады, сколексі
дамымаған. Личинкасы
процеркоид. Ересек формасы тұқы балық-
тардың ішегінде, ал процеркоид личинкасы азқылтанды буылтық
кұрттың қуысында тіршілік етеді.
Т е т р а ф и л и д е а о т р я д ы - T e t r a p h y ll id e a
Сколексі күшті дамыған, төрт күрделі келген ботридиялары қысқа
сабақшаларда орналасқан. Денесінің ұзындығы 10-30 см. Ересек
түрлері жайын балықтарының, қосмекенділердің, бауырымен
жорғалаушылардың ішегінде тіршілік етеді.
Достарыңызбен бөлісу: