ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Дың эволюциялық дамуы бірнеше бағытта жүрген болуы мұмкін. Сірә
қазіргі уақыттағы паразиттік тіршілік ететін жалпақ құрттар мен тік
ішекті турбелляриялар ортақ бір арғы тектен, морфологиялык
жағынан жақын еркін қозғалатын формалардан бастама алған болар.
Бұларда эволюциялық дамуы үш бағытта жүрген:
бір бұтағы қазіргі
кездегі кірпікшелілерге алып келген, қалған екеуі паразиттік тірші-
лік етуге бейімделу бағытында болған (сорғыштар мен таспа
құрттар).
Еркін қозғалатын жануарлардың паразиттік тіршілікке ауысуы
бірнеше бағытта өтуі мүмкін. Бұл жерде симбиоз түрі маңызды орын
алады. Мысалы, суда (немесе теңізде) өз бетінше тіршілік етіп жүрген
кішкене құрттар белгілі бір жағдайлармен өзінен ірі жануардың (ба-
лықтың) денесін паналайды. Алғашқы кезде сол жерлерде жиналған
ұсақ
омыртқасыздармен, балық денесіндегі сілекеймен қоректенеді.
Қоректің үнемі жетіспеушілігінен, олар балық денесін жарақаттап,
ондағы таусылмас қорек қорын пайдалана бастайды. Иесінің қаны-
мен, тканьдерімен қоректенуге көшіп, олар нағыз паразиттерге
айналады.
Ертедегі моногенейдің паразитизмге көшуі шеміршекті балық-
тардың (химер және акула)
шығуымен байланысты, яғни силур мен
девон дәуіріне сәйкес келеді. Monogenoidea класының эволюция-
сының негізгі бағыты иесінің денесіне бекінуін қамтамасыз ететін
мүшесінің дамуымен анықталады.
Эволюция барысында балықтардың желбезектерінде паразиттік
тіршілік еткен құрттар иесінің ауыз қуысы мен ас қорыту жолына
біртіндеп көшу процесі де болған. Филогенездегі
бүл эктопара-
зитизмнен
иесінің ішегіне, ішкі мүшелеріне паразиттік тіршілікке
көшудің негізгі жолы. Тек осындай жолмен ғана ертедегі моногенея
тәрізді арғы тектерден цестода мен цестодатәрізділер пайда бола
алады. Соңғысының маңызы ерекше, себебі химердің ішегінде
паразиттік тіршілік ететін Gyrocotyle-нің құрылысындағы моногене-
тикалық сорғыштар мен таспа құрттардың
құрылысына ұқсастық
белгілерінің болуы таң қалдырады. Gyrocotyle екі класс Monogen
oidea мен C estoda-нын, арасындағы сатысы деп қарастыруға
болады.
Сорғыштар (Trematoda) класының өкілдері құрылысы жағынан
және еркін өмір сүретін личинкаларының (мирацидий) эпителиінде
кірпікшелі түкшесінің болуы, олардың кірпікшелі құрттармен фило-
187
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
генетикалық байланыстары бар екендігін де дәлелдейді. Бұл
ұқсастықтарына қарағанда сорғыштардың
кірпікшелі құрттардан
шыққаны, оның ішінде тік ішекті (Rhabdocoela) турбелляриялардан
шыққаны анық. Бірақ трематодтардың тіршілік циклі паразитизмге
бейімделушілік бағытына қарай жүрген. Алғашқы кезде дигенети-
калық сорғыштардың турбелляриге ұқсас личинкалары қорғаныш
ретінде моллюскалардың сауыттарын қолданып, симбиоз ретінде
тіршілік еткен болуы мүмкін. Соның нәтижесінде
олар моллюскалар
желбезегіне тіркеліп, сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғана
отырып, иесінің мүшелерін қорек қоры ретінде пайдалану бағытына
қарай жүрген. Бұл трематодтарды эволюциялық жаңа бағытпен
дамытты. Трематодтардың алғашқы филогенетикалық иесі моллюс
калар болуы тиіс. Трематодтардың арғы тектерінде еркін қозғалатын
ұрпақ сақталатындықтан, тіршілік циклінде
екі жыныс ұрпақтарының
алмасуы болады (моллюскалар мен омыртқалылар). Гермафродитті
ұрпақтың паразиттік тіршілікке кеш көшуі
жалпақ кұрттарға тән
құрылыс ерекшеліктерін сақтап қалуына эсер етті (ас қорыту, зәр
шығару, жыныс, нерв жүйесін).
Достарыңызбен бөлісу: