Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет141/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Картоп сабақ нематодасы 
- Ditylenchys destructor картой түйне- 
гінің паразиті. Картоп өсірілетін аудандарда кең таралған. Денесі 
жіп тәрізді, жіңішке, ұзындығы 1 мм-ге жуық, ұдайы қозғалып жүретін 
құрт. Олардың өсіп дамуы картоп түйнегінің ішінде өтеді, сондықтан 
түйнек біртіндеп құрғақ шірік тәрізді болып бұзылады. Әсіресе, 
картоп өнімін қоймада сақтау кезінде қозады, картоп түйнектерінің 
бәрін шірітіп жіберуі мүмкін.
Паразиттердің басқа картопқа өтуі зақымдалған картопты 
отырғызғаннан болады, сондай-ақ құрттар топырақ арқылы да 
таралады. Олар өсімдік жаңа өсіп келе жатқан кезде тамырына, кейін- 
нен түйнектеріне өтеді.
Бұлармен күресудің басты шарты 
картопты қоймаға сақтау 
алдында қойманы дезинфекциялап, картопты мұқият сұрыптап, 4- 
5°С-дан аспайтын температурада сақтау керек (нематоданың дамуы- 
ның ең қолайлы температурасы 20-25°С), Картопты отырғызғанда 
да зақымдалмаған түйнектерді іріктеп алу және картоптың ауруға 
төзімді сорттарын отырғызу қажет.
Spirurida отряды. 
Өкілдері тропикалық, субтропикалық елдерде 
кең тараған, адамның және жануарлардың қауіпті паразиттері. 
Маңызды өкілдері Filariidae тұқымдасынан: ришта - Dracunculus 
medinensis; Банкрофт жіпшесі Wuchereria bancrofti.
Ришта - Dracunculus medinensis 
ақшыл түсті, жіп тәрізді
жіңішке құрт, аналығының ұзындығы 32-100 см, аталығы 2 см (83- 
сурет). Риштаның дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек 
түрлері адамның терісінің астындағы дәнекер тканінде тіршілік етіп, 
денені іріңдетіп (ойық жара) жарақаттайды. Іріңнің ішінде аналығы 
шумақталып, бүктетіліп жатады. Ауызы ашылған жарадан, іріңмен 
бірге личинкалар сыртқа шығып тұрады. Ары қарай дамуы үшін 
личинкалар суға түсіп, аралық иесі циклоптың (шаянтәрізділер) 
денесіне түседі. Циклоптың ішек қабырғасын тесіп, дене қуысында 
микрофилярия деп аталатын келесі личинка сатысына айналады. Егер 
де, адам сумей бірге циклопты жұтса, онда микрофилярия адамның 
ішегін тесіп, қан тамырлары арқылы тері астының дәнекер тканіне 
еніп, сол жерде мекендеп ересек формасына айналады.
218


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
83-cypem .
Паразитті нематодтар: А - ришта (Dracunculus medinensis), аналығы; 
Б - циклоптың ішіндегі риштаның личинкасы; В - Банкрофт нематодасының 
зардабынан пайда болған элефантиазис (“піл ауруы”) ауруы
Ришта қоздыратын аурулары дракункулез деп аталады. Бұл ауру 
Африка елдерінде, Үндістанда, Иранда, Қызыл теңізі және Ніл 
жағалауларында, сондай-ақ Орта Азияда таралған. Ауру адам іріндеп 
жарақаттанған аяғын, қолын сумей жуу арқылы личинкаларды суға 
ағызып, олардың кең таралуына себепкер болады.
Риштаға қарсы бағытталған комплексті және жоспарлы шара- 
ларды мұқият қолданғанның нәтижесінде дракункулез ауруы ТМД- 
да түгелімен жойылды. Адам, жануарлар және өсімдіктердің гель- 
минтоздық ауруларының қоздырғыштарын жоюға бағытталған 
белсенді шараларды девастация деп атайды. Атақты гельминтолог 
К. И. Скрябин осы салада көптеген ғылыми еңбектерді жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет