ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Топырақ арасына түскен личинкалар
өсімдіктердің тамырына
өтеді. Осы жерде олар тамырдың шырынымен қоректеніп, төрт рет
түлеп, өседі. Личинкалардың келтірген зардабынан (шығарған
ферменттерінің әсерінен) өсімдіктің тамыр тканьдері, қалыптан тыс
ұлғайып өсіп, тамырларының үстінде бұзғынша (галла)
деп аталатын
көптеген ісіктер пайда болады (81, Г сурет). Бұл ісіктер біртіндеп
үлкейе береді. Алғашқы кезде олар қатты, кейіннен көпсіп, шіріп
жұмсарады. Осы бұзғыншаның ішінде личинкалар өсіп ересек түріне
айналады. Аналықтары жұмыртқасын
арнайы бездердің бөлінуінен
пайда болған оотека деп аталатын жұмыртқа қапшығына салады.
Дамыған личинкалар оотекадан шығып, шіріген бұзғыншаны тастап,
топыраққа немесе басқа өсімдіктердің тамырына өтеді.
Бұзғынша нематодасымен зақымданған өсімдіктер өспей, ерте
солып қалады. Оларға қарсы әрекеттердің бастысы ауруға төзімді
сорттарды
таңдап алу, арам шөптерді құрту, топыраққа нематоцид
препараттарын шашу, жабық жайлар (парник) топырақтарының
температурасын жоғары көтеру.
Қызылша нематодасы - Heterodera schachtii
көкөністік, мал
азықтық, техникалық және қант
қызылшасының тамырын зақым-
дайтын паразит.
Қызылша нематодасы, бұзғынша (галла) нематодасы сияқты
жыныстық диморфизмімен ерекшеленеді. Аталықтары жіп тәрізді,
жіңішке, ұзындығы 1,0-1,2 мм, аналықтары лимон тәрізді,
ұзындығы
0,8-1,3 мм (81-сурет).
Топырақ арасына түскен личинкалар қызылша тамырының
түбіршіктеріне өтеді. Осы жерде личинкалар қоректеніп, бірнеше
рет түлеп, өсіп, ересек түріне айналып, ұрықтанады. Жұмыртқалары
сыртқа шығарылмай аналығының ішінде дамиды.
Сондықтан денесі
үлкейіп, кутикуласы қалындап, қоңыр түсті, лимон тәрізді цистаға
айналады. Дамыған личинкалар цистаны тастап, топыраққа түсіп,
басқа қызылша тамырларына өтеді.
Зақымданған қызылшаның жапырақтары солып,
сарғайып
қурайды, тамыр - жемісінің құрамындағы қанттық проценті азайып
және өнімділігі төмендейді.
Құрттар, қызылша өсірілетін аудандарда кең тараған. Қазақстан
үшін карантин объектісі. Қызылша нематодасына қарсы бағытталған
агротехникалық шараларды дұрыс қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: