Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Бидай нематодасы - Anguina tritica



Pdf көрінісі
бет140/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Бидай нематодасы - Anguina tritica 
бидай және басқа да астық 
тұқымдастар дақылдарының кең таралған зиянкестерінің бірі және
216


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
82-cypem .
Бидай нематодасы (Anguina tritica): A - аналығы; Б - нематодамен 
зақымданған бидай өсімдігі; В - бұзғыншалар (галла); Г - зақымданбаған масақ; 
Д - нематодамен зақымданған масақ
фитонематодтар ішіндегі ең ірісі. Аналығының ұзындығы 5 мм, 
көлденеңі 0,2 мм.
Топырақ арасына түскен личинкалар бидайдың сабағына өрме- 
леп, бидай жапырағының қолтығына шоғырланып, кейін бидай жас 
масақ тарта бастағанда гүл түйініне өтеді. Сол жерде, личинкалардың 
паразиттік тіршілік әрекетіне байланысты, өсімдік клеткаларынан 
бұзғыншалар (галла) түзіледі. Бұзғыншаның ішінде личинкалар 
өсімдік шырынымен қоректеніп, өсіп ересек түріне айналады да, 
ұрықтанып, жұмыртқа салады (15000-17000-ға жуық). Жұмыртқа- 
лардан шыққан личинкалар бірнеше рет түлеп, инвазиялық сатысына 
ауысады. Құрғап кеткен бұзғыншаның ішінде бұлардың тіршілік 
уақыты анабиоз күйінде өтеді және осы жағдайда 20 жылға дейін 
өлмей өмір сүре алады.
Бұзғыншалар бидай тұқымымен бірге жерге себіледі де, оның 
ішінен личинкалар шығып, топырақ арасына таралады. Топырақ ара­
сына түскен личинкалар басқа өсімдіктерге өтіп дамуын қайталайды. 
Сондықтан бидайды себу алдында оның тұқымдарын мұқият тазалау 
қажет.
Нематодамен зақымданған өсімдіктің негізгі белгісі: бидайдың 
сабағы өспей, жапырақтары бүрісіп қалады және көптеген бұз- 
ғыншалар (галла) пайда болады. Бұзгыншалар пішіні және үлкендігі
217


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
жағынан бидайдың сау дәндеріне ұқсас, бірақ түсі қоңыр және үсті 
бұдыр-бұдыр болады (82-сурет).
ТМД елдерінде Қырым, Кавказ, Балтық теңізі жағалауларында, 
Украинада және Орта Азия республикаларында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет