ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
бірі кигізілген қос дөңгелек сияқты орналасады да, қозғалған кезде
айналып тұрған дөңгелектің сым шабағы (спица) сияқты көрінеді.
Латынша “rota” дөңгелек, “fera”, “toria” кию, тасу (rotifera, rotatoria
дөңгелек тасушы). Кластың аты осыған сәйкес қойылған және бұлар
басқа кластардан осы айналмалы аппаратымен ерекше. Айналмалы
аппаратының кірпікшелері үнемі қозғалыста болып, жәндіктің суда
қозғалуын және суда толқын туғызып ауызына ұсақ жәндіктерді
әкелуіне қызмет етеді. Айналым аппаратының формасы өзгергіш.
Кейбір коловраткаларда екі шеңберлі кірпікшелерінің орнына ауызды
айнала қоршаған кірпікшелі алаң (Notommatidae тұқымдасында)
немесе қалақты доңғалақ (Floscularia туысында), немесе созылыңқы
қармалауыштар шоғыры (Stephanoceros туысында) орналасады.
Арнайы бұлшықеттер
ретракторлардың көмегімен бас бөлімі
қозғала алады, яғни дене (қуысының) ішіне тартылып, қайтадан
сыртқа созылып шығады.
Дене бөлімі созылыңқы, цилиндр, қапшық тәрізді немесе жалпақ
(арқа - құрсақ немесе екі бүйірі жағынан қабысқан), сыртынан
сауытпен немесе қабықты түтікпен қапталған.
Аяқ бөлімі дененің бұлшықетгі өсіндісі. Ол буынды қабықшамен
қапталып, жылжымалы екі саусақтан тұрады. Саусақтың ұшында
кілегейлі заттар шығаратын цементті бездері орналасқан. Осының
көмегімен көптеген коловраткалар уақытша, кейбіреулері тұрақты
түрде су асты заттарына бекініп тұрады. Аяғында ұзына бойы және
сақина тәрізді бұлшықеттері жақсы дамыған.
Коловраткаларда нағыз кутикула және тері-бұлшықет қапшығы
болмайды. Тері жамылғысы синцитиялы бір қабат эпителиден
(гиподермадан) және тығыз орналасқан талшықты заттардан кура-
лады. Коловраткалардың дене формасын сақтауы және сауыттары-
ның, түтікшелерінің түзілуі осы қабатқа байланысты. Көлденең
бұлшықеттері тұтас қабат жасамай денеде топтасып орналасады да,
оның қозғалуын қамтамасыз етеді. Ішкі мүшелері алғашқы қуыстың
(схизоцель) ішінде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: