Ac қорыту жүйесі
бас бөлімінің алдыңғы жағындағы кірпікшелі
айналым аппаратының ортасында ауыз тесігінен басталып, ауыз
қуысына және кеңейген бұлшықетті жұтқыншақтың шайнағыш -
мастакс (mastax) деп аталатын бөліміне жалғасады. Мастакстың ішкі
бетін хитин қабаты жапқан және осыдан қатты хитинді тақталар
түзіледі, олар төс пен балғашық. Бұлар диірмен тасы сияқты үйлесімді
қозғалып қорек заттарды ұнтап, өңеш арқылы үлкен энтодермальды
22 8
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
86-cypem.
Коловраткалар (A - арқа жағынан, Б - бүйір жағынан):
1 - қылтанақ, 2 - айналмалы аппараты, 3 - ауыз тесігі, 4 - мастакс, 5 - сілекей бездері,
6 - өңеш, 7 - қарын бездері, 8 - қарын, 9 - аналық без, 10 - протонефридия,
11 - артқы ішек, 12 - қуық, 13 -клоака тесігі, 14 - кілегейлі бездері,
15 - аяк ганглиясы, 16 - аяғының саусақтары, 17 - клоака, 18 - арқа қылтанағы,
19 -жүтқыншак үсті ганглиясы, 20 - бірінші қуыс (схизоцель)
қарынға бағыттап отырады. Қарынның ішіндегі қорытылған заттар
денеге тарап, қалдықтары артқы ішекке өтеді. Оның артқы ұшы
кеңейіп клоакаға айналады. Ac қорыту жүйесінде жұтқыншаққа
ашылатын сілекей безі және қарынға ашылатын ас қорыту безі жақсы
жетілген (86-сурет). Кейбір түрлерінде (Asplanchna, Ascomorpha,
Chromogaster туысынан) артқы ішегі жойылып, тұйық бітетін
қарынның ішіндегі қорытылмаған қалдық заттар ауыз арқылы сыртқа
шығарылады.
229
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Коловраткалардың қорегі: бактериялар, көк-жасыл балдырлар,
детрит. Жыртқыш түрлері ұсақ қарапайымдыларға, басқа колов-
раткаларға шабуыл жасайды.
Зәр шығару жүйесі
протонефридиялы. ¥штарында кірпікшелер
шоғыры бар, дененің бүйірі арқылы өтетін екі негізгі түтіктердің
артқы ұшы қуыққа айналып, ол клоакаға ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |