ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тардан ерекше. Даму жолында екі түрлі ұрпақтың алмасуы немесе
гетерогония байқалады: партеногенетикалық және қос жынысты. Бұл
жағдайда партеногенетикалық ұрпақтар амиктикалық жұмыртқа
(хромосомалары диплоидты) және миктикалық (хромосомалары
гаплоидты) деп аталатын екі түрлі жұмыртқа салады.
Әдетте көктемде қыстап шыққан жұмыртқадан аналық коло
вратка шығып, ол ұрықтанбай партеногенетикалық жолмен
амиктикалық жұмыртқаларды салады. Олардан партеногенетикалық
аналықтары шығып, амиктикалық жұмыртқаларды салады да,
осындай
даму процесі көктем, жаз бойы жүреді де, партеноге-
нетикалық аналықтарының бірнеше ұрпақтары пайда болады. Бұдан
кейін күз айында амиктикалық жұмыртқадан шыққан аналығы
бүрынгыдан 2-3 есе кіші миктикалық жұмыртқаларды салады, олардан
өте ұсақ аталықтары шығады да, аналықтарымен шағылысып, содан
кейін өздері өледі. Осыған байланысты ас
қорыту және зәр шығару
мүшелері аталықтарында нашар дамыған. Ұрықтанған аналықтары
енді тыныштық күйдегі жұмыртқаларды салады. Олар ірі, қалың
қабыршақтармен қапталған, дамуына бірнеше айдан бір жылға дейін
уақыт қажет. Тыныштық күйдегі жұмыртқалар қыстап шығады да,
көктемде
олардан тек аналықтары шығып, партеногенетикалық
жолымен амиктикалық жұмыртқаларды салады да, тіршілік циклі
қайтадан басталады (87-сурет). Сөйтіп бір циклдін ішінде екі түрлі
ұрпақтың кезектесіп отыруы байқалады. Амиктикалық жұмыртқа-
ларының дамуы өте жылдам, 3-4 күн гана.
Тіршілік циклінің ұзақтығына қарай коловраткалар формалары
моноциклді, дициклді, полициклді. Егерде,
бір жыл бойына бір ғана
даму циклі болса, олар моноциклді (Anuraea cochlearis), екі - дициклді,
көп - полициклді (Polyarthra trigla). Бірақ сыртқы ортаның (судың
физикалық, химиялық жағдайлардың) өзгергіштігіне қарай әрбір түр
бір жылдың ішінде тіршілік циклін өзгертіп тұруы және бір түрдің
бір аймақтағы әр түрлі су қоймаларында тіршілік циклі де әр түрлі
болуы мүмкін.
Коловраткалардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай сыртқы
құрылысы да (дене пішіні, мөлшері, өсінділері, тікенектері ұзарып,
қысқаруы) өзгермелі. Бұны маусымдық өзгерістер немесе цикло-
морфоз деп атайды. Мысалы, Anuraea cochlearis денесінің артқы
бөліміндегі тікенектері көктемде ұзын болса,
жазга қарай қысқарып,
күзде жойылып кетеді (87-сурет).
Коловраткалардың тағы бір ерекшелігі
жеке мүшелер құра-
231
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
мындағы клеткалар санының тұрақтылығы. Мысалы, Epiphanes senta-
ның жабыны 301 клеткадан, жұтқыншағы 165, ортаңғы ішегі - 76,
жыныс жүйесі - 19, бұлшықеттері
122, жүйке жүйесі
247, зәр
шығару жүйесі - 24, ал жануардың барлық денесі 959 клеткалардан
тұратындығы дәлелденген. Осыған байланысты коловраткалар реге-
нерациялық қабілетінен айрылған. Осындай белгісімен коловрат
калар нематодтарға ұқсас.
Коловраткалар класы үш отрядқа бөлінеді: Seisonidea, Bdelloidea,
Monogononta.
Достарыңызбен бөлісу: