ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca
Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы
протоцефалон
құрылысты (акрон және антеннальды сегмент), жак сегменттері тұтас
бірікпеген, науплиальды және фасеттік
көздері бар қарапайым шаян-
тәрізділер, 11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі
тарамды жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және
қорегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 сегментті,
аяқтары жоқ, жақсы
дамыған айыршамен (furca) аяқталады (106-сурет).
Жүрегі ұзын, көп камералы. Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық
түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыс-
тары: Branchipus, Pristocephalus, егістік
алқаптарда қар ерігеннен
кейін қалатын уакытша су қоймаларында жиі кездеседі. Тек Artemia
salina ғана дала және шөлейіт зоналарының ащыланған түзды су қой-
малары лиман, ащы көлдерде мекендейді (106-сурет). Жұмыртқа-
лары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді, сол арқылы
кең таралады.
Олар Каспий теңізінде, Еуропа, Азия және Американың
теңіз суларында кездеседі. Артемияны адам тамақ үшін және
көбінесе балықтардың (бекіре тұқымдастардың шабағына) жемі үшін
пайдаланады.
Желбезекаяқтылардың жұмыртқалары арнайы жұмыртқа қапшы-
ғына түсіп, кейін суға тасталынады. Олар қолайсыз жағдайларға
төзімді және су агынымен аса қашық жерлерге таралады.
Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda
Жалпы құрылысы жағынан
желбезекаяқты шаяндарға ұқсас, тек
бас сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай
жауып жатқан жалпақ шатыр немесе қосжақтаулы берік бас
қалқаншасы - карапакстың дамуымен ерекше. Кеуде бөлімі көп
сегментті, жапырақтәрізді екі тарамды
аяқтары тек кеудесінде
дамыған, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін аузына қарай
жылжытады. Құрсақ сегменттері редукцияға бағытталған, науплиус
және фасеттік көздері болады.
Phyllopoda отряды үш отряд тармагына бөлінеді: қалңанды
шаяндар Notostraca, бақалшақтьі жапырақаяқты шаяндар
Conchostraca және бүтақмүртты шаяндар немесе су бүргелері
Cladocera.
298