Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 104-cypem



Pdf көрінісі
бет191/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

290


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
104-cypem .
Шаянтәрізділердің көру мүшелері: A - желбезекаяқтылардың күрделі 
көзінің құрылысы; 1 - көз бұршақ конустары, 2 - ретинальды және пигментті клеткалар 
қабаты, 3 - нерв талшықтары, 4 - бұлшықет, 5 - нерв клеткаларының түйінді шоғыры; 
Б - күрделі көздің кесіндісі; 1 - хитинді мөлдір кутикула,
2 - көз бұршақ конусы, 3 - ретинальды клеткалардың дистальды бөлігі,
4 - ретинальды клеткалар, 5 - базальды жарғақ, 6 - нерв талшықтары,
7 - омматидилердің арасындағы пигмент жолақтары
жанасқан және бір-бірінен пигментгік жіңішке қабаттарымен 
шектелген көздің үстіңгі бетінен түбіне шейін бойлап жатқан омма- 
тадиялар деп аталатын ұсақ көзшелері болады (өзен шаянында 3000- 
нан аса). Бұлардың өзі өте күрделі құрылысты. Әрбір омматидия 
жоғарғы кутикула немесе оптикалық қабатынан және төменгі клет- 
калық немесе тітіркенуді қабылдайтын ретинальды клеткалар қаба- 
тынан тұрады. Оптикалық қабат - екі жағы дөңес линза тәрізді, мөлдір 
жарық шағылыстырғыш көз жанары (хрусталик) және оның астында 
жатқан көз жанары конусынан тұрады, бұлар бірігіп оптика жүйесін 
құрайды. Буынаяқтылардың көз жанары алты қырлы немесе фасет- 
калы (французша facette қыр) құрылысты, осыдан да бұлардың кур- 
дел! көздерін фасетті деп те атайды. Клеткалық немесе тор қабаты - 
сезімтал ретинальды клеткалар тобынан құралған. Олардан мидың 
көру аймағына нерв тамырлары кетеді. Ретинальды клеткалар тобы- 
ның ортасында рабдом деп аталатын кору таяқшалары орналасқан. 
Омматидиялардың оптикалық және клеткалық қабатын экрандайтын 
пигментті клеткалары қоршап жатады (104-сурет). Барлық омма-
291


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тидиялардың нерв тамырлары қосыла отырып, миға қарай көру 
ганглияларын түзейді.
Шаянтәрізділердің фасетті көздері көп жағдайда бастың ерекше 
қозғалмалы сабақшаларында орналасқан.
Шаянтәрізділердің әр түрлі өкілдерінде тек науплиальды көздері 
(Copepoda отряды, Ostracoda класс тармағы) немесе тек фасетті көз- 
дері (көптеген жоғарғы сатыдағы 
Malacostraca класс тармағының 
өкілдерінде), ал жапырақаяқтыларда (Branchiopoda класс тармағы) 
науплиальды және фасетті көздері болады.
Кейбір шаянтәрізділердің белгілі жарық тітіркендіргіштерін 
қабылдауы, гормондарды бөлетін нейросекреторлы клеткалардың 
қозуына байланысты. Ол дене түсінің өзгерісіне әкеледі. Мысалы, 
кейбір креветкалар мен крабтар сыртқы қоршаған ортаға байланысты 
денесінің түсін өзгертіп тұрады. Бұл қабілеттілік терінің астыңғы 
жағындағы ерекше ірі хроматофор клеткаларының цитоплазмасын- 
дағы боялған пигмент дәндерінің орын ауыстыруына байланысты. 
Неғүрлым пигмент дәндері клеткаға біртекті таралса, солғұрлым де- 
несі пигменттің түсіне байланысты бір түске боялады, ал дәндер клет- 
каның ортасына жиналса, онда түсі ашық. Пигментті клеткаларының 
іс-әрекеті көру ганглилеріндегі ерекше синус бездерінен бөлінетін 
гормондар нейросекретпен реттеледі. Дене түсінің осындай өзгеруі 
қорғаныштық бейімделуге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет