Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР



Pdf көрінісі
бет199/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР
КЛАСС ТАРМАҒЫ - MAXILLOPODA
Бұлар еркін немесе субстратқа бекініп және паразиттік тіршілік 
ететін шаянтәрізділер. Ауыз аяқтары жақсы жетілген, қорегін судан 
сүзіп алуына бейімделген. Кеуде бөлімі 6, кейде 5 не 4 сегментті. 
Кеуде аяқтары қозғалу немесе қорек заттарды ауыз тесігіне апару 
және су ағындарының қозғалысын реттеу қызметін атқарады. Олар 
ешқашан тыныс алуға қатыспайды және де шайнағыш өсінділері 
болмайды. Құрсақ аяқтары жоқ.
Максиллоподалар класс тармагы 5 отрядқа бөлінеді: миста-
кокаридалар Mystacocarida, ескекаяқты шаяндар Copepoda, туқы
балық биттер 
Вгапсһіига, мүртаяцты шаяндар - Cirripedia,
қапкеуделі шаяндар - Ascothoracida.
Мистакокаридалар отряды - Mystacocarida
Мистакокаридалар да цефалокаридалар сияқты шаянтәрізділер- 
дің қарапайым құрылысты тобын құрайтын, теңіз құмайт жағажа- 
йында, теңіз суы сіңірілген құм түйіршіктерінің арасындағы жіңішке 
кеңістіктерде мекендейтін псаммофил (грекше psammos құм, fileo 
сүйіспеншілік) жануарлары. Үзындығы 0,5 мм-ге дейін, созылыңқы, 
цилиндр тәрізді. Денесі: басы 
протоцефалоннан; буындалмаған 
жақкеудеден (мандибула, максилла I, максилла II және екі алдыңғы 
кеуде сегменттерінен құралған); буындалған 4 кеуде және 6 құрсақ
304


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
сегменттерінен тұрады. Құрсағының соңы айыршамен біткен. 
Протоцефалонда антеннула және антенна мұртшалары, жақкеуде 
бөлімінде үш жұп ауыз және екі жұп жақаяқтары, кеуде сегмент- 
терінің әрқайсысында буындалмаған, рудиментті аяқтары орналас- 
қан, ал қүрсақ сегментінде аяқтары жоқ.
Мистакокаридалардың негізгі ерекшелігі антенналары, мандибу- 
лалары, І-ІІ-ші максиллалары үзын, екі бұтақты, олар жақаяқтарымен 
қосыла қозғалыста болады, субстраттан итерілетіндей етіп барлық 
аяқтарын жұмсайды. Бұтақталмаған антеннулалары қозғалысқа 
қатыспай, ылғи алға қарай бағытталып, жолыңдағы құм түйіршікте- 
рін сипап сезеді.
Үсақ органикалық бөлшектермен қоректенеді, оларды ауыз және 
жақаяқтарының ішкі шеттеріндегі қылтандарының көмегімен ауыз 
тесігіне жеткізеді.
Жұмыртқадан науплиус личинкасы шығып, 9 рет түлеуден кейін 
ересек түріне айналады.
Мистакокаридалар 1943 жылы ашылған, қазіргі кезде 
Derocheilocaris туысына жататын 7 түрі белгілі. Атлант мүхитының 
Америка, Африка, Еуропа және Жерорта теңіздік құмайт жағажа- 
йынан табылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет