ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
108-cypem.
Ескекаяқты шаяндар (Copepoda) - балықтардың паразиттері:
I - Lamproglena; II - Lemacocera; III - Achteres; IV - Tracheliaster
Calanus тұщы суларда, теңіздерде планктонның тұрақты құрамы;
Canthocamptus туысының өкілдері су түбіңде, балшық арасында
кездеседі. Тұщы суларда ең кең тарағаны
Cyclops туысының
өкілдері, олар көптеген су жануарларына, балық шабақтарына қорек
бола тұрып, сондай-ақ жалпақ таспа құрттардың, риштаның аралық
иесі болып табылады. Ескекаяқты шаяндардың Lamproglena, Lemaco
cera, Achteres, Tracheliaster туыстарының өкілдері балықтардың аса
көп тараған паразиттері. Олардың паразиттік тіршілік етуіне
байланысты дене пішіні де үлкен өзгерістерге ұшыраған не қапшық
тәрізді, не өте созылып, ұзарып келген, сегментациясын жоғалтқан,
тек екі жұмыртқа қапшығының болуы, оларды Copepoda-ның өкілі
екендігін дәлелдейді (108-сурет).
Ескекаяқты шаяндардың басқа су жануарлары үшін азық қоры
есебінде аса үлкен маңызы бар және кәсіптік мәні бар бірқатар
балықтардың, ал Calanus finmarchicus балықтардың және мұртты
киттердің негізгі қорегі. Сонымен қатар, балықтардың желбе-
зектерінде паразиттік тіршілік етіп, балық шаруашылығына үлкен
зиян келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: