Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Ц Е Ф А Л О К А Р И Д А Л А Р К Л А С С Т А Р М А Ғ Ы



Pdf көрінісі
бет198/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Ц Е Ф А Л О К А Р И Д А Л А Р К Л А С С Т А Р М А Ғ Ы
CEPHALOCARIDA
Цефалокаридалар шаянтәрізділердің ерекше алғашқы қарапайым 
тобын құрайтын, теңіз түбіндегі шөгіндіде тіршілік ететін жануарлар. 
Ұзындығы 2,8-3 мм., созылыңқы денесі бас бөлімінен, аяқтары бар 
10 сегментті кеудесінен және аяқтары жоқ 9 сегментті құрсағынан 
тұрады. Құрсағының соңында 2 ұзын қылтандардан құралған айыр- 
шасы бар. Шөгіндіде көміліп тіршілік етуіне байланысты көздері жоқ. 
Ең негізгі карапайым белгілері: антенналары ауыздың артқы жағында 
орналасқан (бұл белгі шаянтәрізділердің науплиус личинкаларына 
тән); мандибулалары дамымаған, ал келесі бас аяқтары максилла 

және максилла 
II 
құрылысы және атқаратын қызметі жағынан кеуде 
аяқтарына өте ұқсас, яғни олар протоподиттен, экзоподит пен 
эндоподиттен және желбезекті өсінді эпиподит буындардан тұрады, 
сондай-ақ кәдімгі екі бұтақты кеуде аяқтарынан ерекшеленбеген 
және сол аяқтарымен қозғалады, тыныс алады, әрі қоректік бөлшек- 
терді аузына жеткізеді. Аналығы жұмыртқаларын кеуде сегменттері- 
нің ең соңғысындағы жүмыртқа қапшығына салады.
Жұмыртқалардан науплиус личинкалары шығып, тек 18 рет 
түлеуден кейін ересек түріне айналады.
303


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Цефалокаридалар 1957 жылы ғана ашылған, қазіргі кезде 3 туысқа 
жататын 9 түрі белгілі. Ең бірінші өкілі Hutchinsoniella macracantha 
Атлант мұхитының АҚШ-тың жағалау бөлігінде, қалған түрлері Сол- 
түстік Американың шығыс және батыс жағалауларынан, Жапон арал- 
дарынан, Барбадос, Пуэрто-Рико, Бразилия, Перу, Жаңа Зеландия 
жағалауларынан табылған.
Цефалокаридаларда барлық шаянтәрізділердің арғы тегіне тән 
бірқатар белгілері сақталған: антенналары ауыздың артқы жағында 
орналасуы; бас бөліміндегі екі соңғы сегментінің аяқтары максилла 
I және максилла II ауыз мүшелеріне айналмай, құрсақ аяқтарының 
құрылысын сақтап қалуы. Цефалокаридалардың аяқ құрылысы 
Anostraca және Phyllopoda өкілдерінің аяқтарына ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет