ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Жағалы талшықтылар
отряды - Choanoflagellata
Жеке (Codosiga) және коло
ния (Sphaeroeca) түзіп тіршілік
етеді.
Талшығы біреу, оның тү-
бін цитоплазмадан құралған жу
ка жаға қоршап жатады. Тал-
шықтың қозғалу әсерінен ұсақ
органикалық қоректік заттар
(бактериялар, көк-жасыл балдыр-
лар т.б.) жағаға жабысып, бірте-
бірте цитоплазмаға және ас ко
рыту вакуоліне өтеді.
Тамыраяқты талшықтылар
отряды - Rhizomastigina
Бір немесе бірнеше тал-
шықтары болады. Олар талшық-
тарымен қатар жалған аяқтарын
да (псевдоподияларын) шығара
алады, сондықтан да екі кластың Sarcodina және Mastigophora-ның
аралық иесі болып саналады. Бактериялармен, көк-жасыл бал-
дырлармен, ұсақ қарапайымдылармен қоректенеді. Жыныссыз
жолмен ғана көбейеді. Тұщы суларда жиі кездесетін өкілдері:
Mastigamoeba aspera, Actinomonas mirabilis және басқалары.
Кинетопластидалар отряды - Kinetoplastida
Бұл отрядтың ерекшелігі - талшықтың түбінде, яғни кинето-
соманың жанында кинетопласт деп аталатын арнайы органоидтың
болуында. Кинетопласт ұсақ денелік, митохондрияға ұқсас, іші ДНК-
ға толы. Бір немесе екі талшығы болады. Өз еркінше қозғалатын Bodo
туысының өкілдері тұщы суларда көп кездеседі. Басым көпшілігі
жануарларда және адамдарда паразиттік тіршілік етіп (Costia, Try
panosoma, Leischmania туыстарының өкілдері) қауіпті ауруларды
туғызады.
Трипаносома (Trypanosoma) туысының өкілдері 20-70 мкм-ді
сопақша, ұшы сүйірленіп келген талшықтылар (8,Г-сурет). Талшығы
Достарыңызбен бөлісу: