Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ӨСІМДІКТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР



Pdf көрінісі
бет21/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

ӨСІМДІКТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР
КЛАСС ТАРМАҒЫ -PHYTOMASTIGINA
Хризомонадалар отряды - Chrysomonadina
Бір-үш талшығы бар, ұсақ талшықтылар, тұщы суларда және 
теңіздерде тіршілік етеді. Хроматофоралары диск тәрізді сарғыш 
қоңыр түсті болып келеді. Ассимиляция нәтижесінде полисахарид- 
лейкозин пайда болады. Бірнеше колониальды түрлері бар, соның 
ішінде тұщы суларда кездесетін бұтақтәрізді колония Dinobryon 
және шартәрізді 
Synura туыстары.
V Сауыттылар отряды - Dinoflagellata
Өкілдерінің басым көпшілігінде клетчаткадан құралған сыртқы 
сауыты болады. Талшықтары екеу: біреуі еркін орналасқан, екіншісі 
денесін орап жатады. Хроматофоралары қоңыр-сары, кейде жасыл 
түсті болып келеді. Кейбір түрлері хлорофилл дәндерін жойып 
гетеротрофты жолымен қоректенуге көшкен (Noctiluca туысы). Асси­
миляция нәтижесінде крахмал пайда болады. Тұщы суларда, 
теңіздерде, судың жоғаргы бетінде қалқып жүріп тіршілік етеді, сол 
себептен денесінде көп өсінділер жетілген. Негізгі туыстары: 
Peridinium, Ceratium, Noctiluca (7-сурет).
39


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
7-cypem.
Сауытты талшықтылар: A - Peridinium; Б -Omithocercus;
В - Ceratium tripos; Г - Ceratium hirudinella
Эвгленалар отряды - Euglenoidea
Эвгленалар жасыл түсті, бір талшықты, автотрофты және гетеро- 
трофты жолымен қоректенетін талшықтылар. Бұлар көбінесе органи- 
калық заттары мол таза, тұщы және ластанған таяз суларда, ылғалды 
топырақтарда тіршілік етеді.
Олардың негізгі өкілі жасыл эвглена - Euglena viridis (8, А-сурет). 
Денесі ұршық тәрізді, екі ұшы сүйірлеу болып келеді. Денесінің 
алдьщғы жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен 
эвглена бұранда тәрізді козғалыс жасайды.
Гетеротрофты тәсілімен қоректенген кезде талшықтың үздіксіз 
тез қозғалу нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк- 
жасыл балдырлар т.б.) ауыз тесігіне жиналып жұтқыншаққа өтеді. 
Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері пайда болып, солар- 
дың ішінде ас қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі 
арқылы сыртқа шығарылып тұрады.
Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хроматофоралары 
болады. Осыған байланысты эвглена автотрофты жолымен қорек- 
тенеді, ал негізінде жасыл эвглена миксотрофты организмдер қата- 
рына жатады. Үздіксіз қоректену арқасында цитоплазмада көптеген 
қор заты ретінде парамил түйіршіктері пайда болады, олар крахмалға 
жақын көмірсу 
парамиласы. Денесінің алдыңғы жағында жарық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет