ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
113-cypem.
Трилобиттер және олардың дамуы: A - Cheirurus quenstedtii (арқа жағынан);
Б - Triarthrus becki (құрсақ жағынан); В - протаспис личинкасы;
Г, Д - аналь қалқаншасының және сегменттерінің пайда болуы (анаморфоз);
1 - бас қалқаншасы, 2 - личинка сегменттері, 3 - көзі, 4 - аналь қалқаншасы,
5 - постларвальды сегменттері
бөлімдерінен тұрады. Баскеуде 7 (бас қалақшасы мен кеуде)
сегменттің қосылуынан түзілген, сондай-ақ 7-ші сегменті көп
түрлерінде редукцияға ұшыраған. Баскеуде бөлімінде 6
жұп аяқтары
бар. Олардың бірінші жұбы қоректі шайнау және ұнтақтау қызметін
атқарып, хелицераға айналған (тип тармақтың атауы да осыдан),
екінші жұбы педипальпалар сезу, қармалау, кейбір түрлерінде шағы-
лысу
қызметін атқарады, ал қалған төрт жұбы жүру аяқтары.
323
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Хелицералылардың негізгі ерекшелігі
бас қалақшасындағы
(акрондағы) мұртшасының немесе антеннуласының редукцияға
ұшырауы.
Хелицералылар тип тармағына үш класс жатады: Семсерқұй-
рықтылар -Xiphosura,
Алып қалқаншалылар
Gigantostraca және
Өрмекшітәрізділер -Arachnida.
СЕМСЕРҚҰЙРЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - XIPHOSURA
Семсерқұйрықтылар қазіргі кезде құрып кетуге жақын, саны аз
ғана, не бары 5 түрі бар,
палеозой эрасында кең тараған, теңіздерде
тіршілік ететін буынаяқтылар. Ұзындығы 50-90 см, ал Limulus
polyphenus-тың ұзындығы 0,5 м болып келеді.
Қазіргі кездегі семсерқұйрықтылар тропикалық және субтро-
пикалық
теңіздерде тараған, біреулері Limulus polyphenus Атлант
мүхитында, Солтүстік және Орталық Америка жағалауларында, қал-
ғандары Малай Архипелагында, Филиппин
және Жапон аралдарында
(Tachypleus, Carcinoscorpius), су жағалауларында 4-10 метр терең-
дігінде тіршілік етеді. Аналықтары жұмыртқаларын судың жағасын-
дағы құмға салады. Семсерқұйрықтылардың қалдықтары триас
дәуірінен
табылған, ал Hemiaspis силур дәуірінен белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: