ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
онда жұп фасеттік көздері және екі жұп мұртшалары (антеннула және
антенна) бар. Барлық кеуде сегменттері бастың жақ сегменттерімен
бірігіп жақкеуде (гнатоторакс) бөлімін түзеп, ортақ карапакспен
жабылған. Карапакстың бүйір қатпарлары кеуде аяқтарындағы жел-
безектерді жауып түрады. Кеуде аяқтарының алдыңғы 3 жұбы жақ-
аяқтары, ал қалған 5 жұбы - жүру аяқтары (отрядтың аты да осы-
дан). Жүру аяқтарының бірінші жұбы қысқышқа айналған. Құрсақ
бөлімі сыртқы пішіні және құрылысы жағынан алуан түрлі.
Біреулерінде ол ұзын, аяқтары жүзуге бейімделген (креветкаларда),
екіншілерінде құрсақ аяқтарының бір бөлігі жойылып, құрсағы
жұмсақ және ассимметриялы болып келеді (тақуа шаяндарда), енді
крабтардың алдына қарай иілген құрсағы қысқа, ал аяқтары рудимен
тарны.
Аналықтары жұмыртқаларын құрсақ аяқтарына тіркеп, ұрпақ-
тары шыққанша өзімен алып жүреді. Дамуы метаморфозбен өтеді.
Мысалы, краб пен тақуа шаяндардың дамуында зоеа, омарларда
мизидия, креветкаларда науплиус, метанауплиус, зоеа, мизидия, ал
пеней (Penaeus) туысының өкілдерінде науплиус, метанауплиус,
протозоеа, зоеа және мизидия личинкалық кезеңі болады. Тұщы су
және теңіздің үлкен терең қабаттарында мекендейтін түрлері мета-
морфозсыз дамиды, яғни жұмыртқадан шыққан ұрпақтары ересек
түріне ұқсас.
Онаяқтылар отряды қозғалыс әдістеріне қарай екі отряд тарма-
ғына бөлінеді: жүзушілер Natanntia және өрмелеушілер Reptantia.
Жүзушілер отряд тармағы (Natantia) - ең қарапайым құрылысты
онаяқтылар. Бұлардың денесі екі бүйір жағынан қысыңқы, құрсақ
бөлімі жақсы жетілген, баскеудесіндегі ұзын аяқтарымен суда еркін
жүзіп жүреді. Жұмыртқаларын суға салады. Негізгі туыстары: кревет-
калар
Pandalus, Crangon (111-сурет).
Өрмелеушілер отряд тармағы (Reptantia) өкілдерінің саны және
құрылысы мен биологиясы бойынша алуан түрлі формаларға бірік-
кен. Бұлардың денесі дорзо-вентральдық бағытта қабысқан, кеуде
аяқтары жақсы жетіліп өрмелеп жүруіне бейімделген, ал құрсақ
аяқтарының саны азайып, нашарлау дамып, жүзіп жүруіне жарамай
қалған. Құрсақ бөлімінің ұшында құйрық қанаты болады, ол аналь
сегменті мен құрсақ аяқтарының соңғы жұбының бірлесуінен пайда
болған.
Құрсақ бөлімінің және құйрық қанаттарының құрылысына қарай
өрмелеушілер бірнеше топқа бөлінеді: ұзын құйрықты шаяндар -
Достарыңызбен бөлісу: