Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Құрылысы мен физиологиясы



Pdf көрінісі
бет212/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Құрылысы мен физиологиясы. 
Денесі жалпақ, баскеуде мен 
құрсақ бөлімі біріккен, сегменттері қозғалмалы, құрсағы ұзын семсер 
тәрізді өсіндімен бітеді. Баскеуде бөлімі үлкен арқа қалқанымен 
жабылған, онда екі жұп көздері бар. Денесінің төменгі жағында, 
аузының алдында үш бунақты қос хелицерасы, ал 5 жүп жүру аяқта- 
ры ауыз жанында орналасқан. Бұлардың бірінші жұбы 
педипаль- 
пасы қалған жүру аяқтарына ұқсас, тек бір бұтақты шайнағыш өсін- 
дісімен ерекше. Жүру аяқтары жорғалаудан басқа қорегін ұстау және 
ұсақтау қызметін де атқарады. Баскеудесінің 7-ші сегментіндегі 
хилярий деп аталатын бунақталмаған жұп аяқтары тікенектермен 
қаруланған.
Құрсағындағы 6-жұп аяқтары жапырақтәрізді, тек бірінші жұбы 
қорғаныш тақтасына айналып - желбезек қақпақшасы деп аталады 
(114-сурет).
Құрсағындағы семсертәрізді ұзын өсіндісінің құрамына тель- 
соннан басқа құрсақтың ақырғы үш сегментінің жұрнағы кіреді.
Ac қорыту жүйесі. 
Ауыз тесігі хитинді кутикуламен көмкерілген 
өңешке, ал ол үлкен бұлшықетті хитині бар, әрі тісшелермен
3 2 4


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
114-cypem.
Семсерқүйрықтылардың құрылысы: A - арқа жағынан; Б - құрсақ жағынан; 
В - бунақталу схемасы; Г - желбезекті аяғы; 1 - баскеуде қалқаны, 2 - ауыз, 3 - күрделі 
көзі, 4 - жүргіш аяқтары, 5 - хилярий, 6 - желбезек қақпақшасы, 7 - құрсақ бөлімі,
8 - құйрық семсері, 9 - желбезекті аяқтары, 10 - хелицера, 11 - көзшелер,
12 - бунақты аяқ, 13 - желбезек өсіндісі, I-X1II - бунақтары (сегменттері), а - акрон
қаруланған шайнағыш қарынға жалғасады. Қарындағы ұсақталған 
қорек зат ортаңғы ұзын ішекке өтіп, одан әрі бауыр түтікшелері 
арқылы бауырға түсіп, сонда клеткаларының ішінде қорытылады. 
Қорытылмаған қорек заттар артқы ішектен аналь тесігі арқылы 
сыртқа шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет