Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет228/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Кенелер отряды - Асагі
Үсақ мөлшерлі, ұзындығы 0,1-15 мм-ге дейін, денесі сегмент- 
телмеген (тек Opliocaridae тұқымдастарында гана сегменттері сақ- 
талып қалған) және басқа өрмекшітәрізділердей баскеуде және 
құрсақ бөлімдеріне бөлінбеген, суда, топырақ арасында, жер бетінде 
өз бетімен тіршілік етеді, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің 
паразиттері болып келеді.
Хелицералары мен педипальпалары (тұмсықша немесе гнатосома 
деп аталатын) дененің алдыңғы бөлімінде орналасқан (126-сурет). 
Хелицералардың ұшында иілген, хитинделген тырнақшалары көп. 
Хелицералар созылуға және жиырылуға қабілетті. Түрі өзгерген 
педипальпалары гипостоманың және пальпаның жагасына айналған, 
6 бунақты. Вентральды жагынан тікенектермен қапталған өсіндісі 
хелицералармен бірге шаншып соратын аппаратын құрайды. Жырт- 
қыш кенелердің хелицералары қысқышқа айналып, кеміргіш-сорғыш 
ауыз аппаратын түзейді. Паразиттік тіршілік ететін түрлерінде ауыз 
аппараты тесіп-сорғыш.
3 4 8


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
126-cypem .
Иксода кенесі-Jxodes persulcatus: A - аталығы және Б - аналығы (арқа 
жағынан); В - аталығы және Г - аналығы (құрсақ жағынан); 1 - тұмсықша немесе 
гнатосома, 2 - дорсальды қалқаны, 3 - стигма, 4 - аналық жыныс тесігі, 5 - аналь тесігі
Тыныс алу мүшелері трахеялар, кейбіреулерінде газ алмасуы 
жұқа сыртқы жабыны арқылы жүреді. Кенелер дара жыныстылар. 
Кейбір түрлерінің аталығы аналығынан біршама ерекше, яғни жыныс 
диморфизмі бар. Мысалы, өрмекші кенелердің аталықтары аналық- 
тарынан ұсақ және денесі жіңішке болады. Көбісі жұмыртқа салу- 
шылар, тірілей туатын түрлері де бар.
Кенелердің дамуында жұмыртқа, личинка, нимфа және ересек 
сатылары бар. Личинкаларында жүру аяқтарының төртінші жұбы 
болмайды, яғни олар үш жұп жүргіш аяқтарымен ерекше және тыныс 
алу, жыныс тесіктері болмайды. Келесі сатысы нимфа. Онда 4 жұп
349


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
аяғы мен тыныс алу тесіктері бар, ересек түріне ұқсас, тек жыныс 
мүшесі толық дамымаған. Нимфалық жасы 1-3-ке дейін. Оларды 
протонимфа, дейтонимфа және тритонимфа деп атайды. 
Нимфалық 
жасында тыныштық сатысы - гипопусы (hypopus) болуы мүмкін.
300-ге жуық тұқымдастары және 20000-ға жуық түрі бар. Өте 
кең тараған.
Кенелердің арасында құрлықта және суда (мысалы, Hydrachna 
cruenta), еркін өмір сүретін және паразиттік тіршілік ететіндері бар
сондай-ақ топырақ арасында, кейбір түрлері ұнда, ірімшік, құрғақ 
жемістерде (Tyroglyphus, Aleurobius) және т. б. жерлерде өмір сүреді.
Үн кенелері түцымдасы
- Tyroglyphidae, ұзындығы 0,5-1 мм, 
сопақша, жылтыр түсті. Астық, ұн сақталатын қоймаларда жиі кезде- 
сіп көп зиян келтіреді (қойма кенесі деп те аталады). Астық пен ұнды 
зақымдағанда оларды қоңыр ұнтаққа айналдырып және иісі шіріген 
заттың иісіндей, қышқыл дәмі пайда болады. Күн сайын аналығы 3-4 
(кейде 60-қа дейін) жұмыртқа салады. Аса қауіпті түрлері: ұн кенесі 
- Acarus siro (124-сурет), ұзынша кене 
Tyrophagus putuscentiae. 
Күресу шаралары: астықты немесе ұнды салқындатып, ылғалды- 
лығын кемітіп, қоймада ауаның құрғақ болуына жағдай жасау қажет.
Үн кенесі табиғи жағдайда орман төсеніші, құс ұясы, кеміргіш- 
тердің іні сияқты орындарда мекендейді.
Өрмекіиі кенелер түцымдасы
Tetranychidae, ұзындығы 0,3-0,5 
мм, қоңыр, ашық-қызыл түсті. Өрмек жібін шығарады. Өсімдіктердің 
жапырағын өрмек жібімен шырмап колония құрып тіршілік етеді. 
Қауіпті зиянкестері: кәдімгі өрмекші кене Tetranychus urtica (124- 
сурет), жемістің қызыл кенесі 
Panonychus ulmi, бактың өрмекші 
кенесі 
Schyzotetranychus pruni.
Сауытты кенелер түцымдасы
Oribatidae, ұзындығы 0,2-1,5 мм, 
топырақта тіршілік ететін кенелер, топырақ түзілу процесінде үлкен 
рөл атқарады. Негізгі туыстары - Oribatula, Zygoribatula.
Су кенелері
Hydrachnellidae, ұзындығы 0,3-0,5 мм, денесі 
дөңгелек, ашық түсті. Жыртқыштар, ұсақ су жәндіктерімен қоректе- 
неді. Личинкалары судағы насекомдардың паразиттері.
Кенелердің көбісі адамның, жануарлардың және өсімдіктердің 
паразиттері. Ең қауіпті тұқымдастары: Ixodidae, Argasidae, 
Larcoptidae, Demodicidae, Gamasidae.
Иксодальщ кенелер
Ixodidae, ұзындығы 1-10 мм, қанға 
тойғандарының мөлшері 15-20 мм-ге дейін.
Денесі сегментгелмеген. Аналықтарының арқа жағында қысқа,
35 0


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
аталықтарында ұзын, денесін жауып тұратын қалқаны болады (126- 
сурет).
Иксодалық кенелер бруцеллез, туляремия, пироплазмоз, қайта- 
лама сүзек, энцефалит, чума ауруларын таратушылар. Олар аурулар- 
дың қоздырғыштарын (спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) 
кемірушілерден, насеком қоректілерден, құстардан, жабайы 
жануарлардан өздеріне жұқтырып алып, бірнеше жыл бойы сақтап, 
адамды шаққаңда адамға жұқтырады. Адам мен малдар көп зиян 
шегеді.
Иксодалық 
кенелердің 
личинкалары 
ұсақ 
омыртқалы 
жануарлардың (кесірткелердің, құстардың, сүтқоректілердің) қанын 
сорады, ал нимфалары ірілерге шабуыл жасайды (қояндарға, тиін- 
дерге, борша тышқандарға). Ересек түрлері адамның, ірі жануарлар- 
дың қанын сорады. Ең қауіпті өкілдері Ixodes persulcatus және I.ricinus 
көктем - жаз кене энцефалит ауруларын таратушылар. Табиғатта 
энцефалит вирусы ала тышқанда, кірпіде, сұр тышқанда, көр тыш- 
қанда және құстарда кездеседі.
Dermacentor pictus және Hyalomma туысының өкілдері туляремия, 
энцефалит, қырым геморрагиялық ауруларын таратушылары.
Ауру тудыратын бактерияларды, вирустарды бір жануардан екін- 
ші жануарға таратушылар жұқтырады. Таратушылар қызметін кене­
лер, масалар, биттер, бүргелер, шіркейлер атқарады. Тасымалдау- 
шылар арқылы тарайтын ауруларды трансмиссивті аурулар деп 
атайды. Оны 1936 жылы Е. Н. Павловский ашқан. Трансмиссивті 
аурулар қатарына кене энцефалиті, қырым қанды безгегі, бөртпе 
сүзек т. б. жатады.
Энцефалит, қырым геморрагиялық аурулардың табиғи ошақтары 
Қазақстанда - Алматы, Шығыс-Қазақстандағы орман даласы мен тау 
бөктеріңде кездеседі.
Аргазид кенелері
Argasidae, ұзындығы 2-13 мм, адамның және 
омыртқалы жануарлардың паразиттері және ауру (спирохетоздарды 
кене қайталама сүзекті) таратушылары. Негізгі өкілдері: Omithodorus 
papillipes адамға, Argas persicus құстарға шабуыл жасайды.
Саркоптид кенелері немесе цышыма цотыр кенелері
Sarcoptidae, ұзындығы 0,1 -0,3 мм, адамның және жануарлардың 
терісінің астында тіршілік етіп, қышыма ауруына шалдықтырады. 
Негізгі өкілі қышыма кенесі - Sarcoptes scabiei (127-сурет). 
Үрықтанған аналығы адамның тері қабатына өтіп, ұзындығы 3 мм- 
ден 2 см-ге дейін қуыс жол жасап, соған жұмыртқаларын салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет