ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
(Tegenaria domestica) өрмек торы (тұзақ) өзінің ұясымен тікелей
жалғасып жатады.
Індерді жасайтын өрмекшілер індерінің қабырғаларын өрмекпен
астарлап, өрмектің көмегімен қайырмалы қақпақшаны жасайды.
Соңғысы інге кіретін тесікті жабады. Кейбір ағаш өрмекшілері өрмек-
тен тұрғын түтіктер мен ұялар тоқиды, ал кейде ұяның қабырғаларын
құрайтын оралған жапырақтарды өрмекпен бекітеді.
Су өрмекшісі Argyroneta aquatica - су астында өрмектен қоңы-
рау тәрізді ұя жасап, оны су асты заттарға немесе өсімдіктерге жабыс-
тырып, ауамен толтырады. Ол ауаны өрмекші су бетіне көтеріліп
құрсағындағы түктері арқылы әкеледі және сол түктері арасында
тыныс алатын, ауа қорын ұстап сақтайды. Ауа көпіршіктерінің әсері-
нен су өрмекшінің қоңырқай түсі сынап тамшылары тәрізді күмісше
жылтырайды, сондықтан оларды күміс өрмекші деп те атайды.
Ақырында, өрмек жібі өрмекшілерге жоғарыдан томен қарай
түсуге де, жоғары қарай шығуға да және ауада ұшу үшін де керек.
Жұмыртқадан шыққан жас өрмекшілер бұтақтың ұшына шығып,
жібек жібін бөледі. Ол белгілі бір ұзындығына жеткенде (өрмекшінің
салмағын көтеру үшін), өрмекші өз аяғын жинап, субстраттан ажырап
өрмектің арқасында ауа ағысымен әкетіледі.
Дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі бар. Аталықтары аналық-
тарынан кіші және педипальпаларының соңғы буыны
күрделі
құрылысты, шағылысу мүшесінің қызметін атқаратын қосындысымен
ерекшеленеді. Шағылысу алдында аталық өрмекші өрмек жіпшелері-
нен гамақты тоқып соған тұқымның тамшысын жібереді. Тұқым
сұйықтығы гамақтың төменгі бетіне өткен кезде, дәл осы уақытта
ағатын тамшының астына педипальпалардың ұшын орналастырады
да, тұқым сұйықтығын жинап алады, содан кейін сперматозоидтарын
аналықтың тұқым қабылдағышына жеткізеді. Шағылысып болғаннан
кейін, аталығын, егер қашып үлгермесе, аналығы жеп қоятындығы
байқалады. Pisaura туыстас өрмекшілерде аталықтары шағылысу
алдында аналықтарына өзінің ұстап алған жемтіктерін жинап береді
де өздері қашып үлгереді.
Жұмыртқаларын, аналық өрмекші өрмектен тоқылған қапшық
тәрізді торына салып, екінші өрмек тоқып піллеге айналдырады.
Піллесін көбіне құрсағына жабыстырып, жұмыртқадан шыққан
өрмекшілерін біраз уақыт арқалап жүріп өсіреді.
Өрмекшілер зиянды насекомдармен қоректеніп, оларды едәуір
мөлшерде жояды. Өрмекшілер арасында зиян келтіретін түрлері де
Достарыңызбен бөлісу: