Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 127-cypem



Pdf көрінісі
бет229/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

351


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
127-cypem.
Кенелер адам паразиті: A - қышыма кенесі - Sarcoptes scabiei, аналығы 
(құрсақ жағынан); Б - безеу кенесі - Demodex folliculorum
Личинкалары нимфаға айналып, теріні тесіп, бетіне шығады да, сол 
жерде қоректеніп ересек түріне айналады. Ауру адамда қышыма 
пайда болып, денесі бөрітіп, қотыр болып, тері қабынады. Қышыма- 
қотыр ауруы ауру адамнан сау адамға жұғады.
Демодицид кенелері
Demodicidae, ұзындығы 0,1-0,7 мм, денесі 
ұзарған, адамның май бездерінде, терінің астында паразиттік тіршілік 
етеді, теріні қабындырып, беттің безеулігін қоздырады. Негізгі өкілі 
безеу кенесі 
Demodex folliculorum (127-сурет).
Бузгынша кенелер
Tetrapodidae, ұзындығы 0,1-0,6 мм, денесі құрт 
тәрізді, қалқаншамен жабылған алдыңғы және ұзарған артқы 
бөлімнен тұрады. 1500-ге жуық түрі бар. Өсімдіктердің шырынымен 
қоректеніп, бұзғыншаның пайда болуына әкеліп соғады (атауы 
осыдан). Көпшілігі ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері, 
өсімдіктің вирус ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар 
- бидай жолақ мозаикасын, сарымсақ мозаикасын.
Гамазид кенелері
Gamosidae, ұзындығы 0,2-2 мм, 4000 түрі бар. 
Еркін тіршілік ететін және паразитті формалары да бар. Топырақта
орман төсенішінде тіршілік ететін жыртқыштар, ұсақ омырткасыз- 
дармен қоректенеді. Көптеген түрлері омыртқалылардың эктопа- 
разиттері, қанмен қоректенеді. Мысалы, тышқан кенесі (Alloder- 
manyssus sanguieneus). Кейбіреулері инфекциялық аурулардың 
қоздырғыштарын тасымалдаушылар. Жыртқыш түрлерін өсімдік 
қоректі кенелермен күресуде қолданады.
35 2


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
КЕҢІРДЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ НЕМЕСЕ
ҚОСМ¥РТШАЛЫЛАР 
TRACHEATA, S.ANTENNATA
Тип тармағына құрлықта тіршілік ететін, кеңірдек (трахея) 
арқылы тыныс алатын буынаяқтылар жатады. Бұлардың бас бөлімі 
денеден айқын ерекшеленіп акрон және төрт сегменттен құралған. 
Акронда жұп күрделі (фасеттік) көздері, бірнеше қарапайым көзше- 
лері және жұп мұртшалары немесе антенналары орналасқан (қосмұрт- 
шалылар деп аталуы да осыдан). Акронға қосылған төрт сегментте- 
рінің бірінші интеркалярлы (латынша inter аралық) немесе ендірме 
сегменті көп жағдайда редукцияға ұшырап дамымаған, аяқтары жоқ 
(шаянтәрізділерде интеркалярлы сегменттің жұп аяғы мұртшаға 
немесе антенна II айналған), екінші мандибулярлы сегменттің жұп 
аяқтары жоғарғы жақ немесе мандибулаға, үшінші максилярлы 
сегменттің жұп аяқтары төменгі жақ немесе максилла I, ал төртінші 
лабиальды (labelum-ерін) сегменттің жұп аяқтары төменгі ерінге 
немесе максилла ІІ-ге айналған. Бас сегменттерінің бірігіп кетуіне 
байланысты жоғарыда көрсетілген жақ тақталары қосылып ауыз 
аппаратын құрайды.
Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың сыртқы тері 
жамылғысы, яғни хитинді кутикуласы өте жақсы дамыған, әсіресе 
інггегі ылғады сыртқа шығармауға бейімделгені эпикутикула қабаты. 
Сондай-ақ, бұлар тек қана кеңірдек немесе трахея арқылы тыныс 
алады (класс тармағының да аты осыдан). Трахеялары эктодермальды. 
Сыртқы хитинді кутикула жабыны ішкі жағына қарай ығысып, терең- 
деп трахея жүйесін құрайды. Трахея жүйесі денесінің екі бүйірінде 
орналасқан стигмалар деп аталатын бірнеше трахея тесігінен баста- 
лады. Стигмалар 2-3 камера түзеп, әрі қарай ұзына бойы және көлде- 
нең орналасқан трахея түтіктеріне өтеді, олардан тарамдалып кеткен 
өте жіңішке трахеолалар әрбір клеткаға жанасып, оны оттегімен 
қамтамасыз етеді. Трахея жүйесінің ішкі керегелері спираль тәрізді 
оралған, хитинді қабықпен астарланған, сол себептен бұл жануар- 
лардың трахеялары ешуақытта қабысып қалмайды және ауа трахея 
аркылы еркін өтіп тұрады. Камералардың іші кірпікшелі эпителиаль- 
ды клеткаларымен астарланған, бұл жерде ауа жылынады, шаң-тозаң 
және микробтардан тазарады. Трахея тесігін ашып-жауып тұратын 
бұлшықеттері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет