Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет225/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Пішеншілер отряды 
Opiliones
Өрмекшілерге ұқсас, бірақ олардан жіңішке әрі ұзын (16 см-ге 
дейін) аяқтарымен ерекше. Аяқтарын ұстағанда соңғылары өте жеңіл 
үзіліп, біраз уақыттың ішінде дірілдеп созылып қозғалып тұрады 
(бұл олардың аутотомия екендігін көрсетеді). Соған байланысты 
оларды пішеншілер деп атайды. Денесінің ұзындығы 1-22 мм.
Құрсағы 9-10 сегментті, негізгі кең буыны арқылы баскеуде 
бөлімімен байланысқан.
Хелицералары қысқыш тәрізді. Түтікшелі трахеялары арқылы 
тыныс алады. Өрмек және улы бездері жоқ.
Пішеншілердің 4000-ға жуық түрлері бар. Көбісі жыртқыштар, 
өрмекшілермен, көпаяқтылармен, шырышты ұлулармен және 
насекомдармен қоректенеді. Кәдімгі пішенші Phalangium оріііо 
қашауларда, ағаштарда, үйлердің қабырғаларының бұрыштарында 
кездеседі (123-сурет).
Түкті бүйі немесе сольпугалар отряды - Solifugae
Тропикалық және субтропикалық далалар мен шөлдерде 
кездесетін өрмекшітәрізділердің ең ірілері сольпугалар. Ұзындығы 
1-7 см-ге дейін. Оларды улылардың қатарына жатқызады, бірақ та 
сольпугаларда улы бездері болмайды. Күшті дамыған хелицералары- 
мен адамды шаққанда денені өте терең жарақаттайды. Хелице-
343


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
раларының арасында қалған улы токсиндер (өлік бұзылғанда пайда 
болатын у) жарақат арқылы қанға өтіп денені қабындырады.
Сольпугалардың баскеуде бөлімі пропельтидий деп аталатын 
(хелицераларды, педипальпаларды және екі жұп жүру аяқтарды 
таситын тұтас бір сегмент) және екі сегментті “кеуде” деп аталатын 
бөлімдерден тұрады. Құрсағы 10 сегментті. Денесін және аяқтарын 
ұзынша келген түктер қаптаған. Хелицералары қысқыш түрінде, жүру 
аяқтарына ұқсас, педипальпалары ұсақ жемтіктерін ұстап алу, жүру 
және сондай-ақ сезу қызметін атқаратын колба тәрізді кілегейлі 
қосындыларымен аяқталады. Тыныс алу қызметін бұтақталған 
түтікшелер мен трахеялар атқарады. Бұлардың басты түтігі сыртқа 
үш жұп тесіктері арқылы ашылады. Сольпугалардың 800-ге жуық 
түрі бар. Олар жылы, құрғақ аймақтарда, түнде тіршілік ететін жырт- 
қыштар, буынаяқтылармен қоректенеді. Қазіргі ТМД-ның аймағында 
сольпугалардың 70 түрі бар. Қазақстанда және Орталық Азияда 
сольпугалардың Galeodes және Rhagodes туыстастары кездеседі. 
Денесінің ұзындығы 1-7 см, кейде 10 см-ге жетеді. Қырымда және 
Кавказда кездесетін Galeodes araneoides-тың ұзындығы 5 см 
(124-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет