Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Көпталшықтылар отряды - Polymastigina



Pdf көрінісі
бет25/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Көпталшықтылар отряды - Polymastigina
Өкілдерінің 4-6, одан да көп талшықтары, кейде толқын тәрізді 
жарғақ мембранасы және бүкіл денесін бойлап өтетін тығыз тірек 
таяқша 
аксостильдері болады. Ядроның қасында ірілі 
ұсақ 
түйіршіктерден құралған парабазальды денешіктер орналасқан. 
Көпталшықтылардың бәрі де паразиттік тіршілік етуге бейімдел- 
ген. Адамда трихомонас (Trichomonas) және лямблия (Lamblia) 
туысының өкілдері кездеседі.
Trichomonas chominis адамның тоқ ішегінде, Tr. vaginalis жыныс 
жолдарында тіршілік ететін сопакша келген кішкене 5-15 мкм-ді 
талшықтылар. Денесінің алдыңғы жағында төрт талшығы болады, 
олардың үшеуі бос күйінде алға қарап шығып тұрады, ал төртінші 
талшығы артқа қарай бағытталып толқын тәрізді жарғақтың шетіне 
бекініп, толқынды (ундуляция) мембранасын түзейді. Тг. hominis
45


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
адамға зақым келтірмейді, ал Tr. vaqinalis адамда болатын трихоно- 
монас ауруын қоздырушы. Жыныс мүшелерін зақымдайды.
Lamblia intestinalis адамның ащы, он екі елі ішегінде және өт 
жолдарында тіршілік етеді. Денесі екі жақты симметриялы, екі 
ядросы, 8 талшығы және парабазальды түйіршіктері болады. 
Денесінің қақ ортасынан аксостильге ұқсас фибриллярлы екі жұқа 
тірек таяқшасы өтеді. Ішек эпителиіне жабысатын сорғышы болады. 
Лямблия ішек ауруын туғызады, кейбір жағдайларда өт жолына, 
бауырға өтеді. Ауру циста арқылы жұғады.
Гипермастигиналар отряды - Hypermastigina
Көп талшықты, көп ядролы қарапайымдылар. Күрделіленген 
базаль түйіршіктері, аксостильдері, парабазаль денешіктері және 
тірек жіпшелері болады. Trichonympha, Lophomonas туыстарының 
өкілдері термиттердің және тарақандардың ішегінде тіршілік етеді. 
Көп жағдайда гипермастигиналар мен термитгер селбесіп тіршілік 
етеді. Термиттер клетчатканы қорек етеді, бірақ өздері оны қорытып 
бойына сіңіре алмайды, ал ішегінде тіршілік ететін гипермастигиналар 
сол клетчатканы тез ыдыратып көмірсуларға айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет