Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОЛИГОХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ -



Pdf көрінісі
бет39/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

ОЛИГОХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ -
OLIGOHYMENOPHORA
Инфузориялардың денесін біркелкі кірпікшілер біртегіс жапқан. 
Ауыз тесігінің және ауыз ойысының айналасында бір-бірімен 
желімдесіп біткен, толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын жұқа, 
жарғақ мембранеллалары болады. Бұларға екі отряд жатады.
Хименостомата отряды - Hymenostomata
Осы отрядқа Paramaecium туысы жатады, тұщы суларда кең 
таралған.
Балықтардың желбезегі мен терісінде тіршілік ететін қауіпті 
паразит Ichthyophthirius multifilus осы отрядқа жатады. Үлкен
22-cypem .
Тең кірпікшелі инфузория: А - Ichthyophthirius multifilus; Б - инфузорияның 
алдыңғы бөлімі, ауыз тесігі; В - ауру балық; Г - инфузориянын даму кезеңі;
1 - балықтың денесінен шыққан инфузория, 2 - цистаға айналуы, 3 - ядроның бөлінуі, 
4 - жас инфузориялардың цистадан шығуы
67


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
инфузориялар, көлемі 0,5-0,8 мм-ге дейін жететін, шартәрізді. 
Цитоплазмасында үлкен доға тәрізді иілген макронуклеус және 
көптеген майда жиырылғыш вакуольдер орналасқан. Ихтиофти- 
риустар балықтың терісіне бұранда сияқтанып енеді.
Ауырған балықтың денесінде кішкене келген ақшыл түсті 
көптеген жаралар пайда болады. Жарадан суға шыққан ихтиофтириус 
цистаға айналып, соның ішінде палинтомия жолымен бірнеше рет 
бөлінеді. Цистадан шыққан жас ихтиофтириустар сау балықтың 
денесіне кіреді (22-сурет).
Дөңгелек кірпікшелілер отряды - Peritricha
Дөңгелек кірпікшелілердің денесінің алдыңғы жағында ауыз 
төңірегінің айналасында спиральды дөңгеленіп үш қатар болып солға 
қарай бүрылып жатқан ірі мембранеллалары бар.
Дененің басқа бөлімдері жалаңаш. Бұл отрядтың көп түрлері бір 
жерге бекініп тіршілік етеді, сондықтан дененің артқы жағында 
жиырылатын не жиырылмайтын сабақшалары болады. Көбінесе үлкен 
қауымдар құрайтын Zoothamnium, Carchesium, Campanella, Vorti- 
cella туыстары (23-сурет) жиырылатын сабақшасы арқылы бекінеді. 
Бекініп тіршілік ететін инфузориялар Sessilia отряд тармағын құ- 
райды. Mobilia отряд тармағындағылар еркін жылжып жүретін 
инфузориялар. Trichodina туыстары 
балықтардың паразиттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет