Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет36/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

20-сурет.
Инфузория ту ­
фелька 
Paramaecium cau- 
datum: 1 - кірпікшелер, 2 - ас 
қорыту вакуолі, 3 микро­
нуклеус, 4 
ауыз тесігі, 

ж ұтқы нш ақ (цитоф а- 
ринкс), 6 
кылаулатқыш, 
7 - жиырылғыш вакуолі, 8 
макронуклеус, 9 - трихоцис­
талар
62


ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Ac қорыту вакуольдердің құрылуы сыртқы температураға байла- 
нысты. Қоршаған ортасы неғұрлым жылы болса вакуольдің түзілуі 
де тез болады, инфузорияның қоректенуі де жиілейді.
Барлық инфузориялардың жиырылғыш вакуольдері эктоплазма 
және эндоплазманың арасында орналасқан. Олардың қызметі амеба 
мен талшықтылардың жиырылғыш вакуольдері сияқты үнемі 
жиырылып, осмос қысымын реттейді, зәр шығарады және тыныс 
алады. Бірақ инфузория вакуольдерінің құрылысы күрделі. Оларды 
вакуольдің өзі немесе орталық резервуар және оны қоршап жатқан 
жұлдыз тәрізді қосымша вакуольдер құрайды. Орталық резервуар 
қосымша вакуольдермен түтіктер арқылы және қоршаған ортамен 
арнайы зәр шығаратын тесік арқылы жалғасады.
Цитоплазмадағы артық сұйық заттар қосымша вакуольдеріне 
жиналып, түтікшелер арқылы орталық вакуольге немесе резервуарға 
құйылады. Резервуар жиырылып сұйықтарды арнайы тесікпен сыртқа 
шығарады. Туфельканың алдыңғы және артқы жағындағы орналасқан 
вакуольдері кезектесіп жиырылады.
Цитоплазмада екі ядро орналасқан. Үлкен макронуклеус және 
кіші - микронуклеус. Макронуклеус хроматинге бай, үрме бұршақ 
дәні тәрізді, көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейді, сон- 
дықтан да макронуклеус вегетативті ядро деп аталады. Макро- 
нуклеустің ойыс жағында кішкене микронуклеус орналасқан, ол тек 
қана көбею қызметін атқарады, сондықтан ол 
генеративті ядро. 
Парамеция барлық инфузориялар сияқты жыныссыз жолмен көлде- 
нең бөлініп, көбейеді.
Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді 
жынысты жолмен көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы конъю­
гация деп аталады. Коньюгацияның копуляциядан айырмашылығы 
екі ядроның қосылуы.
Конъюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен 
басталады. Бүлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфу­
зориялар бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузорияларды 
коньюганттар деп атайды (21-сурет). Пелликулаларының жанасқан 
жері еріп, сол жерде цитоплазмалық көпіршік пайда болады. Макро­
нуклеус ядролары да еріп кетеді. Инфузорияның екеуінің де микро­
нуклеус! екі рет бөлінеді, сөйтіп әрқайсысында торт ядро пайда 
болады. Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған төртінші ядро тағы да 
2-ге бөлінеді - біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Бұларды пронуклеус 
деп атайды. Үлкен пронуклеус аналық ядро, жылжымайтын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет