ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Ғалымдардың көпшілігі бірінші ұсынысты қолдап, сифоно-
форалар колониальды гидроидтылардан пайда болып, жеке жүзіп
тіршілік етуге бейімделген колониальды жануарлар деп есептейді.
Бұған дәлел болатыны
сифонофоралардың даму тарихы және
колониядағы пневматофора, нектофоралары, гонозоидтары
меду-
залық формалары болса, ал гастрозоид пен пальпондары (цисто-
зоидтар) түрі өзгерген полиптер болып табылады.
СЦИФОМЕДУЗАЛАР КЛАСЫ
SCYPHOZOA
Бұл кластың тек теңіздерде тіршілік ететін 200-ден аса түрлері
белгілі. Құрылысы жағынан гидроидты медузаларға ұқсас,
айырмашылығы олардан ірі және желкенсіз болады.
Құрылысы мен физиологиясы.
Сцифомедузалардың өкілі
ретінде аурелия ауританы (Aurelia aurita) алуға болады. Аурелияның
шатыр пішінді денесінің астыңғы (төменгі) ойыс жағында төрт
бұрышты ауыз тесігі болады, оны қорегін ұстап алатын төрт
Достарыңызбен бөлісу: