Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет63/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   250
Экологиясы
Сифонофоралар тропиктік және жылы теңіздерде 
көп кездеседі. Пневматофора мен нектофораларының көмегімен бүкіл 
колония судьщ ішіңде қалқып жүзіп жүреді.
Physalia physalis “португаль кемешігінің” пневматофорасының 
ұзындығы 20-30 см, желкен тәрізді, судың бетіне шығып тұрады да, 
колонияны суға батырмай жылжытады.
Дене мөлшері әр түрлі: ұзындығы 1 см-ге дейін Diphyes туыс- 
тарында, Apolemia өкілдерінің ұзындығы 2-3 м-ге дейін, ал Physalia 
physalis-тың ұзындығы 1 м, қармалауыштары 10 м, пневматофораның 
биіктігі 20-30 см. Көпшілігі мөлдір түсті болып келеді, бірақ кейбір 
бөлімдері қанық түске боялған, мысалы, “португаль кемешігінің” 
пневматофорасы қызғылт немесе көгілдір.
Филогениясы. 
Сифонофоралардың құрылыс ерекшеліктеріне 
қарап ғалымдар екі көзқарасты ұсынды: біріншісі сифонофоралар 
полиморфты колониальды жануарлар; екіншісі 
жеке күрделі 
организмдер, зооидтар олардың мүшелері деп дәледделген.
112


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Ғалымдардың көпшілігі бірінші ұсынысты қолдап, сифоно- 
форалар колониальды гидроидтылардан пайда болып, жеке жүзіп 
тіршілік етуге бейімделген колониальды жануарлар деп есептейді. 
Бұған дәлел болатыны 
сифонофоралардың даму тарихы және 
колониядағы пневматофора, нектофоралары, гонозоидтары 
меду- 
залық формалары болса, ал гастрозоид пен пальпондары (цисто- 
зоидтар) түрі өзгерген полиптер болып табылады.
СЦИФОМЕДУЗАЛАР КЛАСЫ 
SCYPHOZOA
Бұл кластың тек теңіздерде тіршілік ететін 200-ден аса түрлері 
белгілі. Құрылысы жағынан гидроидты медузаларға ұқсас, 
айырмашылығы олардан ірі және желкенсіз болады.
Құрылысы мен физиологиясы. 
Сцифомедузалардың өкілі 
ретінде аурелия ауританы (Aurelia aurita) алуға болады. Аурелияның 
шатыр пішінді денесінің астыңғы (төменгі) ойыс жағында төрт 
бұрышты ауыз тесігі болады, оны қорегін ұстап алатын төрт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет