ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Гидромедузалар отряды - Trachylida
Полиптік ұрпақтары жойылған, таза гидромедуза күйінде
теңіздерде тіршілік етеді.
Aglantha туысының өкілдері бүкіл дүние жүзілік
мұхитта
кездеседі.
Cunina туысының личинкалары
Leptolida медузаларының
паразиттері.
Гидромедузалардың арасында
омыртқалы жануарларға зиян
келтіретін түрлері бар. Мысалы, Polypodium hydriforme (система-
тикалық жағдайы анықталмаған) алғашқы даму кезеңінде бекіре
балықтарының уылдырығында паразиттік тіршілік етеді. Ол Еділ,
Дон, Сулака өзендерінен және Арал теңізінен табылған.
Хондрофора отряды - Chondrophora
Тропика теңіздерінің беткі қабаттарында (плейстон)
жеке тіршілік
ететін ірі полиптер. Денесі диск тәрізді, ауыз тесігі, қармалауыш-
тары, гонофоралары
денесінің төменгі жағында, ал үстіңгі жағында,
текаға ұқсас хитинді қабық жақсы дамыған (Porpita туысында).
Кейбір түрлерінде (Velella туысында) хитинді қабық үшбұрышты
өскін түрінде дамып - желкен деп аталады. Соның көмегімен
полиптер теңіздің бетінде жүзіп жүреді.
Гидроидтылар байыргы жануарлар.
Олардың қазба түрлері
силур дәуірінің қабаттарынан табылған. Әсіресе, С аС 03-ге бай
қаңқасы жақсы дамыған Hydrocorallia өкілдерінің таңбалы қалдық-
тары жиі кездеседі. Кембрий дәуірінде Тһесарһога
қалдықтарының
табылғандығы жөнінде мағлұматтар келтірілген.
СИФОНОФОРАЛАР КЛАСС ТАРМАРЫ
SIPHONOPHORA
Сифонофоралар жылы теңіздерде еркін жүзіп тіршілік ететін
ерекше колониялы жануарлар.
Колония құрайтын особьтары
құрылысы мен физиологиясы жағынан әр түрлі, оларды зооидтар
деп атайды.
Зооидтар колонияның полиптік және медузоидты особьтары,
атқаратын
қызметіне қарай
гастрозоид, цистозоид, гонозоид
деп
аталады. Олар шоғырланып кормидия деген топтарды түзейді,
әрқай-
сысының арасында буын аралығы болып, оларды түрі өзгерген тақта
жауып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: