Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Теңіз гидроидты полиптер отряды



Pdf көрінісі
бет60/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

Теңіз гидроидты полиптер отряды 
Leptolida
Бүкіл жер жүзіндегі теңіздерде кең таралган, тек Limnomedusae 
отряд тармағының кейбір түрлері тұщы суларда кездеседі.
Бұл отряд торт отряд тармағына бөлінген: Athecata, Thecaphora,
108


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Limnomedusa, Hydrocorallia. Athecata және Thecaphora отряд 
тармағының өкілдері өте көп және теңіздегі жануарлар дүниесінде 
көрнекті орын алады. Бұлар метагенез жолымен дамиды. Гидроидты 
ұрпақтары ағашқа немесе бұтақтарға ұқсас колония құрып өседі 
де, қалың тоғай сияқтанып кетеді. Оның арасында неше түрлі орга- 
низмдер қоныстанып, барлығы ерекше гидроидты тоғай биоценозын 
құрайды.
Athecata отряд тармағының Тһесарһога-дан айырмашылығы: 
колониядағы гидранттардың гидротекасы дамымаған, жыныс бездері 
ауыз сабақшасында орналасқан, медузалары 
антомедуза деп 
аталады, даму сатысында медузалық ұрпақтары редукцияга ұшырап
медузоида, гонофора, споросак деген формаларына айналады. 
Бұларға жататындар Tubularia, Sarsia, Branchiocerianthus, Clava, 
Cordylophora туыстары. Біздің Каспий теңізінде көп мөлшерде 
Cordylophora caspia түрлері мекендейді. Олар Балтық, Азов пен Қара 
теңіздердің суы тұщы жерлерінде де кең тараған.
Thecaphora отряд тармағының колониядағы гидранттарының 
гидротекасы жақсы дамыған, жыныс бездері радиальды түтікшелер 
астында орналасқан, медузалары лептомедуза деп аталады, полиптік 
және медузалық формалары кезектесіп, ұрпақ алмасу жолы жақсы 
дамыған. Бұларға жататын: Obelia, Sertularia, Mitrocoma туыстары.
Limnomedusae отряд тармағының медузалық ұрпақтары басым 
болып, полиптері колония құрмай жеке тіршілік етеді. Теңіздерде 
және тұщы суларда кездесетін бірнеше түрлері белгілі. Мысалы, 
тропиктік және субтропиктік тұщы су қоймаларында және тропиктік 
жануарлар мен өсімдіктер өсірілетін аквариумдарда, қолдан жасалған 
бассейндерде кішкене Craspedacusta медузасы кездеседі. Оның 
полиптік ұрпағы рудиментті 
микрогидра деп аталады. Табиғи 
күйінде Craspedacusta Тульск облысынан, Дон өзенінен, Бұхара 
маңындағы су қоймаларынан табылған. Ал күйдіргіш күші бар улы 
медуза “крестовичок” -Gonionemus vertens Жапония теңізінің 
жағалауында, Курилл аралдарын қоршаған теңіздерде мекен- 
дейді.
Hydrocorallia отряд тармағының өкілдері қоңыржай және 
тропиктік теңіздерді жайлаған. Олардың медузалық ұрпақтары жо- 
йылған, полиптерінің эктодерма клеткалары ізбесті қаңқасын түзеп, 
колония бұталарының арасын толтырып, маржан полиптерге ұқсас, 
гидромаржандар деп аталатын колонияларды құрайды. Бұларға 
Stylaster, Allopora туыстары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет