Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


АЛТЫ СӘУЛЕЛІ МАРЖАНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ



Pdf көрінісі
бет72/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

АЛТЫ СӘУЛЕЛІ МАРЖАНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ
HEXACORALLIA
Қармалауыштарының, септаларының саны алтыға еселеніп келеді. 
Жеке тіршілік ететін немесе колониальды формалар. Бес отрядқа бө- 
лінеді, солардың ішінде негізгісі - актиниялар немесе теңіз гүлдері 
Actiniaria және мадрепоралы маржандар отряды Madreporaria.
Актиниялар 
Actiniaria-отрядына қанқасы дамымаған, жеке 
тіршілік ететін, денесі цилиндр тәрізді, сырт бейнесі гүл сияқтанған, 
түрлі түсті полиптер жатады. Кейбіреулерінің диаметрі 60 см. Табан- 
ша бұлшықеттерін жиырып-созып, орынын ауыстырып отырады.
Актиниялар Арктика, Антарктика суларында, Атлант, Үнді, 
Тынық мұхиттарында мекендейді. Actinia eguina теңіздердің жаға- 
лауларында кездеседі.
Sagartia туысының өкілдері тақуа шаянымен (Pagurus bernhardus) 
селбесіп тіршілік етеді. Актиния шаянды жауынан корғайды, қорегін 
табуына көмектеседі, ал шаян оны бір орыннан екінші орынға 
ауыстырып, қоректік затты көп аулауына мүмкіндік туғызады (44,Б- 
сурет).
Мадрепоралы маржандар 
Madreporaria-отрядына риф түзуші 
полиптер жатады. Колониальды формалар, ізбесті қаңқасы сырттай 
орналасып, мықты бір түтас құрылысты болып келеді. Жылы теңіз- 
дерде, Атлант, Үнді, Тынық мұхиттарының тропикалық аймағында
125


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
кең тараған. Негізгі туыстары: Madrepora, Coeloria, Leptoria. 
Meandrivia. Олардың триас дәуірінен бастап тіршілік еткені белгілі.
Цериантария 
Ceriantharia-отрядының өкілдері актинияларға 
ұқсас, қаңқасы дамымаған, жеке особьтары теңіздің түбіне көміліп 
тіршілік етеді. Тропиктік жылы теңіздерде мекендейді.
Зоантария 
Zoantharia-отрядына жеке тіршілік ететін немесе 
колониальды полиптер жатады. Қаңқасы жоқ. Тропиктік жылы 
теңіздерде мекендейді, өте сирек кездеседі.
Антипатария - Antipataria-отрядының өкілдері колониальды 
формалар, қаңқасы мүйізді органикалық заттардан құралған, құра- 
мында йод пен бром 
6%
мөлшерінде. Тропиктік мүхиттарда кең 
тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет