Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


  СТУДЕНТ ПЕН ОҚЫТУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС, ОЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет10/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 


25 
СТУДЕНТ ПЕН ОҚЫТУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС, ОЛАРДЫҢ 
ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН КЕДЕРГІЛЕР МЕН ҚАЙШЫЛЫҚТАР 
МӘСЕЛЕСІ 
Айтбаева Ж.А., Ертукешова Г.М. 
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» 
Психология ғылымының кез-келген мәселесі адамның жан дүниесінің, қоғам мен 
әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық, 
болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасты. 
Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын 
зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі 
жетекшілерге жете зер салып, көңіл аудартып отырған маңызды мәселенің бірі- адамдар 
арасындағы тұлғааралық қарым- қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия 
сыры және оның кілті неде деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.
Осындай мәселенің байыбын барлап, оның себеп – салдарын анықтау, тиімді 
жолын табу әлеуметтік өмірде адамның мінез – құлқының қалыпты дамуын қамтамасыз 
ете алмай, оған зиянды әсер етері даусыз. Мұндай жайт қоғам өмірінің шиеленіскен 
дағдарысты жағдайда қазіргі қоғам адамдарына ғана емес, болашақ ұрпақтың бойында да 
жағымсыз мінез – құлықтардың туындауына теріс ықпал етуімүмкін. Қазіргі кезде сондай 
жағымсыз қылықтар адамдар арасындағы қарым- қатынаста да жиі байқалып отыр. Қарым 
– қатынас жасау адамға ғана тән табиғи қасиет. Ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени 
өмірінде тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. 
Адамдардың өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі ағза тіршілігі үшін су мен ауа, күн 
шұғыласы сияқты табиғи қажеттілктерімен бірдей. 
Адамдардың бір - бірімен дұрыс қарым- қатынас жасауы, адамдар үшін , оның 
жалпы тұлғалық дамуы мен қалыптасуында өте маңызды. Осы орайда адамдардың 
күнделікті өмірдегі кәсіптік саладағы өзара тілдесіп, дұрыс қарым - қатынас жасауының 
оның рухани өмірімен тіршілік бейнесінің қалыпты дамуына қаншалықты әсер ететіндігін 
жете түсінуге болады. Егер ұстаздық қызметте шәкірттермен дұрыс қарым – қатынас 
жасай алмаса, осы мамандық саласында істейтін адамдардың бәрі де рухани жағынан өсіп 
жетіліп, өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әрқилы тоқырауға ұшырауы мүмкін.
Ұстаздар мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау, тұлғааралық 
қайшылық мәселесі- психология ғылымындағы және тәлім – тәрбие ісіндегі әрі маңызды, 
әрі күрделі мәселелердің қатарына жатады. Ұстаздар мен шәкірттер, тәлімгерлер арасында 
қарым – қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшелктер мен сипаттар, түрліше түсініктер бар 
екендігін көрсетеді. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жайттың бірі – мұғалім мен шәкірттер 
арасындағы қарым – қатынас жасауда үнемі әрқилы қиыншылықтардың, кедергілердің 
кездесіп отыратындығы. 
Жоғарғы оқу орындарында нағыз маманның қалыптасып, оның тұлғасының 
дамуындағы күрделі процесте оқытушының атқаратын рөлі ерекше. Бұл мәселені 
зерттеушілерге (А.А. Бодалев, З.Ф. Есарева, Н.Ф. Кузьмина) жоғарғы оқу орындарындағы 
оқытушылардың кәсіптік іс - әрекетінің көзі тәрбиелік қарым – қатынас болып табылады. 
Оқытушылардың студенттермен тәрбиелік қарым – қатынасы нәтижесі студенттің тұтас, 
жан – жақты әлеуметтік – белсенді тұлға ретінде қалыптасуы, жоғарғы оқу орнын 
жетістікпен аяқтау мақсатының орындалу дәрежесін анықтайды. 
Сонымен студент тұлғасының қалыптасуында оқытушымен өзара дұрыс қарым – 
қатынас үлкен рөл атқарады. Бірақ кейде осы күрделі қарым – қатынаста қарама - 
қайшылықтар, кедергілер нәтижесіндегі конфликтілер, тұлғааралық түсініспеушіліктер 
жиі туындайды. Осы мәселені анықтау барысында арнайы жүргізілген психологиялық 
зерттеулер студенттер мен оқытушылар өзара қатынасында эмоционалды және 


26 
тұлғааралық түсініспеушілік тұрғысында әрқилы кедергілердің болатындығын анықтады. 
әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу 
тәлім – тәрбие ісіндегі маңызды мәселе болып саналады. 
Біздің өміріміз, өмірдің басталып аяқталғанына дейін үздіксіз кездесетін 
кедергілерден арылу процесінен тұрады. Кедергілердің түрлері өте көп, мысалы: 
физиологиялық, рухани, әлеуметтік, ақпараттық, құндылықтық; біздің өміріміз осы 
кедергілерді шешу, қанағаттандыру мақсатымен жүреді. Атақты бір классиктің 
айтқанындай өмір дегеніміз – күрес. Сондықтан да адамдар өмір бойы күрес жағдайынан 
өтеді. 
Адамға білім, ерік, энергия, ерекшелік, қабілет, мінез – құлықтың керегі не? Деген 
сұраққа басты жауап – мақсатқа жетудегі кедергілерді жою. өмірдің барлық қуаныштары 
мен өкініштері, шарықтау және құлау шектері өмірде әр түрлі кедергілерден өту 
процестерімен тығыз байланысты.
Кедергі түсінігінің эвристикалық болашағын ең алғаш әлемдік психологияның ең 
бір күшті бағытын қалаушы З. Фрейд болып табылады. Психоанализдің теориясында 
адамның мінез – құлқы екі категорияда қарастырылады. Олар: «катексис» - белгілі бір 
объектілерге бағытталған, босаңсуды талап ететін инстинктілердің психикалық 
энергиясы. Ал, антикатексис – инстинкттерді қанағаттандвру жолындағы кедергілер. 
Мінез – құлық дегеніміз – барлық психодинаикалық процестер ішкі және сыртқы 
кедергілер мен инстинкттердің өзара әрекеттестігінде көрініс табады [1, 12 – 13 б.]. 
Қазіргі заманда конфликт мәселесі ең бір актуалды мәселелердің бірі. Адамдар 
арасындағы конфликт мәселесінің кеңдігі және күрделілігі сондай, ол кез – келген бір 
білім облысының зерттелу монополиясы бола алмайды. Кофликтіні заңтанушылар, 
өнертанушылар, философтар, әлеуметтанушылар, психологтар зерттейді. 
Конфликт латын тілінен аударылғанда – «қақтығыс» деген мағынаны білдіреді [2, 
84 б.]. Кофликт қиын шешілетін шиеленістер, қарама – қарсы қызығушылықтар түйіскен 
кезде пайда болады. «Конфликт» - жеке адам, әлеуметтік топ, социум деңгейіндегі қарама 
– қарсылық күресінің бейнесі [3, 18 – 19 б.]. Сондықтан, конфликт лидерлік 
қатынастардың нормасы деп айту дұрыс. Эксперименталды психологтар кофликтке 
мынандай анықтама береді: «Бақыланатын субъектілер бір – біріне қарама – қарсы 
бағытталған күштер әсер еткенде пайда болатын эмоционалды шиеленіскен күй». 
«Конфликт» ұғымы И.П. Павловтың ғылыми мектебінен келген «невроз», «қиын күй» 
деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.
Қазіргі кезде қарым – қатынас мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. 
Соңғы он жылда осы мәселелер төңірегінде басылып шыққан теоретикалық – 
экспериментті түрде дәлелденген. Қарым – қатынастың алғашқы турлері мен типтерінің 
алғашқы классификациясының (Л. П. Буева , Л.С Выготский, А.С. Золотнякова, И.С. Кон, 
Б.Ф. Ломов, А.А. Леонтьев, Б.Д. Парыгин, С.Л. Рубинштейн, А.А. Бодалев және т.б. 
жасаған). Біз өзара түсіністіктің орнын қарым – қатынас құрылымында қарастыруға 
тырыстық. 
Біреулер студент тұлғасын мектептен қалыптасқан, оларды өзгерте алмайсың 
дейді, ал екінші біреулер студенттерді түсіну олардың білікті маман, толықтаы 
қалыптасқан тұлға ретінде жетістіктерге жетуі үшін маңызы зор деп алады. 
Мұндай көзқарастың қалыптасуының негізгі бір себебі, бізде әлі күнге дейін 
жоғарғы оқу орнында басты зейін оқытушының өз пәнін жан – жақты білуіне, сабақты 
жүргізу әдістеріне, ғылыми дайындығына, білімінің жан – жақтылығына үлкен мән 
беріледі. Сондықтан да көптеген ұстаздар өз шәкірттерін толықтай білмейді. Студенттерге 
деген қатынас және олардың мінез – құлқының ерекшеліктері олардың ішкі жан дүниесіне 
ену болып табылады. Бұл жәйтке назар тек конфликтілі жағдай туындағанда, немесе 
қоғам нормаларын бұзғанда ғана аударылады.
Оқытушыларда белгілі бір студент жайлы нақты көзқарастардың қалыптасуына 
бағалау стереотиптер үлкен рөл атқарады. Ал, бұл стереотиптер оқытушының бүкіл 


27 
педагогикалық тәжірибесіндегі қалыптасқан әр түрлі категориядағы студенттермен қарым 
– қатынасынан6 танымынан көрініс табады. Бағалау стереотиптері арқылы оқытушы 
берілген топ туралы, сол топтағы студент туралы көзқарастарының қалыптасуына ықпал 
етеді. Сонымен қатар қалыптасып қалған стереотиптер студенттің өзіндік тұлғалық 
ерекшеліктерін, шынайы айқын көрсететін мінез – құлқын көруге кедергілер келтіруі 
мүмкін.
Сонымен қатар оқытушының студентті танып білуінде кері әсер ететін 
құбылыстардың бірі проекциялау құбылысы. Ол дегеніміз, яғни ұстаздың өзіне тән 
қасиеттерін, күйлерін студент бойынан іздеу. Ұстаз студент іс - әрекетінен қазіргі мезетте 
өзін толғандыратын қасиеттерді іздеп, ерекше зейін қоюы мүмкін. 
Кей жағдайларда студент пен ұстаз өзарақатынасында кедіргілердің туындауына 
қарым – қатынас шарттары болып табылады. Яғни көп жағдайларда оқу процесімен 
шектелген, сондықтан да ұстаз бен студенттің семинарда, дәрісте, практикада бір – бірі 
туралы алатын әсерлері мен көзқарастарының қалыптасуы өте жеткіліксіз. Осы мәселеге 
байланысты барлық ұстаздарды студенттермен сабақтан тыс жұмыстар жүргізуге шақыру 
жөнінде сұрақ туындайды. Студентті тануда көп мәліметтерді жатақханаларда, ауыл 
шаруашылық практикаларда, студенттік кештерде, туристік қыдыруларда нәтижелі болып 
келеді. Бұл жағдайларда ұтымды орында кураторлар болып келеді, себебі олар студенттер 
жайлы керекті барлық мағлұматтарды жинақтай алады. 
Студент пен ұстаз қарым – қатынасында кедергіледің болдырмау шарттарының 
бірі: ұстаздың студент өміріне, көңіл бөле алу, шығармашылық формальды емес қатынас 
орната алу болып табылады. Басқаша оның тұлғалық қасиеттерін, ерекшеліктерін аңғара 
алмайсың.
Қарым – қатынастағы кедергі – жоғары оқу орнында айтарлықтай жиі кездесетін 
құбылыс, олар әртүрлі болады. Студенттер мен оқытушылар арасында туындайтын 
тұлғааралық қайшылықты біз, студенттер мен оқытушылардың оқу тәрбие ісіндегі қарым 
– қатынасында және өзара әрекетінде болатын екі жақтың да мақсатқа жетуге 
қақтығыстары және көзқарастардың сәйкес келмеуі, қызығушылықтарының нұсқаулары, 
мінез – құлық тәсілдерінің жағдайы ретінде анықтаймыз [4, 23 – 25 б.]. 
Ең басты қайшылықтың шығуына негіз болатын себеп – мұғалімдердің 
оқушыларымен бірдей қарым – қатынас жасамауы, пікірлерімен санаспауы, оқушылармен 
сөйлескенде үнемі сыпайылылық пен әдептілік үлгісін сақтамауы, оқушылардың жан 
дүниесін айтпай – ақ түсініп, үнемі сезімталдық көрсетпеуі т.б., көптеген қарапайым 
әдепті сақтамаулары жатады. 
Қоғам нарықтық қатынастарға көшіп, адамның қалыпты жағдайдағы іс-әрекетін 
ұзақ жылдар бойы реттеп келген бұрынғы өмірлік мұраттары мен құндылықтары өзгерген 
шақта, қазіргі уақыт кезең адамдарды мейлінше саналы таңдау жолына икемдеп, жаңаша 
бейімделу мәселесін алдыға тартады. Әсіресе, қоғамдағы білім беру саласындағы үлкен 
өзгерістер білім мазмұнының қазіргі талаптарға сәйкес болуын қажет етіп отыр.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
Лабунская В.А. Психология затрудненного общения, теория, методы, диагностика, 
коррекция- М., 2001. - 288 с. 
Сарджвеладзе Н.И. Личность и ее взаймоотношение с социальной средой.Софья, 
2001.- 416 с.
Сүлейменова С. Мұғалім мен оқушылар арасындағы тартыс // Қазақстан мектебі, 
№3, 1980. – 98 бет 
Середницкая И.Я. Психологический анализ кризиса идентичности у студенческой 
молодежи- Одесса, 2005. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет