Қуыс кеуде – бос, дәрменсіз деген мағынада айтылған.
2.Абай өзінің балалық, шалалық мінезінің бірін мынандай суық пішінді
үлкендердің ортасына ұяла бастады. (14 – бет)
Суық пішін – ренішті, жатырқап, жатсына қараған пішін.
3.Жаным – ау, қасқыр бала екен ғой мынау! – деді. (16– бет)
Қасқыр бала – беті ештеңеден қайтпайтын, қайсар, жүрек жұтқан деген мағынада
қолданылған.
4.Әрі қолы ұзын, малды. (22-бет)
Қолы ұзын – не істеймін десе де қолынан келетін кісі туралы айтылған.
5.Сөзге жүйрік, мінез бенен іске де алғыр. (22-бет)
Сөзге жүйрік – келістіріп сөйлей алатын, ойын еркін айтатын кісі.
6.Құнанбай Майбасар мінезін білсе де түсірмеді. Өзінің қара күші, зілі сияқты
болатын осындай бір Майбасардың жүруін мақұл көрді. (22-бет)
Қара күш - дүлей қайрат, мылқау күш деген мағынада айтылған.
7.Үндемей біраз тұрып, қабағы шытулы күйінде қатты күрсінді де, айналып жүріп
кетті. (23-бет)
Қабағы шытулы – жақтырмаған кейіп таныту.
8.Бірақ Құнанбай «шаш ал десе бас алатын» Майбасардың өзінен асқан бүлік,
бұзақы Құнанбайдың өзі. (32 – бет)
Шаш ал десе бас алатын - әпер бақан ұр да жық деген адамға қатысты.
9.Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересінің бірі
Абай – ды. (9- бет)
Құлағы мүкіс тартқан – құлағы нашар еститін кісі.
10.Біраз басында өздері жайып жіберіп, кейін осы өсек еріккен қызыл ауыздың
бәрін кернеп кеткен уақытта Сүйіндік тағы бір келіп, Жексеннен енді анық дерегін
сұраған ғой. (33-бет)
Қызыл ауыз – көп сөйлейтін мылжың ауыз жайлы айтылған.
11.«Мұндағы жұрт – қызыл қарын жас бала емес, өлмесін білетін болды»,- деді
Абай.(33-бет)
Қызыл қарын жас бала – ес біліп, етек жаппаған, буыны қатпаған деген
мағынада қолданылған.
12.Абай әкесінің сөз желісінің түп мәнісін түсінген жоқ.(33-бет)