Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет111/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ - НҰРЛЫ ЖОЛЫ 
Исаева А.Н., Мұхтаров К.Т. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Мәңгілік ел идеясы – бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры 
тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын 
жағдайларды: ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу- 
барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде – біріне мойымастан бүгінгі күнге де 
аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі – ақ мәңгі ел керегесі. 550 жыл 
бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәләмай, қайғы көрсек 
тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып – таспай бүгінгі күнге аман – есен жеткеніміз біз 
үшін үлкен бақыт.Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік 
елдің ірге тасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел 
болуы, құрылуы осының айғағы. Әлемде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта 
орналасқан қазақ жерін , қазақ елін мәңгілік ел болып қалуы үшін батырларымыз 
жаулармен бетпе – бет келіп, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Шапырашты 
Наурызбай қазақтың ұлтарақтай жерін жауға бермей, қызғыштай қорғап, халық қорғаны 
бола білді.Қолдан жасалған ашаршылықтың өзі қаншама қазақты қырғанымен қоймай, бір 
– біріне жауыз, ашкөз жәндіктей қылып , бірінің етін біріне жегізіп, қазақтың санын 
кемітіп, қала берсе басқа мемелекеттерге ауып кетіп, тарихи отанын кітаптардан оқитын 
тарыдай шашылған қазақтардың бытырауына себепкер де болды емес пе? Оның біреуін де 
көрмеген біз қандай бақытты ұрпақ едік! 
Ал Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыста аталарымызды айтпағанда, 
аналарымыз Әлия Мәншүк, Хиуаз сияқты батыр аналарымыздың өзі қан майданда 
ерлікпен шайқасты . Соғыстың сұрапыл жылдарында соғыстағы аталарымыз бен 
аналарымыздың орны бір бөлек болса, тылда еңбек еткен ауыл адамдарының да еңбегі 
ұшан-теңіз. Сонда да бізді қазақ деп ешкім мойындамады. Ресейдің қол астында болып ең 
басты, ең маңызды байлығымыз болған салт- дәстүрімізді, әдет – ғұрпымызды, тілімізді, 
дінімізді жоғалттық. Жетпіс жыл орысша сайрадық. Бұл жылдарда елдің ел болып, ұлттың 
ұлт болып қалуы үшін батырларымыз атқа мініп, алаңға шығып, білектің күшімен 
күрессе, әдебиетте ақын-жазушыларымыз қаламның ұшымен күресе білді. 
Бұдан кейінгі жылдарда да Тәуелсіздік үшін болған күрестерде де жеңіске жетіп, 
1991 жылы Қазақ елі тәуелсіздігіне де қолын жеткізді. Бұл күн бүкіл қазақ халқы үшін 
ұмытылмас, асқан бір мейрам да болды, қайсар жастарын жоғалтқан қаралы күн де болды. 
Бұлт артынан күн шығады деп, қазақ барлық қайғыны ұмытты да, осы күнге шүкірлігін 
айтты. 
Иә, бұл күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Жеріміздің 
кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын 
қалаған,тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне 
сеніммен қарай білетін, дербес те, тәуелсіз ұлтпыз. Асан қайғының армандаған «қой 
үстіне бозторғай жұмыртқалаған » заманы қазақтың басына енді туды. Ол – Тәуелсіздік. 
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман – Мәңгілік ел.Тәулсіздікпен бірге 
халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі тәуелсіздігіміздің тірегі 
болған ел астанасы-Астана қаламызды тұрғыздық. Ендеше , қазақ елінің Ұлттық Идеясы - 
Мәңгілік ел! Көз қарашығымыздай сақтау мәңгі мұратымыз. Осыдан 13 ғасыр бұрын 
Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің 
жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын 
көрсетеді[1]. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Егер біз 


238 
мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз 
келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық 
даналығының негізінде жатыр»[2] деген еді. Сондықтан «Қазақстан жолы – 2050: бір 
мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-
бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын – Қазақ елінің ұлттық идеясы ретінде 
жариялап отыр. 
«Қазақстан жолы - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі 
жол. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның 
Тәуелсіздігін нығайту! 

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір 
сүруге деген талпынысымыз! 

Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан 
Республикасының өркендеуі[3].
Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа «Мәңгі Ел» 
ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой 
қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың 
әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен 
жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау 
кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы Дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол 
Қорқыттың ажалдан қашқанынан, ақын Ж. Молдағалиевтің: «Мен қазақпын мың өліп, 
мың тірілген» деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. XVIII ғасырда Әбілқайыр 
ханның: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден 
ешқашан айырылмайды», ХХ ғасырда Ә. Бөкейханның: «Қияметке шейін қазақ қазақ 
болып жасамақ» дегенінен де мәңгілікке нық сенім еседі.[4] 
2014 жылдың 17 қаңтарында Қзақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауында «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 
жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның 
ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел 
тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», - деп бастады. Бұл орайда елең 
еткізген жаңалық тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының 
жариялануы. Бұл Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін - 
тұжырымы. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны 
десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана 
емес,Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының 
нәтижелері арқылы қол жеткен асу."Мәңгілік ел"ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи 
негіздерін көрсету маңызды болып табылады. Қазіргі уақытта Мәңгілік Ел болу үшін 
азаматтарымыз білім, ғылыммен мықты қаруланған болуы қажет.Себебі, кез келген 
мемлекеттің басты байлығы ол халқы, адам капиталы. Сондықтан Мәңгілік Ел болу үшін 
әр азаматымыз осы бағытта жұмыс жасауы керек. Бұл әрине оңай шаруа емес. Мырзатай 
Жолдасбеков ағамыздың сөзімен айтатын болсақ: «Қазақтың ендігі ұлттық идеологиясы 
осы «Мәңгілік ел» деп ойлаймын. 2050 жылы «Мәңгілік ел» бола саламыз деп ешкім кесім 
жасай алмайды. Елбасы оны айтып оырған жоқ. Қазақтың түпкі арманын меңзеп отыр. 
Халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат- мұрат керек. Бұл кешегі 
жолдауда айтылған, қазақтың көкейіндегісін дөп тапқан сөз болды деп санаймын.» 
Тәуелсіздік – қасиетті сөз, қастерлі де киелі ұғым.Тәуелсіздіктік туын желбіретіп, 
жықпай ұстау, біздің қолымызда. Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетіп, оны көзіміздің 
қарашығындай қорғау, баршамыздың борышымыз. Ұлттық санамыз саяси сілкініс жасап, 
өрлеу жолына түскенде біздің кім екенімізді, ата – бабамыздың қандай болғандығын, ұлан 
байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап, қалай қастерлегенін, кешегі 
тектілердің ұрпағы екінімізді ұғынып, келешекке жеткізу парызымыз. 


239 
Қазақстандағы «Мәңгілік Ел» – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың 
ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы», – дейді Елбасы. Мұндағы «ұлттық» ұғым 
түсінігі барша Қазақстан халқын қамтыған мағына білдірсе, «Мәңгілік Ел» идеясы 
мемлекет құраушы халықтың сан ғасырлық құндылығын ұлықтауын, көпұлтты, көпдінді 
ғана болмасын, межесі мен мәресін айқындайтын іргетасқа төл тарихымыздың 
қойнауында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа аманатталған, бәсеке мен сынақтардан 
шыңдалумен бүгінге жеткен бабалар арманы қаланды. Мәңгілік ел идеясы 
Президентіміздің бес институционалды реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты 
қадам» бағдарламасында орын алды. Ол 100 қадамның ішіндегі 85-қадамда айтылған 
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу[5] мәселесі. . Елбасы міндет еткен 
дамудың биік сатысына көтерілген отыз мемлекеттің қатарына қосылу үшін, тек саяси-
экономикалық, әлеуметтік салаларды ғана күшейтіп қоймай, осы мемлекеттің тірегі 
болатын идеологияны нақтылау қажет. Біздің ойымызша «Мәңгілік ел» патриоттық актісі 
терең ойластырылған және ғылыми негізделген құжат болуы керек. Оның патриоттық, 
идеологиялық 
негізде 
қазақ 
халқының 
тарихи 
арманы 
көрініс табуы тиіс. 
ХХI ғасыр басындағы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы болашаққа , 
кемел келешекке апаратын біз – жастар. Ендеше қияметтің қыл көпірінен сүрінбей өткен, 
Тәуелсіз Қазақстанымның табанының тұғырдан таймауын тілеп, асыл мұраты алға 
жетелесін демекпін. 
Әдебиет 
1.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы 
жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауы. 11 қараша 2014 жыл.
2.Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» Алматы: Ғылым,1996
3.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауы. «Егемен Қазақстан» газеті,2014,17 қаңтар
4.Источник: 
https://e-history.kz/kz/publications/view/2590
 
© e-history.kz 
5.Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 20 мамырдағы 
бағдарламасы «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру 
жөнiндегi 100 нақты қадам» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет