Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет112/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Исаева А., Мадибаева С.К. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқу үрдісіне жаңа 
инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. 
Ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың негізгі мақсаты: біртұтас білімдік 
ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әлемдік білім беру 
кеңістігімен сабақтастыру. Бұл турасында Қазақстан Республикасының Білім туралы 
Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық 
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға 
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың 
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу» - деп көрсетілген. Осы тұжырым білім беру жүйесін 


240 
ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін 
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап 
оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің 
тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осыған сәйкес сабақ үдерісінде жаңа 
ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу, жан-
жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, өзінің пікірін білдіруге және 
өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, 
отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін, өздігінен дамуға 
ұмтылатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру- бүгінгі ұстаздардың алдында 
тұрған міндет. 
Педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның аса көрнекті 
философтары Платон мен Аристотель көзқарастарының ерекше маңызы болды. Платон 
балаларды ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды. Платон 
ойынды тәрбие берудің маңызды құралы деп қарады, балаларды тәрбиелеумен 
шұғылданатын адамдарға қойылатын негізгі талаптарды айқындап берді. 
Аристотель мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және 
маңызды деп бөліп қарады. Бұл кезеңде оның пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен 
қатар ақыл ойды дамытатын әңгімелер пайдалануға тиіс, ал балаларды бес жасынан 
бастап мақсатты түрде мектепке даярлау керек – деп тұжырым жасаған болатын. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында – ХХ ғасырдың басында Европада неміс 
педагогы Ф. Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие теориясы кең таралды. Ол «балалар 
бақшасы» деген терминді енгізді, бұл дүние жүзінде жаппай қабылданды. Сондай-ақ, 
тәрбиеші әйелді Фребель «баулушы» деп атағандығынан оның балаларға деген 
сүйіспеншілігі, педагогтарды баланың есеюіне және дамуына көмектесуге шақырғаны, 
мақсатты педагогикалық ықпалдың маңызына жоғары баға бергені айқын көрінеді. Ол 
балалардың жасына сәйкес бірқатар қарапайым білім мазмұнымен таныстыру қажеттілігін 
атап көрсеткен. Оның идеялары: мектепке дейінгі тәрбиені насихаттау және 
балабақшаларын кең тарату, мектепке дейінгі мекемелер жұмысының теориясын бірінші 
болып жасап, мектепке дейінгі педагогикалық ғылымдардың дербес саласы болып 
бөлінуіне себепкер болды. 
Қазіргі кезде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп 
жатыр. Дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру – білім мен тәрбие берудегі 
мемлекеттік істің ең маңыздысы. Адамзат баласының өз ұрпағын мектепке дейінгі оқыту 
мен тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар 
іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. Білім, 
тәрбие жұмысына жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, құрал-жабдықтарды, жаңа 
тұжырымдамаларды жасап, оларды қолдану инновация деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет