244
Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық модулі бойынша сынып
оқушыларына бағыт - бағдар бере отырып, оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауға
жас ерекшелігіне сай тапсырмалар ұсынамын. Жеті модульдің бірі оқытуда ақпараттық
коммуникациялық технологияларды пайдалану болғандықтан арнайы интербелсенді
тақтамен сынып бөлмем /ағылшын тілі кабинеті/ жабдықталмағандықтан, қазақ тілі, орыс
тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған мультимедиялық кабинетке
бекітілген кесте бойынша кіріп, флипчарттар мен слайдтар көмегімен, электронды
оқулықты қолдана сабақ өтуге тырысамын. Ең бастысы бұл тәсіл оқушылар тарапынан
қолдау
табуда.
Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен «Назарбаев
зияткерлік мектебі» курсы бағдарламасын меңгеруде түйгенім: Оқушыға қалай оқу
керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе
білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық
технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Достарыңызбен бөлісу: