Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет136/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

(1-сурет).
Қызылордадан оңтүстік – батысқа қарай 300 км жердегі 
бұл аймақты жартылай Қызылқұм басып жатыр [3. 20б].
«Мәдени мұра» 
бағдарламасының аясында Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты мен Қорқыт 
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бірлесіп «Шірік-Рабат археологиялық 
экспедициясын» құрды. Жетекшісі – белгілі археолог Жолдасбек Құрманқұлов. Олар 
ескерткіштердегі әр кезеңді қамтитын бірнеше нысанға қазба жұмыстарын жүргізіп 
келеді. Бүгінде 30-ға жуық нысанда археологиялық зерттеулер жасалды. Олардың кейбірі 
толық зерттеліп бітсе, енді басқалары әлі қазылып жатыр. Қазіргі біз астана болған деп 
санайтын Шірік-Рабат қаласының елдің ордасы емес, үлкен қабірстан, яки пантеон 
болғанын да осы экспедиция мәлімдеп отыр. 
Бәбіш Мола кешеніне ала-бекіністер, жерлеу құрылыстары, бірнеше қоныстар және 
суландыру жүйелерінің қалдықтары жатады. Бәбіш Мола ескерткіштер кешеніңдегі 
бекініс-қала қалашығы пахсалы қолдан үйілғен төбеле орналасқан, күйдірілмеген 
кірпіштен қаланған қамалмен (қалыңдығы 5,3 м-ге жуық) қоршалған 
(2-сурет).
Қаланың 
төртбұрышты қорғанының (100x100 м) өн бойында мұнаралары, ішінде төртбұрышты 
(44x44) сарай ғимараты болған. Батыс жағындағы күрделі құрамды пасхалы алаңдары 
(биікт. 3,5 м, аум. 30x30 м) төртбұрышты жерлеу ғимараты (21x21 м, биікт. 7 м) 4 бөліктен 
тұрады [4]. 
Қызылорда облысындағы ірі археологиялық кешендердің бірі – Сырдарияның төменгі 
ағысында орналасқан Жетіасар археологиялық ескерткіш кешені болып табылады 
(3-
сурет).
Жетіасар – б.з.б III-I ғасырлардағы қаңлы тайпаларының орналасқан аймағы 
(Қытай деректерінде Кангюй деп кездеседі). Бұл Қызылорда облысындағы Қармақшы 
ауданының территориясында орналасқан көне қалалар орны, олар толық сақталмай тек 
топырақ үйінділері түрінде жатқандықтан асарлар деп атаған[5, 148 б]. Бұл 
ескерткіштертердің өзіндік ортақ ұқсастықтарына қарай зерттеушілер бір мәдениетке 
топтастырып, олардың негізгі бөлігі шоғырланған Жетіасар шатқалның атымен атаған. 
Бұл аймақтан Бидайық асар, Сырлы асар, Дөңгелек асар, Үңгірлі асар, Томпақ асар, Қара 


290 
асар, Жалпақ асар, Ашақ асар сияқты барлығы 50-ге жуық қала мен жүздеген обасы бар 
қорымдар және суландыру жүйелерінің орындары анықталған. 
Жетіасар І және ІІ кезеңдерінде (б. д. І мыңжылдықтың жартысы) Ортаңғы Сырдария 
аудандарындағы мәдениеттерден (Отырар-Қаратау, Қауыншы) басқа көршілес 
аймақтармен тығыз байланыста болғандығын көреміз. Үшінші кезеңнің аяғында Жетіасар 
шатқалы шөлге айналып, жетіасар мәдениеті Сырдарияның төменгі ағысында жойылады.
Бірақ, Жетіасар шатқалының солтүстік-батысында, қазіргі Сырдарияның сол жағалауында 
Сортөбе І, Сортөбе ІІ сияқты қалалар өмір сүруін жалғастырады. Арал теңізінің шығыс 
маңында Кескен-күйік қала, Күйік қала, Жанкент сияқты, яғни «батпақты қалалар» 
қалыптаса бастайды[6, 221 б. 7,222б].
Бұл қалалардың ішінде ең ірісі Кескен-күйік қала, 
содан кейін Жанкент және Күйік қала болып табылады. 
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында археология мамандығы бойынша тәлім беруге көп 
көңіл бөлінеді. Бұл жастардың өткенді зерделеп, археологиялық жұмыстар жүргізуге 
ынта-талпынысын көтеруге берілген үлкен мүмкіндік.Ал археолог дайындауда 
практиканың яғни іс-тәжірибенің маңызы өте зор. Оқу бағдарламасына сәйкес археология 
және этнология мамандығы бойынша оқитын студенттердің археологиялық іс-тәжірибесін 
далалық жағдайда өткізу, тәжірибе жинақтау мақсатында облыс аумағындағы ежелгі 
қалалардың орнына археологиялық экспедициялардың тиімді өткізілуінің арқасында 
Жанкент, Сортөбе қалаларындағы қазба жұмыстарына қатысып, Қазақстанның киелі 
жерлерінің қатарына енген ескерткіштерді өз көзімізбен көруге мүмкіндік алдық.
ІХ-ХІ ғасырларда Оғыз мемлекетінің астанасы болған, Ұлы Жібек жолының тоғысқан 
торабы - Жанкент шаһары бүгінгі күні республикалық санаттағы археологиялық 
ескерткіш. Көне шаһар қазіргі Қазалы ауданы, Өркендеу ауылынан 1,5 шақырым жерде 
орналасқан. 
Қаланың көлемі 415х230 м (шығыс бөлігінде 320 м). Ескерткіш формасы «Т» әрпі 
тәріздес, шығыстан батысқа қарай созыла орналасқан. Ескерткіштің шығыс бөлігі 
батысына қарағанда кеңірек болып келеді және сыртқы қорғаныс қабырғасы да осы 
бөлікте жақсы сақталған. Қаланың цитаделі қаланың солтүстік-батыс бұрышын алып 
жатыр. Көлемі 100х100 м. 
(4-сурет)
Жанкент дегенде ойымызға талай тарихи оқиғалар 
оралады. Бұл қалада исі түркі баласының абызы атанған Қорқыт атаның кіндігі кесілген. 
Қазақ өнерінде орны бөлек музыкалық аспап – қобыз да ең алғаш осы қалада жасалған 
деген дерек айтылады. Сондай-ақ Жанкент дегенде атақты Бегім ана оқиғасы да елдің 
есіне түседі. Қысқасы, көне шаһар өткен кезеңнің бір үзігі секілді. 
Сортөбе І, ІІ қалаларына 2007 жылы Ж. Құрманқұловтың басшылығымен ШРАЭ-ның 
археологиялық барлау отряды (отряд жетекшісі Ә. Ә. Тәжекеев) және «Археолог» 
халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы» (директоры М. Елеуов) жауапкершілігі шектеулі 
серіктестігінің археологиялық тобы Сортөбеде болып, оның жобасын сызып, суретке 
түсіріп, су шайып жатқан құлама жарқабағында тазарту жұмыстарын жүргізіп, судың 
жағасында, суда жатқан заттарды жинап, олардың суретін салды [8, 5 б].
Сортөбе 
(Ордазы) Қорқыт ата қорымына ең жақын Оғыз қалашығы болып табылады. Қорқыт ата 
қорымы мен Сортөбе қалашығы бір кезеңмен мерзімделеді. Соған қарағанда бұл қалашық 
Қорқыт ата өмір сүрген мекен болуы да әбден мүмкін 
(5-сурет). 
Біз сөз еткен сақ бірлестігінің астанасы саналып келген Шірік-Рабат қала – қорымы, 
Ортағасырлық оғыз тайпасының астанасын – Жанкент қаласы орын тепкен Сыр өлкесінің 
«Астаналар мекені» аталуына бірден-бір себеп болған даңқты қала - Қазақстан жерінде 
алғашқы рет жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет Ақ Орда 
хандығының, кейіннеи қазақ хандығының астанасы болған – Сығанақ қаласы 
(6-сурет).
Қаланың атауы XIV ғ. соғылған теңгелер мен жазба деректерден жақсы таныс [9,322б]. 
Сығанақ қаласы туралы алғашқы деректер Х ғ. деректерінде кездеседі. XV ғасырдың 80-
жылдары қаланы қазақ ханы Бұрындық биледі, ал маңы қазақ тайпаларының қысқы 
қоныстарына айналды. Осы кезден бастап Сығанақ пен оның төңірегі біржола қазақ 
хандығынақарады және негізгі саяси, экономикалық орталықтардың бірі саналды. 


291 
Жанкент қалашығы және Сауысқандық шатқалындағы жартастағы бейнелер кешені мен 
бірге Сығанақ қаласы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Табиғи және Мәдени мұралар тізіміне 
енетін болады. 
Сыр өлкесі – қазақ және басқа да түркі тілдес халықтардың алтын бесігі, көне дәуір көзі. 
Бұл өңірде сырт елдермен қан тамырындай байланыстырған Ұлы Жібек жолының сүрлеуі 
жатыр. Әр төбесі, әр талы тарихтан сыр шертетін қасиетті мекенде мәңгі өлмес құнды, 
асыл мұралар әлі де жеткілікті. Бүгін біз соның «ат төбеліндейіне» ғана тоқталдық. Осы 
баға жетпес қазынаны қалың көпшілікке кеңінен насихаттау, тарихи ескерткіштерді 
қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру біздің басты мақсатымыз.
1-
Сурет. Шірік-Рабат қала-қорымы
2-сурет. Бәбіш-Мола қалашығы 


292 
3-сурет. Жетіасар кешені
4-сурет. Жанкент қаласы 
5-сурет. Сортөбе қалашығы 


293 
6-сурет. Сығанақ қаласы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Сыр өңірі тарихы (көне заманнан бүгінге дейін),Алматы,1998 
2.
Ә.Ә.Тәжекеев. «Түгіскен қорымы туралы не білеміз?», «Сыр бойы» газеті. 2015 
3.
К.М.Байпақов. «Қазақстанның ежелгі қалалары» Алматы,2005 
4.
«Қазақ мәдениеті» энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2005 
5.
Т.Қоңыратбаев «Ертедегі ескерткіштер» Алматы, 1996 
6.
Курманкулов Ж., Тажекеев А.А., Кзылбаев Т. Городище Сортобе I. // Свод 
памятников истории и культуры РК. Кызылординская область. - Алматы, 2007 
7.
Курманкулов Ж., Тажекеев А.А., Кзылбаев Т. Городище Сортобе II. // Свод 
памятников истории и культуры РК. Кызылординская область. - Алматы, 2007. 
8.
Елеуов М., Құрманқұлов Ж. Сортөбе. Жанкент және Жент. - Түркістан, 2008. 
9.
Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. – М.: Наука, 1962 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет