289
дәуірінде тіршілік еткендігі археологиялық, этнографиялық
және тарихи деректемелер
негізінде анықталған. Сарысу өзенінің аймағынан, Қосмола, Қызылжар мекендерінен
табылған тас ғасырына тән қазындылар, маңында су қоймасы болған және көп мал
қалдықтары
табылған
неолиттік
Сексеуіл
тұрағы,
Сырдария
ауданының
территориясындағы біздің жыл санауымызға дейінгі 5 мыңжылдықтан басталатын неолит
дәуірінің
ескерткіштері, оның Келтеминар мәдениетіне жататындығы - өңір тарихының
тым көнеден бастау алатындығын дәлелдейді. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің
халықаралық
«Геоархеология»
ғылыми-зерттеу
зертханасының
зерттеушілері мен жергілікті археологтар тас және қола дәуіріне жататын бірнеше
археологиялық ескерткіштер орындары анықталған болатын. Әсіресе бұрын белгісіз
болып келген тас дәуірлері мен қола ғасырының ескерткіштері
Арал мен Қазалы
аудандары аумағынан табылып отыр.
Қазақстанда қола дәуірінің аса көрнекті ескерткіші болып табылатын Солтүстік Түгіскен
кесенелері Аралдың шығыс төңірегінің ежелгі тұрғындарының дәни құрылыстар
архитектурасы мен құрылыс өнерінің барынша дамығандығын көрсетеді [1,19б],
Кейінгі қола дәуіріндегі көсемдер жерленген Солтүстік Түгіскен қорымы - Іңкәрдарияның
құрғап қалған арнасын бойлай 400 шаршы метрге жуық ауданды алып жатқан 20-ға жуық
ірі және шағын жерлеу құрылыстарынан тұрады.
Солтүстік Түгіскен қорымы Орталық
Азия мен Қазақстандағы қабір үсті құрылысының көлемі мен күрделілігі жағынан,
сондай-ақ, қабірге салынған заттарының байлығымен және молдығымен ерекшеленетін
қола дәуірінің теңдесі жоқ бірден-бір ескерткіші болып табылады [2].
Тарихи деректер бойынша Сыр бойын өте ерте кезден бастап,
сақтар-массагеттер
мекендеген. Сыр өңірін мекен еткен сақ тайпалары туралы сыр шертетін археологиялық
ескерткіштерге қысқаша тоқталып өтсек. Қазір қирандысы Шірік-Рабат деп аталатын сақ
қалаларының бірі бүгінгі күні арнасы кеуіп, тартылып қалған Жаңадария арнасының
бойында орналасқан
Достарыңызбен бөлісу: