ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІ
Р.Қарасай, С.Құдабаева, Р.Т.Игенбаева
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған өзекті міндеттердің бірі – бүкіл білім
жүйесін түбегейлі жаңартып, әлемдік талаптарға, бәсекелестікке төтеп беретін, жастардың
үйлесімді дамуына олардың тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайтын жаңа үлгіден
мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық мерзімге
өтуімен ұштасып отыр. Қазіргі заманғы 12 жылдыққа өтудегі басты мақсат - жедел дамып
келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз
қалаулары мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білетін жоғары білімді, ұлттық тілді,
тарихты жетік меңгерген,отандық және әлемдік мәдениетті меңгерген, бәсекеге қабілетті,
294
шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсатты іске асыру үшін
тәрбие жүйесі тұлғаны әлеуметтендіру идеяларын іске асыра отырып, оқытудың жаңа
әдістерін (технологиясын), жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу,
жобалау әдістерін, денсаулық сақтаушы әдісін қолдана отырып, тәрбие жұмысын
ұйымдастыру қажет [1, 14 б.].
ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз,
әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі
қалуға тиіс. Ата-бабадан мирас боп қалған құнды тағылымдық ойларды зерделеп, жас
ұрпақтың тәрбиесіне қолдану күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі айқын [2].
Әдеби және тәлім-тәрбиелі құндылықтарға бай, жыр бұлағын тасытқан ақын,
жыршылардыӊ кені Сыр бойы десек қателеспейміз. Балқы Базар, Ешнияз сал, Қарасақал
Ерімбет, Бұдабай Қабылұлы, Дүр Оӊғар, Кете Жүсіп, Шораяқтыӊ Омары және басқа ақын
– жыраулар. Солардыӊ ішінде ХІХ ғасырдыӊ соӊы мен ХХ ғасырдыӊ басында ɵмір сүріп,
қазақтыӊ ɵзін ұлт ретінде тануына, ұлттық сезімініӊ қалыптасуына, жарқын болашаққа
ұмтылуына қомақты үлес қосқан, ɵлеӊдерініӊ дені жастарға арналған ɵсиет, ақиық ақын,
шоқтығы биік тұлға Тұрмағамбет Ізтілеуұлы .
Бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлтымыздың руханиятына,
құндылықтарына негізделіп, мемлекетіміздің саяси бағдарының басым бағыттарын
анықтайтын, сонымен қатар бүгінгі қоғамдағы жастардың ролі мен жауапкершілігін
нақтылайтын бағдар екендігі айқын. Бұл әсіресе уақыт ағымына сай ғасырлап жинақтаған
ұлттық болмысымыздан алшақтаған, табиғатымызға жат шетелдерден жеткен мәдениет,
әдет, әдеп ,санамызды жаулап алған жағдайда аса маңызды. Соның әсерінен шетелдік
ағымдарды пір тұтатын, өзінің тілін, ділін, салт-дәстүрін бағаламайтын, оны тіпті
менсінбейтін жастар көбейді. Бұл жаһанданудың әсері.
Сыр сүлейлерінің көздеген арманы, шығармаларының негізі адамгершілік қасиетке
баулу, оқу, білімді дәріптеу, халықты зиялылыққа үндеу болған. Бұл Сыр сүлейі, ақиық
ақын Тұрмағамбет Ізтілеуұлының шығармаларындағы маңызды тақырыптардың бірі.
Ақынның білсем деген ынтасы бас жастарға арнаған өлеңдерінің бірі «Шәкірттерге» деп
аталады. Ақын бұл өлеңінде алтын уақытын білім нәрімен сусындауға үгіттейді. Шайыр
ақын «Астыңда аң құтқармас атың болса» атты өлеңінде әр нәрсенің өз орны және оның
өз мән-маңызы бар екендігіне тоқталған. Педагогика ғылымының жан-жақты дамыған
үйлесімді тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатын осы өлеңнен табуға болады.
«Қайрама, халық тісіңді» деген өлеңінде ақын жаз болғанда алдыңда келетін қысты
ойлап, ақылың қанша астам болса да, жасайтын әрекетті ойланып жүзеге асыр, басыңа
бақыт құс қонса да, алдыңа келген кісіні қадір тұт», - деп орамды ойын жеткізеді. Осы
өлеңінің әр шумағы, әр сөзі жастар үшін тағылымы мол ғибратты ой:
Үйретіп үлгі, өнеге,
Таза бақ, жасы кішіңді!
Кескен тоның кеңеспен,
295
Көрінер көзге пішінді!
Кемісі болар кімнің де,
Дегенмен: «Анық түсінді!»
Қайратың қау болғанмен,
Орныңа жұмса күшіңді! [3, 101 б.].
Осы аталған өлең жолдарында жастардың алда болған кішкене қиындыққа
мұқалмай, өмір кемесінде төзімділікпен алда қойған мақсатқа жетудің жолында халқы, елі
үшін шыңдалу керек екендігін жеткізеді. Кездескен қыңыр ой, сыпсың сөз адамды алға
жетелемейтінін, ала ауыздықтың туындауына алып келетінін, ағайын арасында осындай
келеңсіз жайттар адамның қадыр-қасиетін жоғалтатынын ақын ретінде түсіндіруге
тырысты. Өлең жолдарында адам болмысының ерекшелігін көрсететін «Мінез» деген
өлеңінде адамның әр жас кезеңіндегі болмыс бейненің өзгеруін қисынды өлең ұйқасымен
сипаттайды. «Әрқашан алам, - десең, - төрден орын», Түзеп ал, татаусыз қып мінезіңді!, -
дей отырып өлеңдегі әрбір фраза сол мінез бітісті адами құндылықтармен астарлы
көркемдеген. Тұрмағанбет ақын өмірдің мәңгі емес екенін сол қысқа өмірде қолдағы
бардың қадірін біліп, шарапатыңды айналаңа шашуың ол келер ұрпаққа өнегелі іс
екендігін «Болғанмен байтаққа бас қоймас өлім» деген өлеңінде әдемі көркемдеген.
Өзіңмен кеңесіп көрген сый құрметіңді, тірілікте шыққан жетістігіңді орынды істеріңмен
мәнін арттыруға шақырады. Осы уақытқа дейін қаншама ғұлама, батыр да, бай да, хан да,
ғибраты мол тағылымды тұлғалар өмір сүрген.Солардың өмірін еткен еңбегін ,өзіңе үлгі
ет, сонда ғана адамның құндылығы, жасаған еңбегінің маңызы артатындығы айтылған.
Ақын өлеңдерінде тағылымы мол педагогикалық идеялар тұнып тұр. Сондай
өлеңдерінің бірі «Ұстаз ұсынысы». Екінші ұстаз саналатын әл-Фараби: «Ұстаз
жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені
ұмытпайтын, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны жақындарына
да жай адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақындық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен
жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»" деп жазған болатын [3, 78 б.].
Тұрмағамбет ақын «Адамдық іс» атты өлеңінде адамдардың амал іс барысында
байлық, барлық емес адамгершілік басты рөл атқаратындығына тоқталған. Ақын
өлеңдерінде адамгершілік, адамдық қасиет астарлы мәнді баяндалады.
Күн шықса, нұр қашады айдан - дағы,
Жарлы артық қайыры жоқ байдан - дағы.
Кейбіреу сәл бақытқа мас болады
Шабақтай шалпылдаған қайрандағы [55, 79 б.].
Ақын «Ой» деген өлеңінде ойдың ұшқырлығын, тілдің тас жаратындығын, нәпсіні
тыю және қанағат қыла білуге дүние қоңыздықтың адамға опа таптырмайтындығын осы
аталған адами қасиетке жат дүниелерден арылмасаң қандай белестерді бағындырсаң да
құныңның асқақтамайтындығын орамды оймен көркемдеген.
296
Дос тұтып, дүниенің ерме ізіне,
Кемді күн "дәулетін - ай!" дегізгенге.
Сағымнан — су табылмас, мұнан — опа,
Кергенмен кеулің жақын егізден де.
Онан да оны қойып туралық қыл,
Нық тұтып ниетіңді негізден де!
Пайда не патша болып тақ мінгеннен,
Жай таппай жалтақтасаң сегізден де [3, 79 б.].
Осындай орамды ойды ақын «Ұядан ұшқанда» өлеңінде өмірге келдің бе, ізгі
тұтатын ортаңның жақсы қасиеттерін бойыңа дарыт, өз айтарың, қалдырар тағылымды
дүниең болса өзіңнен кейінгілерге ізгі өнегең ретінде қалдыра біл» дейді.
Ақын «Ой табу оңай емес ерікпесе», «Барады aз ғана өмір желдей заулап» атты
өлеңдерінде адамдықтың маңызын өз-өзіңді реттеп аз кем өмірде адами құндылықтың
маңызын арттыруға адамдарды шақырған. Т.Ізтілеуов «Жаманға жақсы адам ақыл айтар»,
«Жақсы өзін жан біткеннен кем көреді
»
атты өлеңдерінде адамның жақсы және жаман
қырларын қайшылықты түрде сипаттап ,дәлелдермен көркемдеген. Сол жақсы және
жаман қасиеттерінің негізінде адамдардың өміріне ықпалына тоқталған.
Жаманға жақсы адам ақыл айтар,
Жақсыға жаман көзін ақырайтар.
«Тудым» - деп, өзің туған менде атадан,
Едәуір аузын керіп нақыл айтар.
Аңсызда алқымынан алса бөрі,
Көздерін «қайтесің?» - деп бақырайтар [3, 77 б.].
Ақын «Қамын ойла халқыңның» атты өлеңінде азамат ретінде ел үшін, халқың
үшін қызмет қыл. Жан-жағыңа қайырлы бол» деп үгіттейді. «Қайратты туған ер болсаң,
халқыңның қамын ойла, жетім менен жесірге жүзің жарқын болсын!» деген насихат
айтады. Тұрмағамбет ақын «Қайтсең де өз халқыңа қызмет қыл» атты өлеңінде ерліктің де
өз орнымен қолданылуы керек екендігін және сабырмен ер мінезділіктің азамат үшін
маңыздылығын мына шумақтарда келтірген.
Қабанға қарсы ұмтылма "ер" дегенге,
Сортапқа
тұқым шашпа"жер" дегенге!
Отырып өрт алдында, өртенбеңдер,
297
"Сабырлы, саспайтұғын кер" дегенге.
Болса егер кісі ақысы, көңіл бөлме
"Мазасын мынау майдың көр" дегенге.
Орныңды о бастағы таппай қалма,
Төменнен тұра ұмтылып, "тер" дегенге [3, 96 б.].
Сыр сүлейлері жас өркен тәрбиесінде кішіпейілділікті, қарапайымдылықты,
парасаттылықты, адалдықты, адамгершілікті дәріптеп, менмендікті, кеудем соқтықтықты
ылғи да мінеп, ондай абыройсыз әдеттен аулақ болуды өсиет еткен. Халқымыздың «Ұлық
болсаң - кішік бол», «Болған адам – болдым демес, болдым десе болғаны емес» деуі де
адам қашан да кішілігі мен кісілігін, көпке деген ізгілігі мен инабатын үзбей тіршілік ету
қажеттігін айтып өткен. Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің барлық салаларын, оның
үлгілерін осы Тұрмағамбеттің өлеңдерінен табуға болады десек, артық айтқандық
болмайды.
Ұлттық ар-намысты ояту, қазақ халқының өткен тарихын білдіру арқылы
жастарымыздың болашаққа деген сенімін қалыптастыра аламыз. Ал Сыр сүлейлерінің
толғаулары осы бағыттағы тәрбие құралы екендігінде еш дау жоқ. Сондықтан да жас
ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында киелі топырақ – Сыр өңірінің ақын-
жырауларының шығармаларын дәріптеуді қолға алуымыз керек. Бұл – уақыт талабына сай
түйінді мәселе.
Сыр бойы ақын-жырауларыныӊ шығармашылығымен таныстыратын мектеп
бағдарламасына теориялық талдау жасалғаннан кейін оқушылардыӊ Сыр бойы ақын-
жыраулары мен олардыӊ шығармашылығы жайлы білім деӊгейін анықтау мақсатында
зерттеу жұмысын жүргіздік. Педагогикалық эксперимент Қызылорда қаласындағы №172
қазақ орта мектебінде жүргізілді. Алдымен аталмыш мектептіӊ оқушыларымен (барлығы
– 30 оқушы) пікіртерім жүргізілді.
Пікіртерім негізінен тɵмендегі сұрақтарды қамтиды:
1.
Сыр бойы ақын-жырауларынан кімді білесіз?
2.
Тұрмағамбет ақын шығармашылығыныӊ басты бағыты қандай?
3.
Сүлей, жырау, шайыр сɵзініӊ мағынасын түсіндіріӊіз. Оныӊ жыршы,
термешіден айырмашылығы қандай?
4.
Тұрмағамбет мектебі туралы не білесіз?
«Айтар нақылы жоқтың, Табар ақылы жоқ», «Әкім - бір ұлттікі
Ақын - бар жұрттікі», «Бөз көйлек болады, Сөз еңбек болады», «Ғылым - іштегі
нұр, Өнер сыртқа салынған түр», «Білім арзан, Білу қымбат» деген нақыл сɵздердіӊ
авторы кім?
5.
Сыр бойы ақын-жырауларыныӊ шығармашылығын зерттеуші қандай
ғалымдарды білесіз?
6.
Ɵсиет пен нақыл ɵлеӊдер жазатын Сыр бойы жырауларынан кімді атай аласыз?
7.
Абай ɵлеӊдерініӊ Тұрмағамбет шығармашылығына әсері жайлы не білесіз?
298
Пікіртерімді сараптағанда сұрақтарға жауап берген барлық 30 оқушыныӊ Сыр бойы
ақын-жыраулары туралы білім деӊгейі тɵмен екендігі байқалды.
№
Деӊгейлер
БТ
ЭТ
1.
Жоғары
19%
19%
2.
Орта
38%
37%
3.
Тɵмен
43%
42%
Кесте 1 - Анықтау кезеӊіндегі оқушылардыӊ Сыр бойы жыраулары жайлы білім
деӊгейі
Оқушылар Сыр бойы ақын-жыраулары, оныӊ ішінде Тұрмағамбет жайлы жалпы
білгенімен
олардыӊ
ɵмірі
мен
шығармашылығын,
ɵлеӊдерініӊ
бағыттарын,
ерекшеліктерін нақты білмейтіндіктерін кɵрсетті. 20 оқушы– Сыр ɵӊіріндегі ақын-
жыраулар туралы 3 мектептіӊ – Тұрмағамбет , Жиенбай, Нартай мектептері білетіндігін
кɵрсетті. Бұл 3 мектеп жайлы білімдері тереӊ емес. Мысалы, Тұрмағамбет мектебінен
шыққан Жаӊаберген жырау, Жәмет жырау, Дәріқұл жыраулар жɵнінде, Арал тɵӊірегінен
келген оқушылар, Жиенбай мектебінен шыққан Рүстембек жырау, Балқашбай, Тасберген
жыраулар туралы мағлұматты Қармақшы ауданынан келген оқушылар, Нартай мектебі
жɵнінде Шиелі ауданынан келген оқушылар білетін болып шықты. Пікіртерімге қатысқан
30 оқушыныӊ – 17-сі Тұрмағамбеттіӊ «Шаһнамасы» мен «Адамдық іс» ɵлеӊін атаған,
бірақ ақынныӊ мұғалімдік қызмет атқарғанын білмейтін боп шықты. Тұрмағамбет
ақынныӊ Арал ɵӊірі ақын екендігін, оныӊ ɵлеӊдері нақыл-ɵсиет екендігін 16 оқушы
кɵрсеткен.
Оқушылардыӊ кɵпшілігі жырау, термеші, жыршы сɵздерініӊ тɵркінін ажырата
алмады. Сыр бойы ақын-жырауларын зерттеуші ғалымдардыӊ ішінен 16 оқушы
М.Байділдаевты атады. Оқушылардыӊ дені жырауларды зерттеуші ғалымдар жайлы
сұраққа жергілікті фольклор зерттеуші А.Алматовты атаған.
Тұрмағамбет ақынныӊ пікіртерімде берілген нақыл сɵздерін респонденттер
жергілікті халық шығарған мақал-мәтелдер деп түсінген. Абай ɵлеӊдерініӊ Тұрмағамбет
шығармашылығыныӊ қалыптасуына тигізген ықпалы жайлы ешбір респондент білмейтін
болып шықты. Осы олқылықтарды жɵндеу мақсатында болашақ мұғалімдерге арнап, сыр
бойы
ақын-жыраулары
және
Тұрмағамбет
Ізтілеуұлының
ɵмірбаяны
және
шығармашылығы туралы мақсатты түрде арнайы жұмыс жүргізу қажеттігі туындады.
Сыр бойы жырауларыныӊ ішінде тұлғалы ақындар, ағартушылық бағытта қызмет
атқарып, ɵзініӊ поэзиясы арқылы білім, ғылымды насихаттаған Тұрмағамбет ақын
тағылымдарын тәрбие процесінде пайдаланудыӊ мүмкіндіктерін жүзеге асыруды жɵн
кɵрдік.
«Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтың шығармашылығындағы адамгершілік
тәрбиесі» атты тәрбиелік іс-шаралар бағдарламасы жасалынды. Бағдарлама негізінде
педагогикалық-тәжірибелік жұмыстардыӊ қалыптасу кезеӊін жүзеге асырдық.
Бағдарламаныӊ негізгі мақсаты - оқушылардыӊ Сыр бойы жырауларыныӊ, оныӊ ішінде
299
Тұрмағамбет ақынныӊ шығармашылығы, ондағы педагогикалық идеялар жайлы
білімдерін тереӊдету.
Бағдарламаныӊ міндеттері :
- оқушыларды Сыр бойы жырауларыныӊ ɵмірі және шығармашылығымен
таныстыру,
- Тұрмағамбет шығармаларындағы педагогикалық идеяларды саралау, жүйелеу,
адамгершілік тәрбиесін насихаттау.
Бағдарлама негізінде тәрбиелік іс-шаралар кешені даярланды. Оныӊ ішінде
Тұрмағамбет шығармаларын тереӊ талдауға мән берілді. Курста біріншіден, олардыӊ
ɵмірбаяны қарастырылып, Сыр ɵӊірінде ХІХ ғасырдыӊ ортасынан ХХ ғасырдыӊ алғашқы
ширегінде кɵптеген ақын-шайырлардыӊ пайда болуы, олардыӊ ақындық ортасы,
шығармаларыныӊ ерекшеліктері, олардыӊ тәрбиелік мәні, педагогикалық процесте
қолдану жолдары берілді. Оқушылар жүзге жуық ақын-жыраулардыӊ ішінде шоқтығы
биік, педагогикалық бағыттағы жырлары мен ɵлеӊдері, қиссалары мен мысалдары бар
ақын Тұрмағамбет шығармашылығымен кеӊ кɵлемде танысты.
Қазақ зиялыларыныӊ әлемдік ɵркениет пен қазақтыӊ ұлттық дәстүрлерін ұштастыра
отырып, ағартушылық-демократиялық бағытты ұстануы – қазақ мәдениетініӊ, оныӊ
ішінде ақындық шығармашылықтыӊ да игі нәтижелі бағдар түзеуіне елеулі әсер етті.
Қазақ педагогикасы және әдебиеттану ғылымыныӊ қазіргі бағдарларында ұлттыӊ тарихын
зерттеудегі ақтаӊдақ беттерді толтыруға арналған жұмыстардыӊ бір саласы осы аталған
әдеби-ағартушылық ағым ɵкілдерініӊ осы уақытқа дейін елеусіз, ескерусіз келе
жатқандарын арнайы ғылыми айналымға, зерттеу нысанасына айналдыру болып отыр.
Осы орайда «Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығындағы педагогикалық
идеялар» атты ғылыми жұмыстыӊ кɵтерілген мәселеге қосқан ɵзіндік үлесі бар деуге
болады.
Білім алушы жас ұрпақ, келешектегі білікті маман, тұлғалы ұстаздардыӊ ɵзініӊ туған
жерініӊ, ɵскен елініӊ қайраткерлерін, халқына риясыз еӊбек еткен, туған халқыныӊ ɵсіп-
ɵркендеуін кɵксеген, дамуына, кемелденуіне үлес қосқан тарландарын, олардыӊ ɵмірін,
шығармаларын білгені, зерделегені тәрбие кілтін ұстаушы білім беру ɵкілдерініӊ алдында
тұрған маӊызы зор, ауқымды міндеттердіӊ бірініӊ шешімі.
Достарыңызбен бөлісу: |