304
білімдер жүйесін ашып берумен де байланысты. Жазушының бір әңгімесінде батырдың
мінген қазанаты «
құлағын қайшылап, оқыранып, аяғымен жерді тарпи береді».[1]
Атының бұл мінезіне қарап батыр не қалың жылқыға, не жылқыны қуып әкетіп бара
жатқан жауға кездесетінін біле қояды. Осылайша жазушы оқырманға сол дәуірдің білім
дүниесінің есігін ашпаса, оқырман сол дәуірдің ішіне кіре алмайды.
Дүниелік білім
когнитивтік санада бір-бірімен ұштасып жатады. Мысалы, қауіп-
қатер таянғанда жылқының әлгіндей жер тарпитын қылығы, қазақы қазанаттың тарпаң,
құланмен туыстығымен байланысты көрінеді. Мысалы, құлан үйірін шақырғанда, үйіріне
қауіп төнгенде алдын ала сезіп, ащы дауыс шығарады екен. Міне, осындай дүниелік
білімдер оқырман-тілдік тұлғаның санасында болғанда, Махамбеттің
«Құландай ащы
дауыстым
» деп, Исатай батырды жоқтағандағы жан-дүниесін тереңірек ұғынуға
болады.[2]
Белгілі бір тілдік таңбада екі түрлі мағына (білім) кодқа салынуы, соған сәйкес екі
түрлі код болуы мүмкін.
Біріншісі
–
тілдік код, екіншісі – мәдени код.
Тілдік
таңбалардың мәдени семантикасын зерттеуде осы екі түрлі мәнділікті ажырата білу қажет.
Тілдік тұлға ұлттық тілді тұтынушы ғана емес, ұлттық мәдениетті де тұтынушы.
Осы тұрғыдан қарағанда белгілі бір тілдік концептінің құрылымдық түзіліміне
мәдениеттің де қатысуы, «араласуы» кәдік. Олай болса, тілдік таңба мағынасының қай
бөлігінде, қай тұсында мәдени мән болатынын айқындау қажет. Сөйлеуші я болмаса
тыңдаушының сөз стратегиясында мәдени мәнді сезіне алатынын/алмайтынын
анықтаудың сөз мәдениеті үшін мәні ерекше.
Мәдени семантиканы айқындауда тілдік тұлға үшін қиындықтар да болады. Кейбір
тілдік таңбаларда мәдени ақпараттар тілдік мағынаның тасасында тұрады да, имплицитті
сипатта болады.
Тілдік семантика (білім) мен мәдени семантиканың (жалпы дүниелік білімнің) бір-
бірімен байланысы бірде айқын, бірде көмескіленіп, кейде бір біріне жақындап, кейде бір-
бірінен алшақтап тұрады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: