Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СИНОНИМДЕРДІҢ РУХАНИ-



Pdf көрінісі
бет181/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ СИНОНИМДЕРДІҢ РУХАНИ-
ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
 
Сағатова А.Е., Алмауытова Ә.Б. 
 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
 
Әр ұлттың айналадағы дүниені танып-білуі, әлемді тану тәсілі, рухани санасы, 
бүкіл болмыс-бітімі сол ұлттың тілімен тығыз байланысты екені мәлім. Осымен 
байланысты ұлттық дүниетанымның тілдің терең құрылымдарынан, оның бай сөздік 
қорынан, лексикасынан көрініс табуы заңды. Олай болса, тілді тек коммуникативтік 
қызметі шегінде зерттемей, оны таным тұрғысынан да зерделеу, тілдің кумулятивтік 
қызметіне ерекше мән беру бүгінгі қазақ тілі біліміндегі негізгі, жаңа бағыттардың бірі 
болып табылады. Тіл немесе ұлттық рух негізінде адамзат қауымы қалыптасып, белгілі бір 
этникалық топ құрайды. Осы этникалық топқа тән мінез-құлық, этностық таным мен 
көзқарас, наным-сенім, салт-дәстүр ұлттық рухпен суарылып, соның бейнесі ретінде 
көрінеді. Демек, біздің дүние танымымыз рухани мәдениетті құрайды. «Халықтың рухы 
дегеніміз – оның ақыл-ой әлеміндегі жетістігі» (Ш.Ш.Уәлиханов). Ал «Рухани мәдениет 
негізінде халқымыздың этно-педагогикалық дағдыларына, өзіндік дүниетанымдары мен 
құқықтық, қоғамдық нормаларына, өмір тәжірибелеріне қатысты талай құнды ғылыми 
дерек бар. Ол – жалпы этносты танудың, әсіресе оның интеллектуалды ерекшеліктерін 
танудың құралы»,-дейді этнолингвист-ғалым С.Е.Жанпейісова [1,24].
Осымен байланысты, фразеологизмдер дүние үзіктерінің тілдік бейнесі ғана емес, 
ұлттың рухани мәдениетін білдіретін тілдік константалар болып табылады. Өйткені мұнда 
өмір сынынан өткен халықтық пәлсапаға кездесеміз, оларда ұлттық даналық, психология 
мен тұрмыстық тәжірибе жатыр» [2, 12] - деген зерттеуші пікірі қазақ тіліндегі тұрақты 
тіркестердің танымдық қызметін зерделеуге мүмкіндік береді. 
Осыдан тұрақты тіркестердің тілімізде бейнеленуін, ұлттың ментальды танымына 
қатысты, «әр халықтың өзіне тән ойлау әлемі тілінде көрініс табатындығын» [3, 16] тағы 
да көруге болады. 
ФТ-тер – өте күрделі лингвистикалық түзілімдер. Олардың күрделілігі 
құрылымдық типтерінің және синтаксистік модельдерінің көптігімен ғана емес, сонымен 
қатар тақырыптық та, семантикалық та көпқырлылығымен, алуан түрлі эмоционалды-
экспрессивтік ой реңктерін көрсетудегі қабілетімен түсіндіріледі. Көптеген тілдердегі 
фразеологиялық бірліктерге осы ерекшеліктер тән болып келеді, бірақ бәрінде бірдей емес 
[3].
Сонымен қатар қазақ тіліндегі ФТ-тер тек таза сандық жағынан ғана емес, сапалық 
жағынан да сипатталады. Ол тақырыптық көпқырлылығымен, семантикалық және 
құрылымдық алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оларда халқымыздың өткен тарихи 
кезеңдері – оның әлеуметтік-экономикалық, материалдық және рухани мәдениетінің 
дамуы, ұлттық салт-дәстүрлері, қоғамдық тіршілігінің, тұрмысының, әдет-ғұрыптары мен 


394 
діни көзқарастарының және сыртқы дүниені қабылдауының және т.б. өзіндік 
ерекшеліктері тұтас көрініс тапқан. 
Фразеологизмдер табиғатын зерттеген академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің 
фразеологиялық сөздігі» [4] атты көлемді еңбегін қазақ тіл білімі ғана емес түркітануға 
қосылған алтын қазына деп қарауға болады. 
ФТ-тердің кейбір жекелеген топтарына біршама ғылыми талдаулар жасалған. Қазақ тіліндегі 
ФТ-терді топтастыру мәселесі С.Сәтенованың, А.Жылқыбаеваның, Р.Шойбековтің, 
Ш.Қарсыбекованың, Ш.Сейітованың зерттеу жұмыстарында қарастырылған. 
«Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен 
қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та қолданыла 
береді. Мұндай құбылыс тіл білімінде 
фразеологиялық синонимдер
деп аталады. Қазақ тілі 
лексикалық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық синонимдерге де 
соншалықты бай»[5, 194].
Фразеологиялық синонимдер ұғымы жағынан бірінен-бірі сатылап өсіп, күшейіп 
отырады. Мысалы,
көз (кірпік) ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік 
қақпады, түн ұйқысын төрт бөлді, көрер таңды көзімен аттырды 
дегенде әрбір 
Фразеологиялық синонимдернің алдыңғысынан соңғыларының қарқыны басым болып 
келеді.
Фразеологиялық синонимдер сындық және үстеулік мағынада да кездеседі. Мәселен, 
біреудің асқан сұлулығын бейнелеп айтқымыз келсе: 
ай десе аузы бар, күн десе, көзі бар, 
туған айдай, үріп ауызға салғандай, ай қабак,, алтын кірпік, қызыл ерін, еліктіқ 
лағындай, қыздың баласындай, ай мен күндей 
дейміз. Біреудің байлығын сөз 
қылғанда: 
төрт түлігі сай; төрт құбыласы түгел; бес енесі бестен; не ішем, не жейім 
демейді, ішкені алдында, ішпегені артында; үріп ішіп, шайқап төгіп отыр 
дегендерді 
айтамыз. Ал біреудің бейқамдығын, жайбарақаттығын бейнелесек: қаннен қаперсіз, 
үш 
ұйықтаса, түсіне енбеген 
дегендер қолданылады. Қатты ауырып жатқан адамды 
көргенде: 
әл үстінде, өлім халінде, өлім аузында, өлі мен тірінің арасында, бір аяғы 
жерде, бір аяғы көрде 
дегендер жұмсалады. Осылардың бәрі біздің ана тіліміздің шексіз 
байлығын танытады. Бұл тілдің соншалықты орамдылығы мен икемділігін көрсетеді.
Фразалардың бір ерекшелігі – синонимдер қатарларының молдығы. Сондықтан I. К. 
Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» жеке фразалық тіркестердің 
мағыналары синонимдес бірнеше фразалар арқылы да түсіндіріледі. Соған қарағанда, 
фразалардың мәндес болып келуі, бір жағынан, лексикадағы жалпы заңдылық болса, 
екінші жағынан, бір сөзбен айтылатын мазмұнды фразалар арқылы айту әлдеқайда 
ұтымды, әсерлі болатынымен байланысты. Төмендегі мысалдардан фразалардың 
тіліміздегі жеке сөздердің синонимі болатынын көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет