Аз, мардымсыз –
ауыз жарымайтын; ауыз толтырып айтуға болмайтын; іліп алары жоқ; иненің жасуындай; am төбеліндей. Азаптау, қинау, шаршату –
итаяқтан сары су ішкізу, азапқа салу; сілесін қатыру, діңкесін құрту, әуре-сарсаң ету; ішкенін ірің, жегенін желім ету, жегенін желкесінен шығару. Алыста, әріде –
ит арқасы қиянда, ит өлген жерде, жердің түбінде. Алыстату, қашырту –
іргесін аулақ салу, маңына жолатпау; ат-тонын ала қашу. Араздасу, өкпелеу, араздастыру –
қырғи қабақ болу ,
ала көз болу; алты бақан ала ауыз болу; am құйрығын кесу; араға от салу, біреуді біреуге айдап салу. Ашулану, әкіреңдеу, ызғарлану –
талағы тарс жарылу, терісіне сыймау, қанын ішіне тарту, шырт ете қалу; екі көзі қанталау, атарға оғы болмау; қаһарын төгу; ала көзімен ату; қабағын тарс жабу; қаны қайнау, қаны қараю; зығырданы қайнау; ашу кернеу. Аяу, жабырқау –
жаны ашу, сай-сүйегі сырқырау, қабырғасы қайысу; іші-бауыры елжіреу; көңілі босау. Әурелеу, қинау –
әуре-сарсаң ету, сергелдеңге салу; тыным таптырмау.
395
Батыл, өжет, ер, батыр –
жау жүрек, жүрегінің түгі бар; жүрек жұтқан, ер жүрек. Бекер, босқа, зая –
еңбегі еш болу, еңбегі далаға кету, еңбегі зая кету; жолы болмады. Бұлтақтату, сүйрелеу –
бұлаң құйрыққа салу, сиыр құйымшақтату. Дандайсыған –
кеудесіне нан піскен; көз еті өскен; аузымен орақ орған; мұрнын көкке көтерген. Егде, тоқтасқан –
ата сақалы аузына біткен; ішерін ішіп, жерін жеген; жасы кәрі қойдың жасындай (кәрі қойдың жасындай жасы бар).