Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет184/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Жуас, момын
 
– 
қой аузынан шөп алмайтын, қойдан қоңыр, бетегеден биік, 
жусаннан аласа.
Жүгіру, алып ұшу
 
– 
зыр жүгіру, дедек қағу, қол-аяғы жерге тимеу, тыным 
таппау, алды-артына қарамау, екі өкпесін қолына ала жүгіру, алас ұру.
Көмектесу, қарасу, болысу
— am салысу, қолғабыс ету, қол ұшын беру, жәрдем 
ету, көмек көрсету, көз қырын салу.
Көнбейтін, қырсық
 
– 
тіл алмайтын, айтқанға көнбейтін, сөзіңді далаға 
тастайтын, сөзің құлағына кіріп шықпайтын, тоң мінез, сыңар езу.
Көрікті, әдемі
 
– 
үріп ауызға салғандай, жүзіктің көзінен өткен- дей, ай десе, аузы, 
күн десе, көзі бар, көз сүрінгендей, көз тартар- лықтай, көздің нұрын алғандай.
Күйзелту, мазалау, ұрып-соғу
 
– 
мазасын ал, мазасын кетіру, әлек салу, ойран салу, 
бүлік салу, қырғидай тию; әуре-сарсаң ету; апшысын қуыру; тырнағын батыру, 
тізесін батыру, екі аяғын бір етікке тығу; қаққанда қанын, соққанда сөлін алу; аяғын 
аспаннан келтіру; аузы-басын қан қылу; жегенін желкесінен шығару, басына әңгір таяқ 
ойнату.
Күлу 
– 
езу тарту, жымың қату; ыржың-ыржың ету;
Кіжіну, өшігу
 
– 
тісін қайрау, көз аларту, кек алу.
Қайғыру, қасірет шегу, ызалану
– 
қабағы ашылмау, қабағы қарс жабылу, ішінен 
тыну, ішкені ірің, жегені желім болу, ыза кернеу.


396 
Қаймығу, беттемеу
 
– 
тауы шағылу, беті қайту, сағы сыну

басы тасқа тию; жүні 
жығылу, аузы күю, шекесіне тию.
Қашу, жасырыну, көрінбеу
 
– 
ат-тонын ала қашу; бойын аулаққа салу; шаңы 
көрінбеу; аяқ-қолы жерге тимеу; зым-зия жоқ болу; азар да безер болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет