Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


К. АХМЕТОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МАХАББАТ ТАҚЫРЫБЫ



Pdf көрінісі
бет227/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

К. АХМЕТОВА ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МАХАББАТ ТАҚЫРЫБЫ 
 
Тынымбай А.Н., Оралова Г.С. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
 
Адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді: бірі – өзінен 
бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі – өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі 
мақсат орындалған жағдайда ғана шын мәніндегі әдеби туындының көркемдігі жоғары 
болады. 
Ақын жаннан қатты шыққан асқақ үн, 
Дүр сілкінтер дүниенің аспанын. 
Сүйсе дағы тас бала боп сүйетін 
Ақындарды қолдау керек, достарым, - 
Деген екен Тұманбай Молдағалиев ақын. Қазақтың қара сөзіне нәр беріп, 
халқымыздың руханиятына үлес қосып, өзіндік сапалы, текті, қайталанбас мұраларымен 
үлес қоса білген ақын-Күләш Ахметова. Өз шығармашылығында махаббатты, 
сүйіспеншілікті шебер жырлап, тамаша тақырып еткен ақын. Махабббат тақырыбындағы 
туындылары сүйген жанға, асыл жарға, аяулы перзенттеріне, туып өскен туған жер, алтын 
бесікке, ардақты ерге сүйіспеншілік сезімі ақын өлеңдерінің арқауына айналып, әдемі 


505 
сезім өрнектерімен өріліп жатады. Біз бұл мақаламызда Күләш Ахметованың суреткерлік 
қырын Отанына, туған жеріне, еліне, ұлтына деген жанашырлық сезімдерін махаббатепен 
өрнектеген шеберлігін талдауға ұмтылдық.
Ақын жүрегі елінің әрқашан тәуелсіздіктің аспанында көк туының желбіреп, 
халқының ауызбіршілікте болып, еркін өмір сүруін қалайды: 
Бірімізді біріміз құқай көріп – 
Дұшпанға жем болармыз ұпай беріп. 
Өзімізді өзіміз сыйламасақ, 
Сыйлай ма ағылшын мен қытай келіп?! [1., 38]-дейді. Ақын 
халқымыздың асыл дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, діліміз бен тілімізді сақтап, оларды 
үнемі дамытып отыруды да кейінгі ұрпаққа аманат етете жырлайды.
Көркем әдебиеттің негізгі саласы лириканың ерекшелігін З.Ахметов: «Лирикада 
да ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды қуат-күш дарытатын терең 
оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім»,-деп лирикаға жан бітіретін ол –«отты 
сезім» деп түсіндіреді [2.,216]. 
К.Ахметованың ақындық өнерінде өзіндік өзгешеліктер мол. Ол - өмірін өнерге 
арнаған нәзік жан. Күләш ақынның лирикасының тақырыбы сан алуан: Ақын 
лирикасының тартымыдылығы сезім иірімдерінің өмір шындығына негізделуінде 
жатыр. Өлең мұраты, ондағы өмір оқиғасы мен лирикалық қаһарман әлемі осы бағыт 
аясында кең өріс алады 
Жан жүректі толғап, сезімді тебіреткен әсерлі жайлар ғана өлең өріміне 
айналады. Жеке адамның дамуы, өсуі, ол өмір сүрген орта, қоғам ақын жүрегінің 
елегінен өтеді. Өлеңдегі өмірбаян осылай жазылады. Қандай ақынның болмасын 
поэзиясында өзі өмір кешкен кезеңнің сыр-сипаты мен болмысы көрініс табады. Ақын 
Күләш Ахметованың лирикасында өмірдің шынай көрінісі, оның шындығы және өмір 
кейіпкеріне кең орын беріледі. Күләш Ахметова туындыларында қоғам, адам, жер, 
әлем, орта, жеке адам тағдыры мәселелері көтеріледі. 
Күләш ақынның қандай тақырыпты жазған шығармасын алып қарасаңыз да 
барынша шынайылықты, қарапайым көркем мінезді, сырлы, көркем жырлауды өзіне 
меже етіп қойғанын байқайсыз. Сезімтал ақын назарынан ешбір құбылыс таса 
қалмайды. Жанын тербеген сезім сырларын, өлең тіліне көшіре алатын ақын өзі өмір 
сүріп отырған ортаның, қоғамның шындығын өз өлеңдерінде барынша шынайы 
өрнектейді.
Қайран елім! 
Қонақжай қайырымды. 
Құндағынан жүрегі бай, ұғымды.
Толқындары қатерлі дарияға
Қалтылдатып салдың-ау қайығыңды [3., 159] 
Атақты сыншы В.Г.Белинский: «Ақын бәрінен бұрын адам, сонан соң өз 
дәуірінің перзенті» деген екен. Осы пікірге сүйенсек, Күләш өлеңдерінде өз дәуірінің 
көзге көрінетін, кейде көрінбейтін неше алуан құбылыстары өлең иірімдерінде сыр 
шертіп жатады.
Жадыңда ма? 
Жауың кім? Бүлік – қас кім? 
Кіммен діндес, кімменен дос, ғұрыптассың. 
Жүрегіңе даланың даусы жетсе, 
Мәңгі бақи ойларсың, ұмытпассың [3., 164] 
Ақын осы өлеңінде елінің ертеңіне деген алаңдаушылық, қамкөңіл сезімі 
байқалады. Ал өзінің «Оюлар» деп аталатын өлеңінде лирикалық кейіпкер ұлтының 
жасампаз ел болатынын отаншыл, асқақ көңіл-күймен тербейді.
Ақын “Оюлар” атты өлеңінде: 
Қазақтың оюлары-ай, оюлары! 


506 
Даладай бояулары қою бәрі! 
Күмбезге, тасқа, шиге көшкен нақыш 
Жарайды көрмелерге қоюға әлі! [3., 150]. Бұл өлеңде қазақ халқының 
ұлттық сиапаты, дәстүрі, өнері қуанышпен жырланады.
Ақынның өз туған жерінің әсем табиғатын, гүлін, шөлін, тау, тасын ыстық 
ықыласпен, перзенттік мөлдір сезіммен тербейді. Ақынның «Сарыөзек – сағыныш» 
«Үшарал», «Сексеуіл өскен сол өлке», «Талас» деп аталатын өлеңдері мен поэмаларынан 
Отанға деген сағыныш, ыстық ықылас, сүйіспеншілік сезімін тануға болады. Ақын 
лирикасы оқырмандарын Табиғилығымен, тектілігімен баурайды. К.Ахметова 
лирикасында тіл тақырыбына арналаған туындылары ақынның сұлу сөздің зергері, тіл 
жанашыры бейнесін танытады.
Күләш «Халық» деп аталатын өлеңінде ел-жұртынының өзінің ақындық шабытына 
дем беретін, рухтандырып, күш беретін қуатын аңғартады. Халқына деген ілтипат ерекше 
махаббатпен жырланады.
Ортасында болуға жалықпап ем, 
Жалғыз қалсам жан орта, шабыт та кем. 
Қандай қызмет жасадым, хан көтеріп, 
Маған сонша дем берген халыққа мен. 
Мейіріңе қалай мен тоя аламын, 
Сол емес пе аяулым, сая бағым. 
Халқым аман босын деп көз ілемін, 
Халқым аман болсын деп оянамын [4., 116], - деп жанашыр қыз, тілекші 
ана, ұлтын, ұрпағын ойлаған әже бейнесінде желі тартып жатады. Ақ, адал жүрегімен 
халқына деген махаббатын ақ жүрегімен ақтарыла жыр етеді. 
«Ұлық болсаң, кішік бол» деп Күләш ақын осы аталған өлеңінде оқырман есіне 
халқыңа жақын бол, халқыңа қызмет қыл деген адамгершілік, ізгілік нсихат сарынын 
таныта жыр төгеді.
Күләш ақын «Диалогтар» деген деген өлеңінде Жер: 
- Жер – Ана! 
Адамға бар не тілегіңіз? 
- Қан төгіп соғыспаңдар, өтінемін! [1., 135]- деп жанашырлық лебізін 
сездірсе, уәзірі мен өкім алдындағы патшаның әңгімесін шынайы түрде: 
- О, падишам! 
Саялы бәйтерегім, 
Таба алмадым дертімнің қайтар емін. 
Алдияр! 
Алдыңда тұр байтақ елің, 
Халқыңа ақырғы рет не айтар едің? 
- Бояуын, 
Бар қызығын бала күннің 
Үлбіреп дірілдеген лала гүлдің, 
Ұлдың да, 
Жылап қалған сұлудың да 
Шын қадірін жаңа білдім
Осы өлең жолдары ақын адал принциппен халқыңды сүю, адал қызмет қыл идеясын 
ұсынады.
Кеш түсінген сияқты мұны елім де, 
Қалай жүрдік өктемдік түнегінде? 
Бір үн жетіп санама ғасырлардан 
Ұлы Тұран оянды жүрегімде! 
Өз ұлтыңа ұясың да, Иесің де – Сен. 
Түсінесің қасиет киесін сен. 


507 
Дархан болсын, 
Өр болсын, 
Надан болсын 
Бөлмей жармай, түгелдей сүйесің Сен [3., 193], - деді ақын.
Ақынның енді бір өлеңі «Кездесу» өлеңіне өз халқыңа еткен қызмет-адал 
қызмет екендігін, ақын өз өлеңдері арқылы нәзік сезім сырларын шерте отырып 
жеткізеді. Біреу өз сүйіспеншілігін ерен еңбегімен, екінші біреу өнерімен дәлелдесе, 
ақын өлеңмен айтып жеткізеді. Күләштің халқына деген махаббаты алабөтен. 
Халықтар достығын, ынтымақ, ырысын ойлаған ақын
«Қазақтың тұтастығы қасиетті іс» деп аталатын өлеңінде: 
Қазақты жамандама, қазақ бала! 
Халық қой қазақ деген аз-ақ қана! 
Мәңгілік 
Ай астында, 
Жер үстінде 
Қазақтың жанашыры қазақ қана [3., 224], -деп жырлайды. 
Қамалдай беріктікті құт санайды, 
Қасынан опасыздар шықса – қайғы. 
Қазақтың бар болмысы бөлек, дара, 
Тағдыры ешкімге де ұқсамайды [3., 224], - Жас ұрпаққа адалдықты ту 
еткен, елін, жерін сүйетін отаншыл-патриот етіп тәрбие көрсе деген арманын 
болашаққа насихат, ғибрат етеді.
Ақын шығармашылығының негізгі, түп қазығы лирикадан танылады.
Күләш Ахметова-лирикалық шығармалары арқылы поэзияның күрделі де көркем 
түрін жасаған ақын. Ақын өмірдегі қоғамдық ан алунан құбылыстарды лирикалық 
туындының қысқа қайырымды мазмұнына шеберлікпен сыйғызып, сырлы сөзбен бояулы 
сурет салу ақын таланты мен шеберлігінің үйлесімділігі.
Ақынның өзінің даралық стилі образ жасауынан көрінеді. Ақын туындыларында 
лирикалық кейіпкер өзінің байсалды қалпын сақтап, көркем образдар жасай алады.
Уақыттың өлшеулі шеңберінде, 
Талай кітап оқылып болды өмірде. 
Талайы әлі оқылар. Сонда-дағы 
Адам жаны оқылып болмағаны. 
Көп өртенді даланың көк орманы, 
Мекеніне көп марал оралмады. 
Ұясына көп құстар қона алмады, 
Тек адамның өртенген жоқ арманы [1., 84]. 
Ақын бұл өлеңде ақын заман шындығын әр қырынан суреттей отырып, адамның ақ 
арманының адастырмас күш екенін баса танытқысы келеді. 
Қадыр Мырза-Әлі ақын шығармашылығына: “Күләш Ахметова – көп ақынның 
бірі емес. Өз алдына бөлектеу тұрған сегіз қырлы, бір сырлы тұңғиық ақын” деп 
бағалаған[5., 3]. 
Күләш ақының «Ақ гүлім менің» деп аталатын алғашқы жинағынан бастап, соңы 
кітабына дейінгі аралықта жыр әлемінің шексіз кеңістігі мен түпсіз тұңғиығында 
тұнықтығымен, ойшылдығымен, сыршылдығымен, табиғилығымен еркін бойлап, туған 
елі мен жерін үлкен перзенттік махаббатпен жырлап келе жатқан үлкен жүректі тұлға 
екендігін көреміз. 
Күләш нәзік жанды сыршыл ақын болумен қатар азаматтық тұғыры биік, 
заманының құбыла соққан күре тамырының бүлкілін дәл басып, дер кезінде үн қосатын 
қайраткерлігімен де ерекше. Халқының қамы, ұлт болашағы үшін тіл өнерінің азапты да 
ләззатты жолында жүрек отын алаулата жағып, өзіндік үнін қосып, оқырманын нәзік, 


508 
сырлы ырғағымен баурап, жүректеріне махаббат нұрын сезіндірген ақын өлеңдерінің 
қуаты өміршең, әсерлі.
Қиялым шарлап ғаламды, 
Көтеріп кие күш аппақ. 
Жер бетіндегі адамды 
Жеке-жеке құшақтап, 
Құттықтап шықтым жүрекпен
Пәк тілек айтып мына мен. 
Жақсылыққа толы тілекпен 
Жарқырай түсті Күн, Әлем
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген Абай ақынның өсиеті Күләш ақын 
шығармашылығының өн бойында тұнып тұр. Өз елін, жерін, тауын, тасын, адамын ұлы 
махаббатпен, ақын жүрекпен сүйе біліп, жырлау-шығармашылығының алтын өзегі болып 
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. К.Ахметова. Бұлақтағы жұлдыздар. – Алматы: Жазушы, 1982-кітап 
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы, 1998-383 б.-кітап 
3. К.Ахметова «Күн шыққанда күліп оян». Алғы сөз: Жебеу жырлар. – Алматы: 
Ана тілі, 1996-210 б.-кітап 
4. К.Ахметова. Арғымақтар даласы. Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1987-239 б.-кітап 
5. Қазақ әдебиеті. Аспанды көрдім ар жағы-ғарыш, асты-нұр. 18.12.2006-газет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет