509
(120 км) жерде орын тепкен Саг-дере мекенімен байланыстырады. Ол қазіргі Қызылорда-
Тақтакөпір жолы арқылы жүріп өткенін, Жанақала қалашығынан батысқа қарай 120 км
жерде, Жаңадарияның көне арнасының жағасында орналасқандығын айтады. Сонымен
қоса, Саг-дере – түркі-иран
сөздерінің тіркесі, мағынасы «оң аңғар, оң жақ алап»,
Жаңадария арнасы Шірік-рабатқа жетпей екіге бөлінеді, оның оң жағындағысының
аңғарында қала жұрты орналасқан деп көрсетеді. С.П.Толстов осындай дәлелдерді келтіре
отырып, Шірік-рабат қаласы ертеортағасырлық Саг-дере қаласы деп тұжырымдайды.
ХАЭЭ-нан кейін ескерткіште археологиялық зерттеулер 2004 жылы Елбасының
қолдауымен жүзеге асырылған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қайта
қолға алынды. ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы археология
институтының жетекші
ғылыми қызметкері, белгілі археолог Ж.Құрманқұлов жетекшілік жасайтын Шірікрабат
археологиялық экспедициясы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мамандарымен бірлесе қазба
жұмыстарын жүргізіп келеді.
Шірікрабат археологиялық экспедициясы 15 жылдан бері Шірік-рабат қала жұрты
мен оның айналасындағы ескерткіштерге барлау және қазба жұмыстарын жүргізіп келеді.
Шірік-рабат қаласы көненің көрінісін анықтайтын Сыр бойындағы
бірден-бір ескерткіш
болғандықтан, онда археологиялық және ғылыми зерттеулер жүргізу маңызды ақпараттар
алуда зор роль атқарады. Бұл зерттеулер 2013 жылы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың
төрағалығымен құрылған «Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және
пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңесі» шешімімен жалғасын тапты. Шірік-
рабаттан бөлек облыс аумағындағы Бәбіш-мола кешені, ортағасырлық Сығанақ,
оғыздардың
астанасы Жанкент, Сортөбе, және Қыш-қала қалашықтарында зерттеу
жұмыстарына қолдау жасалуда.
Осындай қолдау алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Сонымен қатар осы
қалаларда археологиялық зерттеу жұмыстарына қатысып,
бақылау жасау облыстық
тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі құзырына
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: