510
(жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Ескерткіштер
тобына қала-бекіністер, жерлеу
құрылыстары, бірнеше қоныстар және суландыру жүйелерінің қалдықтары жатады.
Бәбіш-мола ескерткіштер кешеніңдегі бекініс-қала қалашығы пахсалы қолдан үйілген
төбеде орналасқан, күйдірілмеген кірпіштен қаланған қамалмен (қалыңдығы 5,3 м-ге
жуық) қоршалған. Қаланың төртбұрышты қорғанының (100x100 м)
өн бойында
мұнаралары, ішінде төртбұрышты (44x44 м) сарай ғимараты болған. Батыс жағындағы
күрделі құрамды пасхалы алаңдары (биіктігі 3,5 м, аумағы 30x30 м) төртбұрышты жерлеу
ғимараты (21x21 м, биіктігі 7 м) 4 бөліктен тұрады. Өзара қиылысқан екі дәлізбен
бөлінген. Қабырғалары қүйдірілмеген үлкен (40x40x10 м) кірпіштерден қаланған.
Дәліз
бен қабірхананың төбесі трапеция пішінді кірпіштерді қисайта қалау тәсілімен
қүмбезделіп жабылған. Мүрделер қабірхананың еденіне жөне оссуарийларға (арнаулы
қыш табыттарға) жерленген. Бәбіш-мола кешенінің құрамындағы басқа да кішігірім
ежелгі қоныстар тобы суландыру каналының бойына орналасқан.[2]
Достарыңызбен бөлісу: