492
хронометражы 15-тен 30 секунд аралығында, 10, 20, 60 секудтық роликтер қалған эфир
уақытын толтыру үшін қолданылады.
Промоушен сатылымы. Телевизиялық хабар тарату немесе кабельдік желілердің,
станциялар немесе жүйелердің коммерциялық уақытын сататын сату бөлімінің
қызметкерлеріне көмектесетін кез-келген әрекет сату промоушені (sales promotion) деп
аталады. Әдетте, станциялар мен желілер өз тұтынушылары арасында ықтимал деген
жарнама берушілерге арналған ақпаратты кітапшаларды таратады.
Жергілікті станция
дайындаған кітапшада үздік рейтинг көрсеткіштеріне талдау жасалады немесе
аудиторияны үздік қамту көрсеткіші көрсетіледі. Олар сондай-ақ табысты болған жарнама
комнияларының жағымды пікірлерін және теле жұлдыздар мен жаңалық жүргізушілерінің
фото суреттерін жариялауына болады. Ал радиода сату промоушенінің маңызды бөлігі
қандай да бір тауарды немесе қызмет түрін жарнамалайтын радиотыңдармандар
арасындағы байқаулар өтімді болады. Мұндай акциялар станция не жүйе мен жарнама
берушілер арасында ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатады.
Жарнама ақпараттандыруды білдірсе, промоушен сендіру дегенді білдіреді.
Бірақ
телевизиялық маркетингте бұл екі түсінікті ажыратып қарауға болмас. Керісінше, медиа-
компанияның қызметкерлері бұл екі мақсатты қатар алып жүреді. Ақпараттандырады
және сендіреді.
Аудитория екіге бөлінеді.
1)Көрмейтін, тыңдамайтын, оқымайтындар
2)Көретін, тыңдайтын, оқитындар.
Бірінші топтағы аудиторияның назарын арнаға аудару үшін арнайы «ашкөзділік»
стратегиясы (назар аударту стратегиясы) керек. Басты екпін арнаға,
бағдарламаның
шығатын күні мен уақытына түсу тиіс. Ол үшін сыртқы промоушенді пайдаланған жөн.
Екінші топтағы адамдар арнаның көрермендері, оларды көңілден шығатындай
өнімдермен үнемі ұстап отыру қажет. Ол үшін арна «ұстап қалу» стратегиясын
қолданады. Бұл жерде эфирлік промоушен көмекке келеді. «Жіксіз телевидение» әдісімен
эфирде түрлі байқаулар мен ұтыс ойындар ұйымдастыру қажет.
Маркетинг және промоушен стратегиясын қалыптастырудың 5 негізгі көрінісі: 1) арна
бағдарламаларының танымалдылығын арттыру; 2) тұрақты көрермендерді көбейту
нәтижесінде теле көрсетілім немесе радио тыңдалымның рейтингтік көрсеткішін
жоғарлату; 3) теле белгінің барлық аймағын қамтуға жұмыс істеу; 4) арнайы
қызметтерді
өз аудиторияңыздың қалауы мен қызығушылығына орай ұйымдастырыңыз; 5) өз
нарығыңызда басқа ақпарат құралдарына қатысты ұстанымыңызды бәсекелестік тұрғыдан
көрсетіңіз.
Медиа промоушеннің және маркетингтің басты міндеті – теле және радиостанцияның
қандай аудиторияны тартуға тырысу керектігін анықтау. Коммерциялық хабар
493
таратушылар көбінесе олардың жарнама берушілерінің талаптарына тәуелді және ең
жақсы сатылатын аудиториямен жұмыс істеуді қалайды.
Ал хабар тарату компаниялары аудиторияның үш тобымен жұмыс істеуі тиіс және осыған
орай промоушеннің түрлерін қолданады: а) арнаның тұрақты аудиториясы; ә)арнаны анда-
санда
көретін кездейсоқ аудитория; б)арнаны көруге қызығушылығы жоқ ықтимал
аудитория.
Аудиторияны анықтаудың екі тәсілі бар: сапалы және сандық. Бір хабарламаның
барлығына қол жеткізе алмағандықтан, коммерциялық телеарналар жарнама берушіге
(мақсатты аудиторияға) қызықты болатын кең аудиторияға жетуге тырысады.
Коммерциялық телекомпаниялар, әдетте, көрермендер
саны мен жасы және жынысы
сияқты демографиялық көрсеткіштер бойынша өлшенетін жаппай аудиторияға сілтеме
жасайды.
Пайда табуды көздейтін барлық компаниялар үшін маркетингтің басты мақсаттары -
қызмет көрсету, тұрақтылық, пайдалылық. Қызмет көрсетпесе ешбір компания
аудиторияны өзіне қарата алмайды. Аудиторияны және жарнама берушіні осы қызметтер
қызықтырады.
Мықты
маркетинг
және
сервис
менеджменті
тұрақтылықты
қалыптастырады, бұл нарықтағы тұрақты бәсекелестік жағдайды, белгілі бір аудиторияны
тарту және компанияның үнемі өсуін қамтамасыз етеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.Хант Л. Телевизиялық брендинг пен эфирлік промоушеннің негіздері. М., Престиж,
2004.
2.Капфер Ж.-Н. Бренд: қалыптастыру, дамыту, бренд құндылықтарын қолдау.
Ағыл.аударма- М.Вершина.2006.
3.Тарасова О.В. Медиабрендті насихаттаудағы жарнамалық байланыстар.
Магистрлік
диссертация. С-Петербург. 2017.
www.dissercat.com
4.Энциклопедиялық сөздік
https://dic.academic.ru/dic.nsf/es/86292/
5. https://habr.com/ru/post/10505/
Достарыңызбен бөлісу: