Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет233/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

Список литературы 
1.
Варнавский В. Г., Клименко А. В., Королев В. А. Государственно- частное 
партнерство. Теория и практика / В.Г. Варнавский, А.В. Клименко, В.А. Королев. – М.: 
Издательский дом ГУ ВШЭ, 2010. –С.5-17.
2.
Государственно-частное партнерство в научно-инновационной сфере / Под ред. А.К. 
Казанцева, Д.А. Рубвальтера. – М.: Инфра-М, 2010. –С.10-15. 
3.
Государственно-частное партнерство в условиях инновационного развития экономики 
/ Под ред. А.Г. Зельднера, И.И. Смотрицкой. М.: ИЭ РАН, 2012. –С.7-20.
4.
Хрусталёв Е.Ю., Ларин С.Н. Новые тенденции в организации партнерских отношений 
государства и бизнеса в инновационной сфере //Финансовая аналитика: проблемы и 
решения. - 2011. - № 34. - С.2-10. 
5.
Шатерникова. Государственно-частное партнерство в Казахстане // Казахстанская 
еженедельная газета «Панорама» - № 32, 17.08. 2012.-2с.


515 
GR-МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 
Шамшиева А., Берикболова У.Д. 
 Қорқыт Ата атындағы ҚМУ
Қазіргі күні Government Relations, қандай да бір дәрежеде мемлекеттік реттеу ықпалына 
түсетін кез-келген бизнестің құрамдас бөлігі бола отырып, сұранысқа ие қызмет түріне 
айналып отыр. Заманауи қоғамның міндетті бір бөлігі болатын коммерциялық емес 
ұйымдардың дамуы мемлекет пен аталған ұйымдардың өзара әрекеттестігінің жетілуімен 
тікелей байланысты. 
GR-қызметке қатысты негізгі түсініктердің жеткілікті деңгейде өңделмеуі сынды мәселе 
бар. Сонымен қатар GR түісініктік алаңын айқындау да өзекті күйінде қалып отыр.
Арнайы әдебиеттерде кездесетін бірқатар анықтамаларды келтіретін болсақ: «GR түрлі 
қоғамдық топтар (бизнес-құрылымдар, кәсіби одақтар, ерікті ұйымдар және т.с.с.) мен 
мемлекеттік билік арасындағы қатынастарды құруға байланысты қызмет және де ол өзіне 
үкіметтің қызметі жайлы ақпаратты жинау мен өңдеу, ұсынылатын топтардың ұстанымы 
жайлы ақпаратты дайындау мен тарату, саяси және әкімгершілік шешімдердің қабылдану 
үдерісіне ықпал ету (лоббизм) сынды әрекеттерді қосады» [1, 362–363 б]. 
«GR – бұл индивидтердің немесе әлеуметтік институттардың жергілікті, өңірлік, ұлттық 
немесе халықаралық деңгейдегі мемлекеттік шешімдерге ықпал етуі үшін 
коммуникативтік технологияларды пайдалануы» [2, 4 б]. 
«GR – мемлекеттік билік органдарымен тиімді коммуникацияны орнату, оны саналы 
түрде ұйымдастыру» [3]. 
«Мемлекетпен байланыс – бұл мемлекеттік емес (азаматтық қоғам, бизнес 
ассоциацияларының) мемлекетпен өз мүдделерін үйлестіру мен тиімді шешімдер 
қабылдау мақсатында билікке әсер етуінің өзара әрекеттестігін арнайы ұйымдастыру» [1]. 
Лоббистік қызметтің кәсіби сөздігінде (құрастырушы П. А. Толстых) мынадай анықтама 
келітірлген: «Government Relations (GR, сөзбе сөз: мелекеттік билік органдарымен өзара 
әрекеттестік) – ірі коммерциялық құрылымдардың арнайы уәкілетті қызметкерлерінің 
(GR-мамандардың) компания саяси ортадағы қызметін үйлестіру жұмыстары» [2]. 
Осылайша, GR 
қызметті әлеуметтік субъектінің мемлекеттік және жергілікті 
органдармен өз қызметіне қолайлы орта құру мақсатында тікелей және жанама әрекеттер 
жүйесін қолдауға бағытталған басқарушылық коммуникативтік қызметі (әлеуметтік 
коммуникативтік технологиялар жиынтығы) және PR түрі деген қорытынды жасауға 
болады. GR субъектілері ретінде билік органдарымен мақсатты бағытталған қатынастар 
орнататын әлеуметтік субъектілер жатады (сурет 1). GR 
бастаушылары 
базистік 
субъектілер болып табылады. Қазіргі күні кеңінен таралған тәсілдемеге сай қоғамда үш 
сектор бөліп көрсетіледі:
-
мемлекеттік басқару;
-
бизнес; 
-
қоғамдық ұйымдар.


516 
GR объектісі – бұл GR-маман өзара қатынасты құратын мемлекеттік билік органдары, 
атап айтқанда, заң шығарушы билік, атқарушы билік және басқа мемлекеттік билік 
органдары (сурет )1.
Сурет 1 - GR субъектілері 
GR-қызметтің негізгі түсініктеріне талдау жасағаннан кейін, GR теориясы мен 
тәжірибесі үшін оны лоббистік қызметтен ажыратып көрсету өте маңызды атап өткен жөн.
Сурет 2 - GR объектілері
 
Лоббизм бұл түрлі топтардың мүдделерін жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік билік 
пен басқару органдарының заңнамалық және әкімшілік қызметіне ұйымдастырылған 
түрде ықпал ету шараларының теориясы мен тәжірибесі болып табылады. Осылайша, 
лоббизм мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімін лоббист компанияның 
пайдасына шешуіне бағытталған. Түрлі жеңілдіктердің берілуі, биліктің бәсекелес жіберіп 
отырған заң бұзушылықтарына баса назар аударуы, тиімді тапсырысты алуы, заң немесе 
басқа да нормативтік актілердің қабылдануы – мұның барлығы да лоббистік қызметтің 
нәтижесі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет