Xxii республикалық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференция материалдары


ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІНІҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет236/267
Дата18.10.2023
өлшемі8,13 Mb.
#117865
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   267
Байланысты:
Сборник материалов конференции (продолжение)

ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР СУБМӘДЕНИЕТІНІҢ ТӘРБИЕЛІК ТАҒЫЛЫМЫ 
 
М. Шәукенбек, А. Орынбай, Р. Т. Игенбаева 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
 
Халқымыздың ұлттық санасында таптаурын ретінде қалыптасқан оның ұлттық 
тәрбиесі. Әрбір баланың тәрбиесіне оның ата-анасы, отбасы мүшелері, ағайын-туыс, 
көрші-қолаңның барлығы атсалысып, ортақ қамқорлық танытқан. «Атаңның баласы 
болма, адамның баласы бол» деген өнегелі өсиетті қалдыра отырып, қазақ халқы әр 
баланың бойында ізгіліктілік, имандылық, кішіпейілдік, қарапайымдылық, парасаттылық, 
сабырлылық сынды игі қасиеттерді қалыптастырған. Бұл қасиеттеріміздің барлығы 
ұлттық идеямыздың түпқазығы - ұлттық құндылықтарымыздың сарқылмас қазынасы.
«Ұлттық идеямыздың маңыздылығын Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: 
бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізі етіп алып, былай деп жазды: 
«Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға 
түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы 
мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы». . .. Мәңгілік Ел идеясы Ұлы 
Жібек жолында, ізгілік, кеңпейілділік пен мейірбандық, береке-бірлік сынды 
жалпыадамдық қасиеттерге ие көшпенді өркениеттің даму жолында жүзеге асты» [1].
Бүгінгі таңда рухани жаңғыру бағдарламасы ұлтымыздың руханиятына, 
құндылықтарына негізделіп, мемлекетіміздің саяси бағдарының басым бағыттарын 
анықтайтын, сонымен қатар бүгінгі қоғамдағы жастардың ролі мен жауапкершілігін 
нақтылайтын бағдар екендігі айқын. Бұл әсіресе уақыт ағымына сай ғасырлап жинақтаған 
ұлттық болмысымыздан алшақтаған, табиғатымызға жат шетелдерден жеткен мәдениет, 
әдет, әдеп санамызды жаулап алған жағдайда аса маңызды. Соның әсерінен жас буын 
өкілдері лезде бойларына сіңіріп, бүгінде шетелдік ағымдарды пір тұтатын, өзінің тілін, 
ділін, салт-дәстүрін бағаламайтын, оны тіпті менсінбейтін жастар көбейді. Бұл 
жаһанданудың әсері.


520 
Жастар арасындағы субмәдениет, оның Қазақстан жастарына ықпалы жайлы А. 
Имангалиева, А. Омиржанова былайша жазады: «АҚШ зерттеушілерінің пайымдауынша, 
«субмәдениет» ұғымы адамдардың әсіресе жастардың белгілі бір салаға еліктеушілігінің 
(фанатизм), табынушылығының немесе күйзеліске түскенде ермек қылған хоббиінің 
салдарынан пайда болған. Мұндай бейресми топтан тұратын субмәдениеттердің өкілдері 
өздерін «ерекше адамдармыз» деп қоғамнан оқшаулағанды қалайды. Олардың өмірдегі 
ұстанымдары, киім үлгілері, түсініктері, араласатын ортасы қарапайым қала 
тұрғындарынан әлдеқайда өзгеше болады», - дей отырып, авторлар субмәдениеттің өткен 
ғасырдың 50-ші жылдарынан бастау алып, жастардың киіну үлгісіне әсер еткен стиль 
ұғымының туындауымен байланыстырады [2, 71 б.]. Аталмыш мақалаға сүйенсек, 
жастардың арасында субмәдениет Батыстан келген джаз, рок-н-ролл сынды музыкалық 
жанрларға деген қызығушылықтан бастау алып, 60-80 жылдары «классикалық үлгідегі 
музыкаға еліктеу, фанат болу, «интернационалдық» түсінігіне деген қызығушылықтың 
артуынан басталды. Бұл кезең Батыстың рухани құндылықтарға әсер ету кезеңі болды. 
Есірткі, алкогольді ішімдік, марихуаннаға деген қызығушылық белең алды. Ал 1970-1986 
жылдары кеңестік қоғам нағыз еліктеу кезеңіне бет бұрды» [3]. Педагогика ғылымындағы 
осы қарама-қайшылық біздіӊ тақырыбымызды 
«
Қазақстан жастар субмәдениетінің 
тәрбиелік тағылымы» деп таӊдауға негіз болды.
Википедияда 
берілген 
анықтамаға 
сүйенсек: 
«Жаһандану 
немесе 
Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», жалпы») - жаңа 
жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының 
үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық 
экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 
ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, 
Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға «интеллектуалдық индустриялар 
экономикасы», «ақпараттық қоғам», «техникалық революция», «ақпараттық жарылыс», 
«ғаламдық ауыл» деген ұғымдарды енгізді» [4]. 
 
Жаһандану үдерісі жастар арасындағы рухани-адамгершілік дағдарыстың 
туындауына, оның ұлғаюына түрткі болды. Рухани дағдарысқа байланысты бүгінгі қоғам 
аса күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқандығын атап өткен жөн. Оны біз жастардың өз 
халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрін білмеуінен, тіпті, өкінішке орай бұл мәселе 
оларды толғандырмайтындығынан, қызықтырмайтындығынан аңғарамыз. Қазіргі кезде 
жастар арасында теріс діни көзқарастардың өрбуі, кәмелетке толмағандардың арасында 
қылмыстың өсуі, тастанды балалардың артуы, маскүнемдік, нашақорлық, өз әрекетін 
дұрыс ұйымдастыра алмай өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының өршуі, жезөкшелік, 
қатігездік, мейрімсіздік, агрессия, т. б. белең алуы артты. Сондықтан жастардың бойында 
ұлттық сана-сезім мен діл, азаматтылық пен патриотизм сезімдерінің қалыптаспағандығы 
қоғам алдында өзекті мәселе ретінде қозғалып отыр.
Жаһандану үдерісі шет елдерден алапат толқын секілді аласұрып жеткен 
ақпараттар 
легінін 
ала 
келді. 
Сол 
жаһанданудың 
қазақстандық 
қоғамға 
модификацияланбай шикі түрде әсер еткеніне, біз жастар куә болып жатырмыз. Енді 
соларға талдау жасап көрелік.
Бүгінгі таңда кеңінен белең алып жатқан қоғамдағы қатыгездік көріністері 
өңделмеген ақпараттың әсері. Санасы толық қалыптасып үлгірмеген жастарға теріс әсерін 
тигізетін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әрқилы қатыгездікті үлкен кәсіби тұрғыда 
сипаттайтын фильмдер, роликтер, тіпті күнделікті жаңалықтар легі көбейді. Бүгінде 
«көркем фильм» немесе «көркем шығарма» сөздері қолданыстан шығып қалуда. Сонымен 
қатар рейтинг қуған телехабарлар, әлеуметтік желілердегі анайы, қажеттілігі аз 
мәліметтер, толассыз ақпараттар. Күнделікті жаңалықтың аңдатпасынан бастап, 
криминалдық жаңалықтарды баяндайтын журналистер жерден жеті қоян тапқандай, 
оқиғаны бүге-шүгесіне дейін қалдырмай, тәптіштеп жеткізеді. Күнделікті сенсация қуып, 
рейтинг үшін аласұрап ақпарат берушілердің саны толастар емес. Осының бәрі мектеп 


521 
оқушылары, жасөпірімдер мен жастар үшін заманауи «қызықты», «супер» «керемет» 
ақпарат боп қабылданады, соның салдарынан жастар арасындағы қылмыс жасау, біреуге 
зорлық көрсету, ұрып-соғу сынды оқиалардан көзіміз ашылмай қалғандығы ақиқат. 
Жақсылықтың жаршысы болып табылатын, мейрімділікті, ізгілікті насихаттайтын 
ақпараттар, бағдарламалар жоқтың қасы. Сондықтан Еліміздің мәдени индустриясына 
«цензура» мәселесін қайта қозғау маңызы әрі қажеттілігі туындап отыр. Мысалы: Күн 
Шығыс елі сырттан келетін ойын - сауық контентін толық бақылауда ұстайды , соның 
көрінісі соңғы шыққан Голливуд фильмі "Дэдпул" фильмінің рейтингі 21+болғаныменен 
Қытай аудиториясы үшін оны 16+дейін модификациялаған, себебі бұл мемлекеттің заңы 
өз ұрпақтарының ойын азғындатпау үшін ұйымдастырылған заң негізінде іске асырылып 
отыр.
Тағы айта кететін жайт, ол атақты Disney студиясының фильмдерінде басты 
қағидасында экранда ешқашан бас кесуге рұқсат берілмейді, оған мысал Disney 
студиясының соңғы хиті қассалық жинағы 2 миллиард болған "Война Бесконечности" 
кинофильмі (фильмнің негізгі сценарийінде жағымсыз кейіпкердің басы шабылуы керек 
болатын, бірақ Disney киностудиясының өзіндік ұстанымы бойынша ондай көріністерді 
көрсетуге тыйым салынған) және тағы көптеген фильмдерінде бұл ұстаным көрініс 
табады. Бұл біздіңше, тәжірибеге енгізуге тұратын мысал. Біздің елімізде тым болмаса, 
қазақстандық бұқаралық ақпараттық құралдарына цензура қою қажет деп есептейміз.
Екінші мәселе жастардың әлеуметтік желіге қанша уақыт жұмсайтындығы. 16-20 
жас арасындағы жастарға өткізілген статистикаға сүйенсек, 24 сағаттың 81% жастар 
әлеуметтік желілерде өткізеді. Бұл көрсеткіш біз көретін ақпаратқа қойылатын шарттарға 
аса мән беруміз керектігін дәледей түседі.
Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың 
араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің болмағандығына байланысты мәдени 
мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Бүгінгі күні 
еліміздегі жастардың субмәдениетіне байланысты«q-рор» стилінде ән айтатындар мен 
еліктеушілерді айтсақ болады. Ең алғаш елімізде 2015 жылы 91 тобы осы стильде ән 
айтуды бастады. Әрине қазақ елі бұл топқа көптеп қарсы шықты. Тіпті Қазақстанның әр 
облыс аудандарында наразылықтар болды. Бірақ бұл топ шыққан соң елімізде «q-pop» 
стилінің ізін қуушылар азаюдың орнына, көбеюде. Сонымен қатар, жігіттерден бөлек 
қыздар тобы да пайда бола бастады. Осы соңғы 4 жылдың ішінде «q-poper»-лердің саны 
24 ке жеткен.
Ал енді, «q-pop» стилінің жағымды жақтарын қарастырсақ. Басқа топтарды 
білмеймін, бірақ 91тобының жастар мәдениетіне қосып жатқан үлесі ағылшын тіліндегі 
сөздерді қазақ тілінің сөзіне ұқсатып жастарды терең ойлауға үйретуде.
Ал өзіміз білетіндей жағымсыз жағы қазақ жігіттердің құтты қыздар секілді шашы 
мен бетін бояуы, киім киісі. Осыларды көріп тарихымыздағы батыр, бір сөзбен-ақ дауды 
шешетін дана, намысқой жігіттердің азайғаны ма деп қынжылатынымыз рас. Сонымен, 
бұл субмәдениеттің кең қанат жаюуына не себеп? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік. 
Негізінен жеке тұлғаның қалыптасуына үш фактор әсер етеді:отбасы, тұқымқуалаушылық, 
қоршаған орта. Осы үш фактор негізінде жастар субмәдениетінің қалыптасу себептері 
төмендегіше сипаттауға болады:
1. Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу.
2. Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану.
3. Барлық адамдар сияқты болуды қаламау.
4. Өзіне көңіл аудартқысы келуі.
5. Қылмыстардың әсер етуі.
6. Сән қуу.
7. Батыстық бейнеге еліктеу.
8. Өмірлік мақсаты болмау.
9. Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т. б. [3, 47 б].


522 
Бұдан бөлек елімізде көптеген субмәдениет түрлері кездеседі. Оларды біз 
төмендегіше жіктедік.
1. Көшенің сәні — көше биі. Көше биінің кірпіші АҚШ-та 70 жылдардан бастап 
қаланды. Міне, бүгін бүкіл әлемді жаулап, өнердің осы түріне табынушылардың қатары 
күн санап көбеюде. Хип-хоп, локкинг, брейк-данс, тектоник, техно, нью стаил деп ұзын-
шұбар бөлімдер кете береді.
Степ-ритм би тобы Атырау облысында ұйымдастырылған бірінші жастар, көше 
биінің мектебі болып есептеледі. Құрамында жүзден астам қыз-жігіттерден құралған бұл 
топ өз өнерлерінің арқасында Ресейде, ТМД елдерінде өткен сайыстарда жүлдегер атанып 
жүр. Студияда негізінен биді енді үйреніп жатқан жасөспірімдер көп екен. Алдыңғы 
лектің бұл биді үйренгендеріне 8-9 жыл болған. Бірнеше жасөспірімдер мен жастардың 
басын біріктіріп, күніге сан қимыл үйреніп, дайындық жасайтын «Степ ритм» би 
мектебінің жетекшісі Ерболат Рыспаев жас та болса, өзінше заманауи бастама көтеріп 
жүр.
Көше мәдениетінің бұл түрі бишілердің көзқарасы бойынша жастардың бос уақытын 
тиімді пайдалануын әрі ортақ тақырыпта тіл табысуын көздейді екен. Жат қылықтарға бой 
ұрғанша осындай дене қозғалысына өте пайдалы өнермен айналысқан дұрыс болар.
2. Қазақша рэп… Бастауын қара құрлықтан алатын өнердің бұл жанрын білмейтін 
жан жоқ шығар. «Не деген тасыр-тұсыр, айқай дүние?» деп үлкендер ашына қарайтын, 
«шіркін, ән деген осы емес пе?» деп жастар тамсана мақтайтын өнердің бұл түрі біздің 
өлкеде де күн өткен сайын даму үстінде. Рэп атамыздан қалған терме секілді мұра болмаса 
да, жастар ағымының заманауи өнер үлгісіне айналғандай. Жалпы, рэп – өткен ғасырдың 
орта шенінде қара нәсілділердің шығарған өнері. Яғни, әуен ырғағына ілесе отырып, 
тақпақ сынды оқылатын жанр. Алғашында көше стилінде айтылатын рэп, бүгінде шоу-
бизнестің басты бөлшегіне айналып отырғандығын мойындаймыз. Тіпті, қазіргі кезде қай 
әнші болмасын, өз әніне осы жанрды қосып, араластырып айтатын болған. Оның ішінде 
мағынасы бары да, құр тақпақ та жеткілікті.
3. «Art-street». Көше өнері ( ағыл. Street art - көше өнері) - өзіндік ерекшелігі айқын 
қала сипатындағы заманауи өнердегі үрдіс. Көше өнерінің негізгі бөлігі -
граффити (әйтпесе бүрку өнері ), бірақ көше өнері граффити деп ойлауға болмайды. Көше 
өнері сонымен қатар плакаттар (коммерциялық емес), трафареттер , әртүрлі мүсіндік 
қондырғылар және т.с.с. Көше өнерінде әр бөлшек, бөлшек, көлеңке, түс, сызық маңызды. 
Суретші өзінің стильдендірілген логотипін - «ерекше белгі» жасайды және оны қалалық 
пейзаждың бөлімдерінде бейнелейді. Көше өнеріндегі ең бастысы - бұл аумақты бөлу 
емес, көрерменді диалогқа баулу және басқа әңгіме бағдарламасын көрсету.
4.
Паркур толқыны. Өзіміз кинолардан немесе деректі фильмдерден көріп 
жүргеніміздей ағаштардан, биік қабатты үйлер мен ғимараттардан, қабырғалардан неше 
түрлі қимылмен айналып секіріп жүретін жастар. Бұл көркемөнер спорттың бір түрі – 
паркур деп аталады. Жазықтықта берілген бөгеулерден еркін өту екен мақсаты. Спорттың 
бұл түрі экстрималдылықты және шапшаңдықты қажет етеді. Бұл өнердің негізін 
қалаушылар француздық актерлер Себастьян Фукан мен Давид Белль. Паркур өнері бүкіл 
жер шарына кеңінен тарап, жастар арасындағы әуесқой спортқа айналды. Оның 
ерекшелігі айтып кеткендей алуан түрлі тосқауылдарды бағындыру. Биік-биік жерлерден 
ерекше қимылдарды жасай отырып секіру, айналу. Бұл нәрсе кез-келгеннің қолынан келе 
бермейді. Паркуристтер өз стильдерін әртүрлі қимыл-қозғалыс арқылы дамытып отырады. 
Бұдан шығатын қорытынды, әр нәрсенің екі жақты қыры болатыны секілді, субмәдениетті 
тек жаман жағынан көрмеу керектігін ескерген жөн. Бұған дәлел жоғарыда атап өткен 
субмәдениет өкілдері.
«Субмәдениетке» психологиялық тұрғыдан қарап өтсек, бұл мәдениет өкілдері 
өздерін «Ерекше» санайды. Дэвид Маккрэйнидің зерттеулері бойынша кез келген адам 
басқалардың пікірін қабылдағысы келмейді және өзгенің ойы ол үшін қате болып 
саналады. Бұл Стэнфорд университетінің ғалымдары Эмили Пронин және Ли Росстың 


523 
жүргізген тәжірибесінен айқындалған. Тәжірибеде «Досыңызды қаншалықты терең 
білесіз?» деп сұрақ қою арқылы, әртүрлі бату деңгейіндегі айсбергтің суретін ұсынады. 
Айсберг орташа, батып тұрған, мүлде батпай тұрған үлгіде беріледі. Осыны таңдау 
арқылы зерттелуші досын қаншалықты дәрежеде білетіндігін айтады. Бұдан соң тестті 
керісінше яғни адамның өзіне бағыттайды. Анығырақ «Сіз достарыңызға өзіңізді 
қаншалықты шынайы көрсетесіз?»Соңында тәжірибе нәтижесі бойынша көптеген 
қатысушылар достарын 78% жақсы білеміз деп көрсеткен. Бұдан шығар қорытынды әр 
адам өзін іштей ерекше адам ретінде санайды [4, 41 б.].
Жоғарыдағы мәліметтерге сүйеніп, зерттегеніміз бойынша субмәдениет өкілдерінің 
көп бөлігі жасөспірім буыннан құралғандығы. Неліктен? деген сұраққа жауап іздеп 
көрсек. Жасөспірімдердің ағзасында 12-15 жас аралығында пубертаттық өсу кезеңі 
басталады , яғни жүйке жүйесінен бұрын физиологиялық даму орын алады. Бұл дегеніміз 
жүйке жүйесінің дамуы мен физиологиялық дамуынан сәл кешеуілдейді және осының 
әсерінен эмоционалды тұрақсыздық, шектен тыс қызуқандылық, тез шаршау болады. Өз-
өзіне көңілі толмаушылық пайда бола бастайды. Соның әсерінен балада әр нәрсеге 
еліктеушілік туындайды. Пубертаттық кезеңнің артықшылықтары: барынша шынайылық; 
адал болуға талпыну; тәуекелшіл; бір іске барынша зейін қоя алушылық; 
шығармашылыққа ұмтылушылық; комфорттық зонада қалғысы келмеу; барынша 
әділдікке ұмтылу.
Жастар субмәдениеті - жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүргеннен 
соң, әрі қарай өз мәнін жоятын дамудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының 
өтпелі сатысы. Жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән 
мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады.
Жастар субмәдениеті - киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және 
айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен 
құндылықтарына деген өзіндік қарсылық. Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) 
- жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын 
адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық 
нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. [5] 
Қазақстандағы әлеуметтік – құқықтық критерий бойынша бейформалдық 
бірлестіктер 3-ке жіктеледі: 
1. Просоциальді(жағымды бағыттағы)- жастарға жағымды, белсенді әсер ететін.
2. Асоциалды (бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.
3. Антисоциалды (жағымсыз бағыттағы)- жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.
Болашақ иесі жастар болғандықтан, біріншіден, осы аталған субмәденеттердің 
қоғамға пайдасы мен зиянын анықтамағанша, қоғамдағы рөлін бекітпегенше қарастырған 
мәселенің өзектілігі жойылмайды. Екіншіден, субмәдениеттер қоғамның көптеген 
аспектілеріне, оның ішінде қоғам тұрақтылығына тікелей әсер етеді, мысалы, радикалды 
бағыттағы бейформал бірлестіктер саясаттағы көзқарастарға қарсы пікірде болған 
жағдайда, 
қоғамда 
әртүрлі 
тәртіпсіздіктер, 
митингтер 
ұйымдастырып, 
инфрақұрылымдарды қалыптан шығаруы мүмкін, сондықтан қоғамдық орталарда саяси, 
әлеуметтік және басқа жағдайлар шарықтаған жағдайда субмәденет топтарының іс-
әрекетін болжау және ақпараттандырылуы үшін субмәдениеттер түрлері мен типтерін 
қарастыру маңызды болып табылады. Үшіншіден, дәл қазiр жастар саясаты енді жөнге 
қойылып келеді. Жастар ұйымдарының саны бар да, сапасы жоқ. Сондықтан осындай 
субмәдениеттерді қадағалайтын органдардың, заңдардың ашылуы біздің елге қажет 
боғандықтан, жастардың болашақ өміріне кедергі келтіретін, қоғамға зияны тиетін 
субмәдениеттерді қадағалау мәселесі маңызды болып табылады.
Біз сөзімізді қорытындылай келе атақты психолог Луиза Хейдің «Сіздің 
болмысыңыз оқыған кітаптарыңыздан, көрген фильмдеріңізден, қарым-қатынастағы 
адамдарыңыздан, айтатын әңгімелеріңізден құралады. Ақыл-парасатыңызды немен 
толтыратыныңызды мұқият таңдаңыз» деген қанатты сөзімен аяқтағымыз келеді [6]. Иә, 


524 
қазіргі кезең – қарқынды даму кезеңі, жаһандану уақыты. Осы жаһандану уақытында куә 
болып отырған: түрлі әлемдік дамулар, үрдістер, ағымдар, ұғымдар мен түсініктер қазіргі 
жастардың ұлттық таным-түсінігін, болмысын жойып жіберуіне жол бермесе екен деген 
ой бар. Қазіргі жаңа толқынның ақ-қарасын ажырата алуына ықпал ете отырып, әлемнің 
субмәдениетті ұстанатын жастарына тым артық еліктеп біздің келешегіміз қоғам жастары: 
байкер, эмо, хиппилер және т. б. топ өкілдеріне тым еліктеп жеңіл әуенге елтіп 
құндылықты бағдары әлсіремесе деген мақсатта – «субмәдениет» ұғымын, оның 
жағымсыз тұстарын барынша насихаттап, ал жақсы керек тұстарын дамыта алуымыз 
бүгінгі күннің басты принципі деп есептейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет